3 Үштілділік саясатын жүзеге асыру
Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдары оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру мақсатымен коммуникативтік құзыреттіліктің негізін қалыптастырады.
Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдары үш тілді оқыту 1-сыныптан қазақ, орыс және ағылшын тілдерін оқыту арқылы жүзеге асырады.
Үш тілді оқу сөйлеу әрекетінің (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) түрлерін дамыту арқылы қазақша еркін және сауатты сөйлеу, жазу, коммуникативтік дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
Мектептердің үш тілді оқыту бағыты тілдерді оқыту әдіс-тәсілдерін, тілдік пәндердің және өзге пән мұғалімдерінің рөлдерін анықтайды.
Үш тілді оқыту бағытының жүзеге асырылуы «Дүниетану» пәні бағдарламасының келесі тармақтарында көрсетілген:
«Дүниетану» пәнін оқытуда қолданылатын педагогикалық әдіс-тәсілдер» тармағында (5-тармақ) пәнді меңгеруге қажетті тиімді оқыту әдіс-тісілдері ұсынылған.
«Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту» тармағында (8-тармақ), мұғалімдердің, пән арқылы ауызша және жазбаша коммуникация дағдыларын (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) қалай дамытатыны көрсетілген.
«Оқушылардың оқу жетістігін бағалау туралы» тармағында (9- тармақ) бағалау тілі, моделі және түрлері белгіленген.
4 «Дүниетану» пәнін оқыту үдерісін ұйымдастыруға қойылатын талаптар
Бағдарлама бойынша әр сыныптағы сағат саны:
Сынып
|
Апталық жүктеме
|
Жылдық сағат саны
|
1
|
1 сағат
|
33 сағат
|
2
|
1 сағат
|
34 сағат
|
3
|
1 сағат
|
34 сағат
|
4
|
1 сағат
|
34 сағат
|
Сабақ барысында әртүрлі (жеке, жұптық, топтық) жұмыс түрлерін ұйымдастыру үшін оқу кабинеттеріндегі жиһаздар орнын ауыстыруға қолайлы әрі жеңіл болуы қажет.
«Дүниетану» пәнін оқыту үшін қажетті арнайы жабдықтар, ресурстар мен материалдар:
Пәнді оқуға және зерттеуге көмек болатын сыныптан тыс орналасқан ресурстар:
кітапхана ресурстары (кітаптар мен анықтамалық материалдар);
электрондық және мультимедиаресурстар;
желілік файлдар, интернет (тарих, география, әлеуметтік ғылымдар бойынша негізгі анықтамалық сайттар каталогі).
Достарыңызбен бөлісу: |