Месседж –
«message ['meisidз] 1. з.е. хабар, хабарлама; хабар қағаз, хат;
тапсырма, миссия; 2. ет. хабарды жіберу; хабарды жеткізу, белгі беру».
Месседжде ең бастысы
-
бұл ойға салынған ақпаратты мағынасы сақталған
күйінде беру. Месседж сөзі көбінесе екі мағынада
қолданылады: 1. хабарлама;
2. жолдау, басты идея, ішкі жолдау.
Месседж лексемасы ауыспалы мағынада
жолдау, идея, сөздің астары сөздерімен синонимдік қарым
-
қатынасқа түседі.
Сананы жаңғырту – өзгермелі жағдайларға бейімделу арқылы өзін
шоғырландыру және өзгерту, өз мәдениеті мен ұлттық кодын ескере отырып,
жаңа дәуірдің ең жақсысын таңдау.
Қоғамдық сана – табиғи немесе жасанды тілдерде, мәдениет
объектілерінде көрсетілген қоғамдық идея, білім, мақсат, құндылықтар және
т.б. жиынтығы.
Қоғамдық сананың құрылымында қоғамдық сананың деңгейлері мен
формалары белгіленеді. Қоғамдық сананың түрлері қоғамдық байланыстар мен
қатынастардың барлық алуан түрлілігін көрсетеді. Деңгейлер қоғамның даму
сатысын білдіреді. Әдеттегі
-
практикалық деңгей –
аталған халықтың әдет
-
ғұрпында, дәстүрлерінде көрсетілген қоғамдық психология. Теориялық деңгей
–
халықтың байырғы мүдделері көрсетілген қоғамдық идеология.
Қоғамдық сананың түрі қоғамдық сананың әдеттегі
-
практикалық, сондай
-
ақ теориялық деңгейлерінде әсер етеді.
Сананың ашықтығы – « ...үлкен әлемде, сенің еліңнің айналасында,
планетадағы сенің бөлігіңде не болып жатқанын түсіну; ... жаңа технологиялық
тәртіпке орай өзгерістерге дайын болу; ... басқалардың тәжірибесін қабылдау,
басқалардан үйрену қабілеті.
Прагматизм – «өзінің ұлттық және жеке ресурстарын нақты білуді,
олардың үнемді жұмсалуын, өз болашағын жоспарлай білуді білдіреді…».
Білім алуға, салауатты өмір салты мен кәсіби табысқа баса назар аудара
отырып, нақты мақсаттарға қол жеткізіп ұтымды өмір сүре білу
-
мінез
-
құлқындағы прагматизм деп осыны айтамыз».