8 Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту
Оқу бағдарламасы мақсаттарының бірі – түрлі көпшілікте тиімді қарым-қатынас жасауға қабілетті әлеуметтенген тұлғаны, яғни азаматты тәрбиелеу. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін қарым-қатынас түрлі формада бағаланып, ынталандыратын және оқушылар өз пікірін сенімді түрде білдіре алатын ортаны құра отырып, қарым-қатынас дағдыларын дамытуы қажет.
Оқыту үдерісінде оқушылардың түрлі ақпарат құралдарын, «Жаратылыстану» пәнінің ғылыми лексикасын сауатты қолдана отырып, өз сыныптастарымен, мұғалімдермен және одан да кең көпшілікпен танытқан қарым-қатынасын көтермелеп ынталандыру қажет.
«Жаратылыстану» пәнін оқыту үдерісінде оқушылардың тыңдалым және айтылым дағдыларын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:
белгілі бір бағытта алдын ала құрастырылған сұрақтарды қолданып мамандармен сұхбат жүргізу, мысалы, тіс гигиенасы туралы стоматолог дәрігермен әңгіме және оның жауабын ауызша әңгімелеу;
экскурсия бойынша әңгімелесу (мысалы, саябаққа барып келгеннен кейін оқушылардың бақылаулары туралы пiкiр алмасу);
тапсырмаларды бөлу және өзара оқу (мысалы, өсiмдiкке маусымдық өзгерiстердiң ықпалы туралы тақырыпты зерттеу барысында, топтар арасында өсiмдiкке әрбiр жыл мезгілінің ықпалдарын сипаттау тапсырмасын бөлiп беру);
белгілі тақырып бойынша туындаған сұрақтарды талқылау, бір-бірінің пікірін тыңдау және ойын айту.
«Жаратылыстану» пәніндегі оқылым дағдысын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:
жазбаша ақпарат көздерімен жұмыс: анықтамалар, энциклопедиялар, көрнекі және терминологиялық сөздіктер, ғылыми-танымдық журналдар, мерзімді әдебиеттер. Ғаламтор ресурстарымен жұмыс, мысалы, зерттелініп отырған тақырыпты қайта қарастыруда – ғылыми көзқарасты кеңейту, белгілі тақырып бойынша презентация әзірлеу және таныстыру.
«Жаратылыстану» пәнін оқыту үдерісінде оқушылардың жазылым дағдысын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:
зерттеу (бақылау, көрсету және тәжірибелер) барысында жазба жүргізу;
ақпаратты сурет, схема, кесте, түрінде ұсыну;
зерттеу жұмысы бойынша есеп әзірлеу.
Достарыңызбен бөлісу: |