А кіші тобы – денсаулықтарында түрлі ахуалы бар, қалпына келтіруге болатын ауытқулар бар оқушылар.
Б кіші тобы – сыртқы ағза мен ішкі органдар жүйесінде ауыр сырқатқа шалдыққан, қалпына келтіруге болмайтын өзгерістері бар оқушылар (мысалы, жүрек-қан тамырлары ауруы, несеп шығару жолдарының аурулары, бауыр аурулары; көз түбінің өзгеруі салдарынан көру қабілетінің жоғары деңгейде бұзылуы және т.б.).
«Дене шынықтыру» пәнінің мұғалімдері төмендегілерді орындауға тиіс:
Оқушыларды олардың денсаулық жағдайларына сәйкес кіші топтарға бөлу (жоғарыда көрсетілгеніне сәйкес болуы тиіс);
Оқушылардың сырқаттану диагнозына байланысты оқушыларға жаттығулар белгілеу;
Оқыту, сабақ беру және бағалау үдерісіндегі әдістерін дараландыру;
Сабақтарда орындалатын қимыл қозғалыс әрекетінде өз білімдерін жетік қолдана алатын, медициналық білімі бар мамандардың қолдауымен сабақ өткізу.
4.2. «Дене шынықтыру» пәнінің мазмұны
Пәндік білімнің мазмұны бөлімдерге бөлінген. Бұл бөлімдер өз ішінде білім, түсінік және дағдыларды қалыптастыруды көздейтін бөлімшелерден тұрады. Оқу мақсаттары әр бөлімше ішінде мұғалім мен оқушыға болашақ қадамдары жөнінде өзара ой бөлісуге, оларды жоспарлау мен бағалауға мүмкіндік беретін бірізділік пен сабақтастықты көрсетеді.
Бөлім
Бөлімше
Қозғалыс әрекеттері
1.1. Негізгі қозғалыс дағдыларын дамыту: тірек-қозғалыс аппараты, денені және объектіні басқара біледі
1.2. Физикалық дамуға ықпал ететін түрлі дене жаттығуларында түйіндес қозғалыстарды жақсартады және орындайды
1.3. Кеңістікті, ағынды, салмақты, уақытты түсінгенін көрсету арқылы кезектілігін сақтап, жаттығуларды дұрыс әрі тиімді орындайды
1.4. Өзінің және басқалардың дене қозғалыстарын, кемшіліктерін және әлеуетін анықтайды
1.5. Өзінің және басқалардың қызметін жақсарту үшін негізгі қозғалыс әрекеттерді бағалау дамыту.
1.6. Қозғалыс қабілеттерін жақсарту үшін оқудың әр кезеңдерінде қиындықтар мен тәуекелдерді түсінеді