|
«Сауат ашу» пәнінде оқылым дағдысын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілеріБайланысты: Оқу бағдарлама Сауат ашу «Сауат ашу» пәнінде оқылым дағдысын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:
графикалық сызба арқылы «оқу»;
кеспе әріптерден буын, сөз құрап оқу;
мәтіннен қажетті сөйлемді немесе сөзді тауып оқу;
«көзбен оқы» ойыны арқылы оқу;
мәтіннен көркем, бейнелі сөздерді тауып оқу;
сөздік жұмысы (сөздің мағынасын түсіну);
мәнерлеп оқу;
рөлге бөліп оқу;
оқылған әңгіменің, ертегінің, т.б. картасын жасау.
«Сауат ашу» пәнінде жазылым дағдысын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:
ақпаратты сурет және белгілер/пиктограммалар арқылы беру;
сөздердің дұрыс жазылуын (орфографиялық нормаларды) меңгертуге арналған тапсырмалар орындау;
мәтіннен сөздерді, сөйлемдерді, қысқа үзінділерді көшіріп жаздыру;
мәтіндегі жазылуы қиын сөздерден сөздік құрастыру;
сөзден сөйлемдер, сөйлемдерден мәтін құрастырып жазу;
шағын хат жазу;
есте сақтау арқылы жазу;
байқағаны, сүйікті істері, ойындары туралы тірек суреттермен сөйлемдер, шағын мәтін құрастырып жазу;
сурет бойынша жазу;
өзі құрастырған мәтінін мұғалімнің көмегімен тексеру.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|