Тұлғалық-бағдарлы тәсілдеме мақсаты – білім алу үдерісінің дараландырылуы, білім алу үдерісіндегі оқушының тұлғалық жан-жақты дамуы мен үйлесімді қалыптасуы, оның жеке психологиялық және физиологиялық даму ерекшелігі мен әлеуетін, мінез-құлық қажеттіліктерін ескере отырып, шығармашылық күштерінің толық ашылуы болып табылады.
Дифференциациялық тәсілдеметүрлі білім алушылар тобына арналған оқыту үдерісін дербестендіру (мамандандыру), оқушылардың ерекшеліктерін ескеру мақсатында әртүрлі топтарға түрлі оқыту жағдайларын құруды тұспалдайды. Дифференциациялық тәсілдемеге пәнді оқытуға арналған арнайы дайындалған тәсілдер мен іс-әрекеттерді дифференциациялау әдістері арқылы әртүрлі топ оқушыларының оқыту қызметін ұйымдастыру кіреді. Дифференциациялық жұмысты ұйымдастырудың шарты күрделілігі бойынша ажыратылатын, танымдық қызығушылығы мен мұғалім тарапынан көмек көрсетілу сипатына байланысты дифференциацияланған тапсырмалар қолдану болып табылады.
Оқытудағы коммуникативті тәсілдеме – бұл екі не одан да көп адамдардың өзара сөйлесу үдерісінде ақпараттар беру мен хабарлауы, білімдерімен, дағдылары мен икемділіктерімен алмасуы. Коммуникативті тәсілдеме нәтижесі сөйлеу арқылы қарым-қатынас жасау болып табылады. Яғни, қарым-қатынас орнату үдерісі барысында басқа да қатысушылармен тілдік жүйе және сөйлеу нормаларын дұрыс қолдану арқылы, сөйлесу тәртібін таңдап, түрлі жағдайда өз ойын білдіру мен пікір алмасу болып табылады. Коммуникативті тәсілдемеге сәйкес оқыту үдерісі қарым-қатынас орната алу дағдыларын, жұмыс істеу уақытын, шынайы қарым-қатынас жағдайын (жұптық және топтық жұмыс) қалыптастыруға бағытталған тапсырмалардан құралуы тиіс.
Жобалық тәсілдеме –ғылыми-зерттеу, шығармашылық және тәжірибелік сипаттағы мәселелерді шешу бойынша нәтижеге жетуге бағытталған оқушының немесе топ оқушыларының оқу-танымдық қызметтері. Жалпы мақсат, келісілген әдістер мен іс-әрекеттердің бірізділігі, белгілі бір әдіспен безендіріліп, шешімі мен нәтижесін жайып ашумен сипатталады.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану Ақпараттық-коммуникативтік технологияларды (АКТ) қолдану құзыреттілігі АКТ базалық дағдыларының негізінде құрылған және оған жұмыс, бос уақыттары мен қарым-қатынас жасау үшін технологияларды дұрыс және шығармашылықпен қолдану кіреді.
Оқушылар білім беру бағдарламасының барлық пәндерін оқу барысында АКТ құралдарын қолдану бойынша дағдыларын дамытады, негізгі және қосымша құралдардың кең көлемді түрін қолдану арқылы мәліметтерді тауып, оларды өңдеу, ынтымақтасып, ақпараттар мен идеяларымен пікір алысып, өзінің жұмысын жетілдіріп, бағалайды.
«Көркем еңбек» пәні бойынша оқу бағдарламасында ол:
көркем өнер жұмыстарын жасау барысында компьютерлік технологияларды қолдану;
интернет пен мәліметтер базасында ақпараттарды іздестіру (интернет және сандық ақпарат көздерінен мәліметтерді табу, таңдау және өңдеу);
- түрлі ақпарат көздерінен белгілі бір аудитория мен мақсатқа бағытталған
материалдарды жинақтау кіретін слайдты таныстырылымды құра алу дағдыларын
дамытады;
ынтымақтастық, басқа оқушылармен шығармашылық жұмыс құру үшін мәліметтермен алмасу және қарым-қатынас жасау;
белсенді оқыту әдіс-тәсілдерін техникамен қолдау үшін интерактивті тақтаны қолдану.