ІІ «Әдебиеттік оқу» пәні мазмұны мен оқу мақсаттарының жүйесі
1 «Әдебиеттік оқу» пәні мазмұны
Оқу бағдарламасын меңгерту оқытудың «Біз осы пән бойынша не білеміз және білімді қалай меңгереміз?» ұстанымы аясында ұйымдастыруды талап етеді. «Әдебиеттік оқу» пәні бойынша білім мазмұны қатысымдық дағдыларды қалыптастыру мақсатына сәйкес құрылған. Пән бойынша ұсынылатын білім мазмұнының ішкі бөлімдері жинақталған білім, түсінік пен дағдыларды қалыптастыруды көздейтін кіші бөлімшелерге бөлінген. Әрбір бөлімше өзара сабақтаса отырып, оқыту мақсаттарын айқындайды. Бұл мұғалім мен оқушыға алдағы қадамдары жөнінде өзара ой бөлісуге, оларды жоспарлау мен бағалауға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |