1) техникалық құралдар:
проектор, графопроектор, экран немесе интерактивті тақта;
АКТ құрылғылары (компьютер, принтер, сканер және ноутбуктер, құлаққаптар)
шектеусіз интернет;
дыбыс, бейне жазу құралдары: диктофон, микрофон, бейнекамера, сандық фотоаппарат;
жылжымалы, маркерлі тақталар; шағын тақташалар;
2) жиһаздар:
«Жазу бұрышы» және «Оқу бұрышына» арналған жиһаздар: диван, кілемшелер, орындықтар, дөңгелек үстел, жылжымалы кітап сөрелері.
3) дидактикалық және қосымша материалдар:
суретті кітаптар, өлең-жыр кітаптары, қазіргі заманғы көркем әдебиет, классикалық ертегілер, аңыз-әңгімелер, фантастикалық шығармалар, ғылыми мәтіндер, фильмдер, газет-журналдар, үгіт-насихат үлгісіндегі мәтіндер (памфлеттер және брошюралар, т.б.);
дидактикалық және үлестірмелі материалдар; ақын, жазушылар туралы дыбыстық жазбалар мен бейнефильмдер, портреттер;
энциклопедиялар;
ұлттық қуыршақтар мен киім үлгілері (сахналық көріністер үшін).
4) кеңсе тауарлары:
түрлі-түсті қағаздар, ватмандар; А-3, А-4, А-5 қағаздары;
фломастерлер, маркерлер, түрлі-түсті қарындаштар;
еңбек құралдары: қайшы, ине, жіп, желім, мата қиындылары, түйме, бояулар, ермексаз және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |