Бағдарламасы Түсіндірме жазба



бет20/190
Дата09.06.2023
өлшемі1,64 Mb.
#100076
түріБағдарламасы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   190
Байланысты:
үлгілік ОҚУ бағдарламасы 2022 қосымша

Балаларды мәнерлеп ән айтуға үйрету, әнді созып, қимылдармен үйлестіріп айтуды қалыптастыру (ре-си бірінші октава шегінде). Қысқа музыкалық фразалар арасында тыныс алуды дамыту. Әуенді таза және сөздерді анық айтуға, музыканың сипатын жеткізе білуге үйрету. Аспаптың сүйемелдеуімен және сүйемелдеуінсіз ән айтуға баулу.
Музыкалық-ырғақты қимылдар
Би қимылдарын, ойындағы музыкалық қимылдарды орындауға қызығушылық тудыру, марш сипатын ырғақты жүріспен беру, музыканың қимылдық сипатына қарай жеңіл, ырғақты жүгіру; музыканың ырғағын нақты бере отырып, қос аяқпен еркін және жеңіл секіру, қимылдарды музыкамен сәйкестендіре отырып, жүрелеп отыру, музыканың екінші бөлігінде қимылдарды өзгерту, музыканың көңілді, ойнақы сипатын қабылдау, мазмұны бойынша таныс әндерді сахналауға баулу, музыканың ырғағына сәйкес әртүрлі қарқынмен секіру.
Балалар музыкалық аспаптарында ойнау
Таныс әндерді орындауда балаларға арналған әртүрлі шулы музыкалық аспаптарды қолдану. Ағаш қасықтармен, сылдырмақтармен, асатаяқ, домбыра, сазсырнайда, барабан және металлофонмен қарапайым әуендерді ойнау.
Балалар музыкалық аспаптарын тану және атау.
Билер
Әуеннің көңілді сипатын қабылдауға үйрету, музыканың кіріспесін ажырату, кіріспеден кейін қимылдарды бастау, музыканың сипатына сәйкес қимылдарды ауыстыру, би қимылдарының, билердің атауларын есте сақтау. Жеңіл, ырғақпен қозғалу; жұппен би қимылдарын орындау; билерде ойындағы музыкалық қимылдарды қолдану, музыканың сипатына сәйкес ойын әрекеттерін орындау, шеңбер бойымен ән айтып жүру, қимылдарды өзгерту, шапшаңдық пен ептілік таныту, музыканың көңілді, ойнақы сипатын ажырата білу, атрибуттармен би қимылдарын орындау.
Қазақтың ұлттық би өнерімен таныстыру. «Қамажай» биін үйрету.
Күтілетін нәтижелер:
музыканы тыңдау мәдениетін сақтайды (музыкалық шығармаларды алаңдамай соңына дейін тыңдайды);
таныс шығармаларды таниды, олардың мазмұны туралы айтады;
тыңдалған музыкадан алған әсерлерімен бөліседі;
қазақтың ұлттық аспабы домбыраны біледі, оның даусын таниды;
әнді мәнерлеп, созып, қимылдармен үйлестіріп (ре-си бірінші октава шегінде) айтады;
қысқа музыкалық фразалар арасында тыныс алуды біледі;
әнді созып, сөздерін анық айтады, таныс әндерді сүйемелдеумен және сүйемелдеусіз орындайды;
әнді топпен бірге бастап, бірге аяқтайды;
марш сипатын ырғақты жүрумен береді, музыканың қимылдық сипатын жеңіл, ырғақты жүгірумен береді;
музыканың ырғағымен жүреді, қимылдарды музыкамен сәйкестендіреді, музыканың екінші бөлігінде қимылдарды өзгертеді;
музыканың ырғағын нақты береді, қос аяқпен еркін және жеңіл секіреді;
музыканың сипатына сәйкес ойын әрекеттерін орындайды;
қимылдарды орындауда шапшаңдық пен ептілік танытады;
музыканың сипатына сәйкес қимылдарды орындайды;
ұлттық би өнеріне қызығушылық танытады, би қимылдарын орындайды;
музыка жанрларын анықтайды;
ағаш қасықтар, сылдырмақтар, асатаяқ, сазсырнай, домбырада қарапайым әуендерді ойнайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   190




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет