1. Бейімделу сөзінің мағынасын ашу. Бейімделу(лат. adapto) техникалық жүйенің сыртқы орта жағдайларының өзгеруіне байланысты ол туралы ақпарат жинау және оны пайдалану арқылы өз қалып-күйлерін (жұмыс істеу алгоритмін, параметрін, құрылымын) өзгертуі[1]; ағзалардың тарихи даму кезеңіндегі тіршілік ортасына бейімделуі.
Бейімделу — организмдердің әрбір түрге тән белгілі шектері бар ортаның жағдайына бейімделу үдерісі.Түз жануарларының ашық әрі құрғақ кеңістікті ортадағы тіршілікке эволюциялық бейімделуі тез жүгіруге, құрғақшылық жағдайына, т.б. бейімделуі; Қиыр Солтүстікке және басқа да экстремалды аймақтарға тұрақты қоныстану үшін көшіп барған адамның физиологиялық немесе онтогенетикалык бейімделуі ("әдеттенуі"). Бір ұрпақтың жеке физиологиялық бейімделуі фенотиптік бейімделу деп аталады да, бұл ұрпақтан урпаққа көше отырып генотиптік бейімделуге өтеді, ал сұрыпталу барысында — эволюциялық бейімделуге ауысады. Генотиптік және эволюциялық бейімделумен салыстырғанда физиологиялық бейімделу толық жетілмеген. Организмнің бастапқы жағдайға оралуы қайта бейімделу , деп аталады; ортаның өзгерістегі жағдайына ыңғайлануды дизадаптация дейді. Сонымен бірге жаңа әлеуметтік ортаға, мысалы, ауылдан қалаға келген мигранттардың бейімделуі — адамның әлеуметтік бейімделуі жеке қарастырылады.
2. Оқушының бейімделе алмаушылығы неден көрінеді ? Алғаш мектепке келген оқушыға кездесетін қиыншылық-мектепке тез бейімделе алмау:
- ерте тұру,сабақтан кешікпеу,сабақ үстінде тыныш отыру,сабақты ынтамен тыңдау;
-мұғалімнің өзіне тән психологиясына үйрене алмау;
- бастауыш сыныптың алғашқы кезеңінде кейбір оқушылар үшін,әсіресе үй жағдайында және балалар бақшасында оқуға дайындықпен келген балалар үшін оқу талаптарының тым жеңіл болып,оқушыны жалықтыруы;
- балалардың жасқанып, ұялып, өз құрбыларымен қарым-қатынаста бола алмауы,т.б. Мектепке бейімделу кезеңін әрбір оқушы өзінің психологиялық ерекшеліктеріне байланысты түрліше өткізеді . Кейбір зерттеулерде; «Мектепке бейімделуде , әсіресе мектепке дейін үйде тәрбиеленген балалар көптеген қиыншылықтарға кездеседі,мектепке тез бейімделе алмайды» -деп түсіндіреді. Бұл толықтай шындық емес.Мектепке бейімделуде балалар бақшасында тәрбиеленген балалардың да қиыншылықтарға кездесетіндігін тәжірибе көрсетіп отыр.
Мектепке тез бейімделе алмаған балалардың көңіл-күйі төмен болады,жиі ауырады, олардың ауруы мектеп неврозы сипатында болады,яғнимектепке баруды есіне салса ренжиді,жылайды,уайымдайды.
Австрия ғалымы Г.Эберлейн өзінің «Дені сау балалардың қорқынышы»атты еңбегінде: «Кейбір балалар алдағы болатын жағдайлардан үрейленеді, олар үнемі «мектепте мұғалімнің үйге берген тапсырмасын орындай алмай қалам ба?» деген қорқынышпен жүреді» - дейді.
Мектептегі оқуға ұзақ уақыт бейімделе алмау ата-аналардыңбалаға дұрыс ықпал етіп,оларды ынталандыра алмауына да байланысты. Ата-ана баласына үнемі ара түсіп «Бүгін ұйқың қанбаса мектепке бармай-ақ қой» немесе «Мектепте қарның ашып қалған жоқ па?» немесе «Мұғалім саған ұрысқан жоқ па? Бүгін не деді?» деп, қарым-қатынасының өзі баланың мектепке бейімделуіне кедергі болады.
Мұғалім оқушының мектепке бейімделуін оның ата-анасымен бірлесе отырып жүргізеді, оларға іс-әрекеттің мазмұны өзгерген кезде баланың мінез-құлқының да өзгеретінін,кез-келген іс-әрекеттің түрі оқушыны қызықтырып, оны жалықтырмау керек екендігі түсіндірілуі керек.
Оқушының мектептегі жағдайға тез бейім-делуі мұғалімнің жылы сөзіне,оқушымен жағымды қарым-қатынасына,іс-әрекеттің түріне байланысты.
Оқушыны мектепке қызықтырып,бейімдеудің басты құралдарының бірі-ойын болып саналады. Ойын-бала әрекетінің негізгі түрі . Ойын арқылы бала білімді-қоғамдық тәжірибені меңгереді,өзінің психологиясын жетілдіріп, мінез –құлқын, ерік-жігерін дамытады,дүниетанымы кеңейіп,мектептегі оқу процесіне қызығушылықпен қарай бастайды.Ойындар рөлдік-мазмұндық,шығармашылық,дидактикалық,қимыл-қозғалыстық болып бөлінеді. Әрбір мұғалімнің өздері өткізетін пәндері бойынша,тәрбие жұмыстары мен сергіту сағаттарына байланысты ойындарды дұрыс таңдап білуі ұстаздық біліктілікпен шеберлікті қажет етеді.
3. Оқу іс-әрекетінің дұрыс жүзеге аспауы неден байқалады?
Оқу іс-әрекеті — кең мағынада үйрету, уйрену, оқыту ұғымдарының синонимі ретінде қолданылады.
Тар мағынада (Д.Б.Элькоиин бойынша) — кіші мектеп жасындағылардың іс-әрекетінің басты типі.
Д.Б. Эльконин, В.В.Давыдов, А.К.Маркова еңбектерінде «оку іс-әрекеті» ұғымы әрекеттік мазмұн мен мағынада толықтырылып барлық жас кезеңдеріне тән екендігі айтьшады, сондай-ақ оқушылар мен студенттердін диалог (полилог) және дискуссияны пайдалана отырып теориялық білімдерді және олармен байланысты ғылым, өнер, адамгершілік, мораль және дін сынды коғамдық сана сфераларында іскерлік пен дағдыны меңгеруге бағытталған іс-әрекеттүрлерінің бірі.
Оқу іс-әрекеті — оқу әрекетінің жалпьшай тәсілдерін меңгерудегі окытушы тарапынан қойылған оку міндеттерін шешуде сыртқы бақылау мен бағалау негізінде, өзін-өзі бакылау мен бағалау процестеріне ауысатын өзін-өзі дамытудағы субъектінің әрекеті.
Оку іс-әрекеті іс-әрекеттің ерекшеленген түрі ретінде қолданылды. Ол білім алушыға субъект ретінде оны жетілдіру, дамыту, қалыптастыру бағытында қоғамдық пайдалы, танымдық, теориялық және практикалық әрекеттердін сан алуан түрлері мен формаларындағы қоғамдық тәжірибені меңгеруге бағытталған. Білім алушының әрекеті де терең білім жүйесін меңгеруге бағытталған.
И.И.Ильясов бойынша, оку іс-орекетінің оқытудың басқа формаларынан айырмашылыгы ретінде 5 негізгі сипаты:
Оку іс-әрекеті — ол арнайы оку материалы мен оку міндеттерін шешуге бағытталған;
Оқу іс-әрекетінде әрекеттің жалпы тәсілдері мен ғылыми ұғымдар меңгеріледі;
Әрекеттің жалпы тәсілдері міндеттерді орындаудың алдын алады;
Оқу іс-әрекеті субъектінің өзін өзгертуге әкеледі (Д.Б.Эльконин анықтамасы бойынша ол оның негізгі сипаттамасы);
Нәтижесінде білім алушылардың психикалық қасиеттері дамиды және мінез-құлқында өзгерістер байқалады (И.Лингарт).
Оқу іс-әрекетініц әрекеттік сипаты:
Оқу процесінің қоғамдық сипаты мазмұнына қарай адамзат жинақтаған мәдени және ғылыми құндылықтарды меңгеруге бағытталған; мағынасына қарай қоғамдық мәнді және қоғамдық бағалаушы болып табылады; формасына қарай қоғамда жинақталған құқықтық нормаларға сәйкес болғандықтан, ол арнайы қоғамдық мекемелерде, мысалы, мектептерде, гимназияларда, колледж, институттарда жүзеге асырылады. Кез келген басқа іс-әрекетгер сияқты оқу іс-әрекеті субъективтілігімен, белсенділігімеп, пәнділігімен, мақсатқа бағытталғандығымен, саналылығымен сипатталады.
Оқу іс-әрекетінің әэндік мазмұны
Оқу әрекетінің пәндік (психологиялық) мазмұны оның пәнін яғни оның әрекетінің неге бағытталгандығын анықтаудан басталады: оқу іс-әрекетінің пәні — білімді меңгеру, іс-әрекет тәсілдері мен амалдарын меңгеру, бағдарламаларын, алгоритмдерін өндеу.
Білім алушылардың дамуы;
Субъектілік өзгерісті интеллектуалдық тұлғалық тұрғыда жақындастыру.
Оқу іс-әрекеттің құралдары. Оку іс-әрекетінің құралдары — нені, қандай құралды қолдану арқылы білім аламын деген сұрақтарға жауап береді.
Оку іс-әрекетінің не арқылы жүзеге асатындығын 3 түрлі аспектіде қарастыруға болады.
Біріншіден, ол интеллектуалдық әрекеттер (СЛ. Рубинштейн терминдерінде анализ, синтез, жалпылау, классификациялау т.б.). Екіншіден, белгілік, тілдік, вербальдық кұрылдар, осы формалар негізінде білім меңгеріледі, рефлексияланады, дербес тәжірибе қалыптасады.
Үшіншіден, негізгі білімді меңгеру және оларға жаңа білімнің қосылуы негізінде оқушылардың дербес тәжірибесі, тезаурусы құрылады.
Оқу іс-әрекетінің тәсілдері: репродуктивті (қайта жаңғыртушы), проблемалық-шығармашылық, зерттеушілік-танымдық әрекеттер (В.В.Давыдое, В.В.Рубцов).
Оқу іс-әрекетінің тәсілдері — қалай оқимын, қандай тәсілмен білім аламын деген сұрактарға жауап береді.
Кең түрде тәсілге сипаттама ақыл-ой әрекетінің кезендеп қалыптасуы теориясында ашылған (Л.Я.Гальперин, Н.Ф. Талызина). Оқу іс-әрекетініц нәтижесі — ғылым салалары мен практикада кең көлемде қолданылатын құрылымдыц және белсенді білім, психикадагы ішкі жаца өзгерістер, әрекеттіц мотивациялық, құндылық, мәндік бағыттары. Оқу іс-әрекетінің нәтижесі даралық тәжірибе құрамында.
Оның құрылымдық ұйымдасуынан, жүйелілігінен, тереңдігінен, беріктігінен адамның кәсіби іс-әрскетінің, қарым-қатынасының табыстылыгы байланысты. Оқыту нәтижесі: 1. Психологиялық білім (үғым, факті, көзқарас, психология ғылымның зандары, психикалық әрекет тәсілдері туралы);
Психологиялық іскерлік (оқьпу процесі барысында игерілген білім мен әрекет тәсілдерінін адамның бойындағы жиынтығы);
Дағды (психологиялық мәдениетпен байланысты ойлау мен әрекет әдеттері);
4 Өзіндік шығармашылық әрекет тәжірибесі;
Психикалық іс-әрекет мәдениітін игеру:
Психологиялық ақиқатқа және тұтастай ақиқатқа эмоционалды-құнді, қатынас қалыптастыру;
Жеке тұлға сапаларын қалыптастыру (озініц біліміне деген жауатершілік, дағдылы заттар мен құнды инновацияларға жаңаша қарау іскерлкі, мәселені шеше білу, сенімділік, эмоционалды тұрақтылық).
Оқыту нотижссі субъективті факторлармен ғана емес обьективті факторлар бойынша да анықталады: S Оқу матсриалының мазмұны.
Оку материалынын формасы. Ол пәндік, бейнелік, сөздік және символикалық болуы мүмкін. Оқу материалының құрделілігі.
Оку материалынын мазмұны. Кейбір материалдың мазмұны гностикалық (танымдық), практикалық (іскерлік), этикалық (адамгершіліктік), эстетикалық, әлеуметтік (қоғамдық), тәрбиелік (педагогикалық) болуы мүмкін.