Бағдарламасын іске асыруда түрлі педагогикалық әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, аталған қасиеттерді дамытады, тәрбиелейді деп күтілуде



бет1/3
Дата30.03.2023
өлшемі21,44 Kb.
#77640
түріБағдарламасы
  1   2   3

Тақырып 2. Көркем еңбек сабақтарындағы оқыту әдістері, стратегиясы
Сұрақтар:
Көркем еңбек сабақтарындағы белсенді оқыту әдістерінің сипаттамасы
Тапсырмалар:
Курстық жұмыстың тақырыбы бойынша әдебиеттер тізімін мен басылымдарды жинақтау
«Көркем еңбек» пәнін оқытуда қолданатын педагогикалық әдіс-тәсілдер.
Білім беру міндеттерінің бірі оқушыларды білім алуға үйрету және өз бетінше жұмыс істей алу, дәлелді, мүдделі, өз-өзіне сенімді, жауапты және өз қызметін талдай алуға үйрету қажеттілігі болып табылады. «Көркем еңбек» пәнінің мұғалімі оқу бағдарламасын іске асыруда түрлі педагогикалық әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, аталған қасиеттерді дамытады, тәрбиелейді деп күтілуде.
Құндылықты-бағдарлы тәсілдеме. Оқу қызметін жоспарлау мен ұйымдастыру, оның нәтижелерін алу мен пайдалану белгілі бір құндылықтар тұрғысынан іске асырылады
Құндылықты бағдарлар – бұл тұлғаның өз іс-әрекетінде бағдар ретінде белгілі бір құндылықтарды (құндылықтар туралы хабардар бола алу) таңдау қабілеті. Сондай-ақ, оларды өзінің әлеуметтік маңызды құндылығы ретінде түсіне алуы мен қабылдауы. Құндылықтардың маңыздылығы белгілі бір қоғамның табысты қызмет етуіне қажетті нормалар, әдеттер, өмір салты мен мінез-құлық стилін қалыптастыру саласында көрініс табады.
Орта білім берудегі құндылықтардың идеялық негізі – «Мәңгілік ел» ұлттық идея
құндылықтары болып табылады. Орта білім беру құндылықтары: қазақстандық
патриотизм мен азаматтық жауапкершілік, құрметтеу, ынтымақтастық, еңбек және шығармашылық, ашықтық, өмір бойы білім алу болып тағайындалды.
Іс-әрекеттік тәсілдеме оқушының білімді дайын күйде емес, өз бетінше белсенді танымдық қызмет үдерісінде алуы болып табылады. Яғни, оқушы өз бетінше ізденіп, мәліметті интерпретациялайды, талдайды, түрлі ақпарат көздерін, графикалық мәліметтері
мен басқа да үйрету ресурстарын жалпылайды және бағалайды деп көзделеді. Нәтижесінде, оқушы өзінің білім алу қызметінің мазмұны мен түрін, оның нормалар жүйесін түсінеді және қабылдайды, оларды жетілдіруге белсенді қатысады. Бұл оқушының білімін, дағдылары мен икемділігін және кең ауқымды дағдыларының белсенді әрі табысты қалыптасуына ықпал етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет