Бағдарламасын «Назарбаев Зияткерлік мектептері»



бет7/42
Дата25.11.2023
өлшемі0,57 Mb.
#126570
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   42
Байланысты:
1-4 бастауыш руп

Жеңіл атлетика: секундомер, рулетка, ысқырық, эстафета таяқшалары, конустар, биіктікке секірудегі қолданатын өлшеу бірлігі бар таяқ, ұзындыққа жүгіріп келіп секіру кезінде қонуға арналған құм шұңқыр, 150 гр. резеңке доптар, 500-700 гр. гранаталар, жүгіргендегі қолданатын кедергілер.
Мектепте қолданатын спорттық ойын түрлері және оларға қажетті құралдар:

  • футбол: командалық форма, футбол доптары, конустар, қақпалар, ысқырық;

  • волейбол: қысқа жеңді командалық форма, волейбол доптары, тор, тіректер, ысқырық;

  • баскетбол: қысқа жеңді командалық форма, баскетбол доптары, себет, шығыршық, ысқырық, шеңбер;

  • гандбол: қысқа жеңді командалық форма, гандбол доптары, қақпалар, ысқырық;

  • үстел теннисі: үстел теннисіне арналған үстелдер, ракеткалар, үстел теннисіне арналған доптар;

  • бадминтон: ракеткалар, тор, воландар; ысқырық;

  • үлкен теннис: ракеткалар, торлар, теннис доптары;

Ұлттық ойын түрлері: тоғызқұмалақ тақтасы, шахмат, дойбы, асық;
Гимнастика: арқандар, гимнастикалық төсеніш, швед қабырғалары, қос сырық керме, гимнастикалық бөрене (төмен), гимнастикалық кіші ағаш ат, гимнастикалық ағаш ат, гимнастикалық доп, гимнастикалық таспалар (лента таяқшаларымен), гимнастикалық шығыршық, секіргіш, медицинбол;
Шаңғы, кросстық және коньки дайындығы: шаңғылар, шаңғы таяқтары, бекіткіштері бар аяқ-киім (ылдидан және ойлы-қырлы жермен шаңғы тебуге арналған), коньки, арнайы аяқ-киім;
Жүзу: таспалар, қолға байлауыштар, резеңке кубиктер, салмақты шеңберлер, су ойыншықтары, шарлар.


Арнайы медициналық топтарда (денсаулығына байланысты, әр деңгейдегі оқушылармен) сабақ ұйымдастыру
Жүйелі түрде жүргізілетін және ғылыми негізделген педагогикалық бақылаудың арқасында ғана дене шынықтыру балалар мен жасөспірімдердің денсаулықтарын сақтау мен нығайтудың, олардың физикалық дамуын жақсартудың тиімді әдісі бола алады. Осыған байланысты дене шынықтыру пәнінің мұғалімі физикалық жаттығулардың өсіп келе жатқан ағзаға әсері туралы жеткілікті деңгейде хабардар болуға тиіс. Сонымен қатар, дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері өздерінің педагогикалық әдістерін бақылап, оларды оқушылардың анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес өзгертіп отырулары тиіс.
Арнайы топтағы оқушылар үшін дене шынықтырудың басты міндеттері төмендегілер болып табылады:

    • салауатты өмір салтын насихаттау, сонымен қатар, оқушылардың физикалық даму процесінде көмек көрсету құқықтарын білуі;

    • аурудан әлсіреген органдары мен жүйелерінің функционалдық деңгейін арттыру;

    • физикалық және ақыл-ой қабілеттерін арттыру;

    • оқушылардың ағзалары аллергияларға, суық тию ауруларына және созылмалы инфекцияларға қарсы тұра алуы үшін олардың иммундық жүйелерін жақсарту;

    • дұрыс мүсін қалыптастыру және оны түзету;

    • дұрыс тыныс алу техникасына үйрету;

    • негізгі қимыл-қозғалыс қабілеттері мен дағдыларын игеру;

    • рухани және ерік-жігер қасиеттерін тәрбиелеу;

    • оқушыларды өздігінен денені шынықтыратын іс-әрекеттерді жасау және оны күнделікті өмірде қолдануға тәрбиелеу;

    • барлық оқушылар үшін тиімді жұмыс істеу жағдайларын жасау.

Арнайы медициналық топтағы оқушылардың шалдыққан сырқаттарының ауырлығына және сипатына байланысты дене шынықтыру сабақтарында дифференциалды оқыту үшін оларды А және Б кіші топтарына бөлу ұсынылады.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет