Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (әрі қарай – АКТ) қолдану құзыреттілігі оқушылардың оқу үдерісінде, бос уақыттарында және қарым-қатынас барысында АКТ құралдарын орынды және шығармашылықпен қолдана білуін қамтамасыз етеді. Бұл құзыреттілік АКТ-ны қолдану дағдылары арқылы қалыптасады.
АКТ құралдарын қолдану дағдылары оқушылардың ақпаратты табу, құру және онымен жұмыс істеуіне, мәліметтермен, ой түйіндерімен алмаса отырып, құрал-жабдықтар мен қосымшалардың кең мүмкіндіктерін пайдалана білуіне және сол арқылы өз жұмысын бағалай және жетілдіре алуына ықпал етеді.
АКТ-ны қолдану дағдылары «Әдебиеттік оқу» пәнінің бағдарламасында төмендегідей көрініс табады:
оқыту сапасын арттыру үшін сабақтарда жаңашыл әдістер мен ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалану;
интернет ресурстарымен жұмыс жасау (веб-сайттағы ақпаратты оқу, керекті материалды іздеу, табу, сұрыптау, іріктеу, жеке құжат немесе файл ретінде көшіру және сақтау);
мәтін және слайдтармен жұмыс істеу үшін қарапайым бағдарламадан күрделірек бағдарламаға (Word, Power Point) көшу;
ақпаратты өңдеп, электронды түрде жеке құжат ретінде сақтау үшін жабдықтарды (принтер, сканер, сандық фотоаппарат) пайдалану;
электронды оқулықтарды, оқу құралдарын, анықтамалық құралдарды пайдалануды меңгеру;
тақырыпқа байланысты түрлі медиақұралды қолдана білу;
ақпаратты саралап, талдап, зерттеуге үйрену.
Достарыңызбен бөлісу: |