5 «Дүниетану» пәнін оқытуда қолданылатын педагогикалық әдіс-тәсілдер
Жалпы білім беретін мектептер оқу үдерісінде білім алуды қалай үйрену керектігін білетін, дербес, ынталы, қызығушылығы жоғары, сенімді, жауапты, талдау жасай алатын оқушы тәрбиелейтін қағиданы ұстанады.
Мұғалімдер оқушылардың бойында бұл қасиеттерді әртүрлі педагогикалық ұстанымдар арқылы қалыптастырады және дамытады деп күтілуде. Олардың ішіне мыналар кіреді:
оқушылар және оқушы мен мұғалім арасында сенім қалыптастыру;
оқушының жеке пікірін тыңдау, олардың бұрын меңгерген білімдері мен түсініктерін қолданудың маңыздылығын түсіну;
оқушыларды мұқият іріктелген тапсырмалар мен іс-әрекет түрлерінің көмегімен ынталандыру және дамыта оқыту;
модельдеу және таныстыру стратегияларының проблемаларын оқушыларға түсінікті жолмен шешу;
оқытуды оқушылардың білімдерін бағалау арқылы қолдау;
оқушылардың зерттеу әдіс-тәсілдеріне негізделген белсенді оқуын марапаттау;
оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамыту;
бүкіл сынып қызметін, жеке және бірлескен жұмыс істеуді үйлестіріп қолдану;
жеке және топтық іс-әрекет арқылы барлық сынып оқушыларының жұмысын ұйымдастыру.
«Дүниетану» пәнін оқыту үдерісінде төмендегідей стратегияларды қолдану ұсынылады:
оқушылардың қызығушылығын тудыратын, өзара қарым-қатынас дағдыларының қалыптасуына негізделетін, дәлелдеу, өзіндік пікір, оқу және зерттеу нәтижесінде шешілетін проблемалық сұрақтар арқылы мотивациясын дамыту;
оқушының жеке қабілеті және қызығушылығын есепке ала отырып сараланған тапсырмаларды пайдалану;
нақты тақырып бойынша миға шабуыл ұйымдастыру (проблеманы анықтайды, жеке пікірін ұсынады, пікірді сыныпта талдап, талқылап, шешімнің дұрыс нұсқасын қабылдайды); сахналық қойылымдар, рольдік ойындар арқылы белсенді оқыту;
оқушылардың білімін, түсінігін дамыту және пайдалану үшін ақпараттық құралдарды (бейне және т.б. көру) қолдану; сабақ үстінде барлық оқушылардың белсенді қатысуы талап етілетін проблемалық сұрақтар мен мәселелерді талқылау және пікірталастыру;
берілген критерийлерге сәйкес оқушылардың оқу процесіне қатысуын, өзара және өзін-өзі бағалауын қолдану;
пәндік-тақырыптық сұрақтарды, тарихи оқиғаларды немесе тұлғаларды зерттеу үшін жеке және топтық жұмыстар ұйымдастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |