Бағдарламасын «Назарбаев Зияткерлік мектептері»


Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану құзыреттілігі



бет7/13
Дата13.04.2023
өлшемі347 Kb.
#82038
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
Байланысты:
Оқу бағдарлама Қазақ Т1 2-4кл -1

7. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану құзыреттілігі

Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (әрі қарай – АКТ) қолдану құзыреттілігі оқушылардың жұмыс барысында, бос уақыттарында және қарым-қатынасында технологияларды орынды және шығармашылықпен қолдана білуін қамтамасыз етеді. Бұл құзыреттілік АКТ-ны қолдану дағдылары арқылы қалыптасады.


Ақпаратты табу, құру және онымен жұмыс істеу, мәліметтермен, ой түйіндерімен алмаса отырып, құрал-жабдықтар мен қосымшалардың кең мүмкіндіктерін пайдалану, өз жұмысын бағалау және жетілдіру арқылы оқушылар АКТ-ны қолдану дағдыларын барлық пәндерге арналған оқу бағдарламаларын меңгеру үрдісінде дамытады.
Бұл «Қазақ тілі» пәнінің оқу бағдарламасында төмендегідей көрініс табады:

  • оқыту сапасын арттыру үшін сабақтарда жаңашыл әдістер мен ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалану;

  • интернет ресурстарымен жұмыс жасау (веб-сайттағы ақпаратты оқу, керекті материалды іздеу, табу, сұрыптау, іріктеу, жеке құжат немесе файл ретінде көшіру және сақтау);

  • мәтін және слайдтармен жұмыс істеу үшін қарапайым бағдарламадан күрделірек бағдарламаға (Word, Power Point) көшу;

  • ақпаратты өңдеп, электронды түрде жеке құжат ретінде сақтау үшін жабдықтарды (принтер, сканер, сандық фотоаппарат) пайдалану;

  • электронды оқулықтарды, оқу құралдарын, анықтамалық құралдарды пайдалану;

  • тақырыпқа байланысты түрлі медиақұралды қолдану;

  • ақпаратты саралап, зерттей алу.



8 Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту

ҚР білім беру ұйымдарына (мектеп, гимназия, лицей, т.б.) арналған оқу бағдарламасы мақсаттарының бірі және бірегейі – жеке тұлғаны әлеуметтендіру, яғни түрлі әлеуметтік топтармен тіл табысуға қабілетті азаматтарды тәрбиелеу. Коммуникативтік дағды қалыптастыру үшін сөйлеу әрекетінің түрлері (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) меңгерілуі тиіс. Осы мақсатқа жету үшін ынталандырушы және қолдаушы ортаны құра отырып, қажетті тілдік дағдыларды дамыту керек. Мұндай ортада оқушылар сөйлеу әрекетінің түрлі формаларын қолдана отырып, өз пікірін еркін білдіре алады. Оқыту үдерісінде оқушылардың сыныптастарымен, мұғалімдерімен және көпшілікпен ауызша және жазбаша қарым-қатынаста тілді сауатты пайдалануын мадақтап отыру қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет