Бағдарламасын «Назарбаев Зияткерлік мектептері»


«Әдебиеттік оқу» пәнін оқытуда қолданылатын педагогикалық технологиялар мен әдіс-тәсілдер



бет6/18
Дата24.02.2022
өлшемі443,5 Kb.
#26312
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

5 «Әдебиеттік оқу» пәнін оқытуда қолданылатын педагогикалық технологиялар мен әдіс-тәсілдер

Жалпы білім беру ұйымдары (мектеп, гимназия, лицей, т.б.) оқу үдерісінде «білім алу жолын» білетін, ынталы, қызығушылығы жоғары, өзіне сенімді, жауапкершілігі мол, зияткерлік тұрғыдан дамыған тұлғаны қалыптастыру қағидасын ұстанады. Мұғалімдер «Әдебиеттік оқу» сабағында оқушылардың бойында бұл қасиеттерді түрлі әдіс-тәсілдер арқылы қалыптастырады және дамытады. Олар:



  • оқушының жеке пікірін тыңдау;

  • оқушыларды мұқият іріктелген шығармашылық және логикалық оқу тапсырмалары арқылы ынталандыру;

  • оқушылардың оқу мақсаттарына қол жеткізуі үшін тиімді әдіс-тәсілдерді ұсыну және үлгісін көрсету;

  • әртүрлі стиль мен жанрдағы жазба жұмыстардың үлгісін қолдану (мұғалім алдын ала модельдер мен үлгілер беру арқылы жазба жұмыстарын орындауды үйретеді);

  • оқушылардың білім алуына «оқу үшін бағалау» және «оқуды бағалау» арқылы қолдау көрсету;

  • оқушылардың пән бойынша меңгерген біліміне жүйелі түрде мониторинг жүргізу;

  • оқушының өз білімін жетілдіруіне және бағалауына ынталандыратын мүмкіндіктер жасау;

  • түрлі белсенді шығармашылық, практикалық жұмыстарды қамтитын іс-әрекетті жүзеге асыру;

  • ізденуді және қосымша материал пайдалануды қажет ететін тапсырмаларды ұсыну;

  • зерттеу жұмыстарын жүргізуге және зерттеу әдіс-тәсілдерін меңгеруге бағытталатын оқушылардың белсенді оқуын марапаттау;

  • оқушылардың өзара бірлесіп оқуын (сынып ішінде және сыныптар арасында) ұйымдастыру;

  • жеке, жұптық, топтық және ұжымдық жұмыстарды өзара үйлесімділікпен қолдану.

«Әдебиеттік оқу» пәнін оқытуда келесі ұстанымдарды басшылыққа алу қажет:

  • оқушыны қатесі үшін жазалап оқыту емес, қателерін түзету үшін оқыту;

  • оқушы мен мұғалім арасында сыйластық әрі ынтымақтастық қарым-қатынас орнату;

  • оқушылардың жас ерекшелігі мен қажеттілігіне сәйкес оқытуды саралау (сараланған тапсырмалар дайындау);

  • оқушылардың жетістігін бағалау және алдағы қадамдарын анықтау үшін оқытудың нақты мақсаттары мен табыс критерийлерін белгілеу;

  • топпен жұмыс жасауға қолайлы жағдай туғызу, топта еркін жұмыс жасауға баулу (әр балаға топтың белсенді мүшесі, кейде топ басшысы болуға мүмкіндік жасау);

  • өз ойларын еркін айтуға, өздігінен шешім қабылдауға мүмкіндік беру;

  • ойын және зерттеу әдісін қолдану;

  • оқу-зерттеу әрекетін ұйымдастыру;

  • оқыту барысында «не білемін? не білгім келеді? нені үйрендім?» түріндегі кері байланысты жүзеге асыру;

  • сыни ойлау дағдыларын дамыту;

  • оқушыны алған білімін тек білу үшін ғана емес, оны өмірде қолдану үшін үйрету.

Үштілділік саясатқа сәйкес білім беру мазмұнына толықтырулар

Жалпы білім беретін мектептерде бірінші тіл мұғалімдері үш тілділік саясаттың жүзеге асырылуын жеке тұлғалық, әлеуметтік және білімдік мақсаттарына сай қолданылатын тіл деңгейін көтеру арқылы қамтамасыз етеді. Тіл мұғалімдері оқушылардың қазақ, орыс және ағылшын тілдерінің ұқсастығы мен айырмашылықтары туралы ойларын қолдайды және үш тілге де үлкен құрмет көрсетеді. Бағдарламадағы пәнаралық байланысты дамытады, қазақ тілі арқылы басқа пәндердің мазмұнын меңгертеді. Көрсетілген әдіс-тәсілдер тіл мен мазмұнды меңгертуді қатар дамытады. Тіл мұғалімдері басқа пәндер мазмұнына сәйкес тақырыптарды, мәтіндерді, дағдыларды, тапсырмаларды, оқу мақсаттарын пайдалану арқылы пәнаралық байланысты дамытады. Ол сонымен қатар, оқушыларды өзге пәндер бойынша әдеби тілді меңгеруде жетістікке жетуін қамтамасыз етеді. Мысалы бір тақырыпты жан-жақты талдау, себеп-салдарын түсіндіру, фактілер мен көзқарасты ажырату, қарама-қайшы тақырыпты талқылау кезінде өз ойын жүйелеу, түрлі ақпарат ресурстарын бағалау, өзгелерге ақпаратты анық, түсінікті жеткізу. Тіл мұғалімдері пән мұғалімдерінен мазмұнына қатысты мәтіндер мен тапсырмалар бойынша ақыл-кеңес алуға болады. Сонымен қатар, тіл мұғалімдері тілді үйренудегі қосымша қажеттіліктерді анықтау үшін пән мұғалімдерімен тығыз байланыста болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет