Бағдарламасын «Назарбаев Зияткерлік мектептері»


Үштілділік саясатын жүзеге асыру



бет4/18
Дата24.02.2022
өлшемі443,5 Kb.
#26312
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
Оқу бағдарлама Әдебиеттік оқу 2-4 кл


3 Үштілділік саясатын жүзеге асыру

Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдары оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру мақсатымен коммуникативтік құзыретіліктің негізін қалыптастырады.

Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдары үштілділік саясатын 1-сыныптан қазақ, орыс және ағылшын тілдерін оқыту арқылы жүзеге асырады.

Үш тілді оқу сөйлеу әрекетінің төрт түрін (тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым) дамыту арқылы коммуникативтік дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.

Мектептердің үштілділік саясаты тілдерді оқыту әдіс-тәсілдерін, тілдік пәндердің және өзге пән мұғалімдерінің рөлдерін анықтайды.

Үштілділік саясатының жүзеге асырылуы «Әдебиеттік оқу» пәні бағдарламасының келесі бөлімдерінде көрсетілген:

«Әдебиеттік оқу» пәнін оқытуда қолданылатын педагогикалық әдіс-тәсілдер» бөлімінде (5-бөлім) мұғалімнің пәнді меңгертуге қажетті тілдік білім мен дағдыларды қалай жетілдіретіндігі анықталған.

«Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту» бөлімінде (8-бөлім) мұғалімдердің пән арқылы тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым дағдыларын жоғары деңгейде қалай дамытатыны сипатталған.

«Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау туралы» бөлімінде (9-бөлім) бағалау тілі белгіленген.
4 «Әдебиеттік оқу» пәнін оқыту үдерісінде ұйымдастыруға қойылатын талаптар
«Әдебиеттік оқу» пәніне бөлінген оқу жүктемесі төмендегідей:


Сынып

Апталық сағат саны

Жылдық сағат саны

2-сынып

3 сағат

102 сағат

3-сынып

3 сағат

102 сағат

4-сынып

3 сағат

102 сағат

Сыныпта жұмыс түрлерін (жеке, жұптық, топтық) ұйымдастыру үшін жиһаздар жылжытуға қолайлы әрі жеңіл болуы қажет. Сондай-ақ, кітап сөрелері, стенділер мен оқушы жұмыстарының көрмесіне арналған арнайы орындар ескерілуі керек.

«Әдебиеттік оқу» пәнін сапалы, тиімді оқытуға қажетті құрал-жабдықтар:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет