3. Оқу жетістіктерін бағалау тәсілдері
«Дене шынықтыру» пәнін меңгеру нәтижелері критериалды бағалауды қолдану арқылы жүзеге асырылады.
Критериалды бағалау оқыту, оқу және бағалаудың өзара тығыз байланысында негізделген. Критериалды бағалау нәтижелері білім беру процессін тиімді жоспарлау және ұйымдастыру мақсатында пайдаланылады.
Критериалды бағалау қалыптастырушы және жиынтық бағалаудан тұрады.
Қалыптастырушы бағалау үздіксіз өткізіледі, оқушы мен оқытушы арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және оқу процессін дер кезінде түзетуге мүмкіндік береді.
Жиынтық бағалау белгілі оқу мерзімінде оқу блогын оқып бітіргенде өткізіледі, оқушыларға кері байланысты қамтамасыз ету үшін, пән бойынша тоқсандық және жылдық бағаларды қою үшін колданылады.
4. «Дене шынықтыру» пәнінің мазмұнын ұйымдастыру
4.1. Оқу жүктемесінің бөлінуі
Бағдарлама бойынша әр сыныптағы сағат саны:
Сынып
|
Апталық жүктеме
|
Жылдық сағат саны
|
1-сынып
|
3 сағат
|
99 сағат
|
2-сынып
|
3 сағат
|
102 сағат
|
3-сынып
|
3 сағат
|
102 сағат
|
4-сынып
|
3 сағат
|
102 сағат
|
Бастауыш сыныптарда «Дене шынықтыру» пәнін оқыту үшін қажетті құрал-жабдықтар:
Барлық мектептерде жалғыз дене шынықтыру сабақтарында ғана емес, оқу жылы бойы физикалық белсенді оқуға жағдай жасайтын кеңістік пен бөлмелердің көп болғаны дұрыс. Бұл көлемдері мен формалары әр түрлі қоғамдық және ойын алаңдарын, ашық алаңдарды және жабық бөлмелерді қарастырады. Әр мектепте қимыл-қозғалыс жаттығуларын өткізу үшін ауа баптағышпен жабдықталған немесе жақсы желдеткіш жүйесі бар кем дегенде бір бөлме, ашық даладағы түрлі алаңдар болуы қажет.
«Дене шынықтыру» пәні бойынша оқу үдерісі динамикалық, интерактивті сипатта болуға тиіс және бұл білім беру бағдарламасы шеңберіндегі ауқымды міндеттер мен оқыту мүмкіндіктеріне сәйкес келетін ішкі және сыртқы бөлмелерді пайдалануға тиісті. Ішкі оқу бөлмелері желдеткіш жүйелерімен жабдықталып, жақсы жарықтандырылып, температуралық режимі сәйкес болуы тиіс. Дене шынықтыру жүктемелерінің көлеміне және қалпына келуге берілетін үзілістердің жиілігіне қарай сыртқы алаңдар сәйкес көлеңке қалқалармен жабдықталуы тиіс. Сыртқы алаңдардың жағдайлары бөлмеде оқыту мүмкіндіктерін барынша табиғи жақсарту сияқты қарастырылуы керек.
Мектептерде «Дене шынықтыру» пәнінің мұғалімдері үшін, сондай-ақ, басқа өңірлерден келіп жұмыс істейтін жаттықтырушылар, мұғалімдер үшін немесе білім бағдарламасын қолдайтын немесе толықтыратын нұсқаушылар үшін қауіпсіз, мамандандырылған, жақсы жабдықталған киім ауыстыру және жұмыс бөлмелерін қамтамасыз етуге тиіс.
Киім ауыстыру бөлмелері жынысы мен жасына қарай бөлінуі керек, киім ауыстыруға және жуынуға арналған жер кең болуы тиіс, киім, жеке және бағалы заттарды сақтайтын орын қарастырылғаны дұрыс. Дәретханалар мен душ қабылдайтын бөлмелері жеке гигиена тазалығын сақтайтындай болуы керек.
Төменде «Дене шынықтыру» пәні бағдарламасы бойынша денені шынықтыру қызметін орындауға арналған арнайы құрал-жабдықтардың ең аз түрі көрсетілген:
Достарыңызбен бөлісу: |