Бағдарламасына 2-қосымша «Терапия (жасөспірімдер терапиясы, диетология)»


«Клиникалық зертханалық диагностика» мамандығы бойынша үлгілік оқу жоспары және мазмұны



бет18/52
Дата08.06.2023
өлшемі0,98 Mb.
#99861
түріБағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   52
Байланысты:
@8;>65=85 ( 07.)

«Клиникалық зертханалық диагностика» мамандығы бойынша үлгілік оқу жоспары және мазмұны

  1. «Клиникалық зертханалық диагностика» мамандығы бойынша қайта даярлаудың үлгілік оқу жоспары




Пән коды



Пәндердің атауы



Оқу жүктемесінің көлемі (сағат/апта) *

Бақылау нысаны

НП

Негізгі пәндер

54/1




МНП 01

Денсаулық сақтау саласындағы құқықтық реттеу. Медициналық құқық



9

Сынақ

МНП 02

Салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері

9

Сынақ

МНП 03

Медициналық этика және коммуникативтік дағдылар

27

Сынақ

МНП 04

Қоғамдық денсаулық және қоғамдық денсаулық сақтау(апаттар медицинасы мәселелерін қоса алғанда)

9

Сынақ

БП

Бейінді пәндер

810/15




МБП

Міндетті компонент

432/8




МБП 01

Клиникалық зертханалық диагностика

108

Сынақ

МБП 02

Биологиялық зертханалық диагностика

108

Сынақ

МБП 03

Коагуологиялық зертханалық диагностика

54

Сынақ

МБП 04

Иммунологиялық зертханалық диагностика

54

Сынақ

МБП 05

Микробиологиялық зертханалық диагностика

54

Сынақ

МБП 06

Дәлелді медицина мәселелері

18

Сынақ

МБП 07

Кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету алгоритмі

18

Сынақ

МБП 08

Инфекциялық бақылау. Адам иммунитет тапшылығы вирусы (бұдан әрі – АИТВ-инфекциясы).

18



Сынақ

ТБП

Таңдау бойынша компонент

378/7

Сынақ

ҚБ

Қорытынды бақылау

6 (ТБП-ден)

Емтихан




Жиыны

864/16




2. «Клиникалық зертханалық диагностика» мамандығы бойынша біліктілікті арттыру циклінің үлгілік оқу жоспары



Пән коды



Пәндердің атауы



Оқу жүктемесінің көлемі (сағат/апта)

Оқу жүктемесінің көлемі (сағат/апта)

Оқу жүктемесінің көлемі (сағат/апта)

Оқу жүктемесінің көлемі (сағат/апта)

Бақылау нысаны

НП

Негізгі пәндер










18/⅓




МНП 01

Қоғамдық денсаулық және қоғамдық денсаулық сақтау (салауатты өмір салтын қалыптастыру, апаттар медицинасы мәселелерін қоса алғанда)










9

Сынақ

МНП 02

Денсаулық сақтау саласындағы құқықтық реттеу. Медициналық құқық










9

Сынақ

БП

Бейінді пәндер

54/1



108/2



162/3



198/3⅔






МБП

Міндетті компонент










90




МБП 01

Клиникалық зертханалық диагностикадағы өзекті мәселелер








63



Сынақ

МБП 02

Кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету алгоритмі










18

Сынақ

МБП 03

Медициналық этика және коммуникативтік дағдылар










9




ТБП

Таңдау бойынша компонент

54/1

108/2



162/3



108



Сынақ

ҚБ

Қорытынды бақылау

2(ТБП-ден)



2(ТБП-ден)



2(ТБП-ден)



6 (ТБП-ден)



Емтихан




Жиыны

54/1

108/2



162/3



216/4




3.«Клиникалық зертханалық диагностика» мамандығы бойынша біліктілікті арттыру сертификаттау циклінің үлгілік оқу жоспары (жоғарғы және бірінші санаттар үшін)



Пәндердің атауы



Оқу жүктемесінің көлемі (сағат/апта)

Бақылау нысаны

Клиникалық зертханалық диагностикадағы инновациялық технологиялар

90*






Кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету алгоритмі

9




Медициналық этика және коммуникативтік дағдылар

9




Қорытынды бақылау (ҚБ)

2

Емтихан

Жиыны

108/2




Ескерту: * соның ішінде қорытынды бақылау сағаттары
4.«Клиникалық зертханалық диагностика» мамандығы бойынша біліктілікті арттыру сертификаттау циклінің үлгілік оқу жоспары (екінші санат үшін)



Пәндердің атауы



Оқу жүктемесінің көлемі (сағат/апта)

Бақылау нысаны

Клиникалық зертханалық диагностикадағы зертханалық зерттеулердің заманауи әдістері



90*






Кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету алгоритмі

9




Медициналық этика және коммуникативтік дағдылар

9




Қорытынды бақылау (ҚБ)

2

Емтихан

Жиыны

108/2




Ескерту: * соның ішінде қорытынды бақылау сағаттары
5. «Клиникалық зертханалық диагностика» мамандығы бойынша қайта даярлаудың білім беру бағдарламасының мазмұны



Пән коды

Пәндер атауы, олардың негізгі бөлімдері

НП

Негізгі пәндер

БП

Бейінді пәндер

МНП

Міндетті компонент

МБП 01

Клиникалық зертханалық диагностика




Заманауи медицинаның дамуындағы клиникалық зертханалық диагностиканың міндеттері мен пәні. Клиникалық-диагностикалық зертханада (КДЗ) жұмыс істеу барысында қауіпсіздік техникасы. КДЗ-да құжаттаманы жүргізу. Зертханалық зерттеулердегі номенклатура, біріздендіру және стандарттау. Референттік мөлшер. Зертханалық зерттеулердің соңғы нәтижесінің диагностикалық маңыздылығы. Зертханалық зерттеулер үшін негізгі объектілер. Биологиялық заттың алынуы мен сақталуы. Жалпы клиникалық зерттеулер. Заманауи гематологиялық анализаторлар. Зертханалық зерттеулердің сапасын басқару. Несептің клиникалық зерттеулері. Жалпы клиникалық зерттеулер және оның клиникалық маңыздылығы: асқазан, ұлтабар ішіндегі құрамаларын, экскремент, қақырық, жұлын-ми сұйықтығының, экссудат пен транссудат, жыныс мүшелерінің сұйықтықтарының талдауы. Зертханалық зерттеулердің клиникалық маңыздылығы. Тыныс алу мүшелерінің ең көп таралған аурулары, жүрек-қантамыр жүйесі, ревматизм, ас қорыту мүшелері, бауыр, бүйрек, қан жүйелері, эндокриндік жүйе және аллергиялық аурулар бойынша зертханалық зерттеулер, әр жастағы балалардағы ерекшелік. Миокардтың жіті инфарктісі, жіті вирусты гепатит, қант диабеті, гемобластоз, ДТҰ-синдром (ДВС-синдром) және т.б. зертханалық диагностиканың алгоритмдері және бағдарламалары. Зертханаішілік, зертханааралық сапаны қадағалау әдістері, әдістері.



МБП 02

Биохимиялық зертханалық диагностика




Ақуыз алмасудың химиясы мен патохимиясы. Ақуыздар, ақуыздардың фракциялары. Қабынудың жіті кезеңіндегі ақуыздар. Коллоид төзімділігінің сынамалары. Қалдық азот және оның компоненттері. Көмірсу химиясы мен патохимиясы. Глюкоза және көмірсу алмасудың метоболиттері: көмірсу толеранттылық Сынақтары. Липидтік алмасудың химиясы мен патохимиясы. Қанның липидтері мен липопротеидтер. Пигмент алмасудың көрсетілімдері. Ферменттер мен изоферменттер. Су-минерал, қышқыл-негіз алмасудың реттелуі, клиникалық-диагностикалық маңыздылық. Су-электролит алмасудың көрсетілімдері мен қанның қышқыл-негіз жағдайы. Микроэлементтер мен темір метаболизмінің көрсетілімдері. Гормондық реттеудің негіздері. Гормондық зерттеулер. Қанның биохимиялық талдауының заманауи технологиялары және биохимиялық анализаторлардың әртүрлі үлгілері. Фотометрия принциптері, калибрлеулердің негізгі үлгілері, калибраторлардың түрлері. Биохимиялық зерттеулердің соңғы нәтижелерін клиникалық бағалау және диагностикалық маңыздылығы, әр жастағы балалардағы ерекшелік. Биохимиялық зерттеулердің сапасын басқару. Ең көп таралған тыныс алу мүшелерінің аурулары, жүрек-тамыр жүйесі, ревматизм, ас қорыту мүшелерінің, бауыр, бүйрек, қан жүйелері, эндокриндік жүйе және аллергиялық аурулар бойынша биохимиялық зерттеулер. Зертханаішілік, зертханааралық сапаны бақылау, әдістері.

МБП 03

Коагуологиялық зертханалық диагностика




Гемостаз жүйесін заманауи зертханалық зерттеулері. Тамырлы-тромбоциттік гемостаз. Плазмалық гемостаз. Гемостаздың анализаторлары. Гемостазды зерттеудің заманауи технологиялары. Гемостаз жүйелерінің зертханалық зерттеулердегі соңғы нәтижелерін клиникалық бағалау және диагностикалық маңыздылығы. Ең көп таралған тыныс алу мүшелерінің аурулары, жүрек-тамыр жүйесі, ревматизм, ас қорыту мүшелердің, бауыр, бүйрек, қан жүйелері, эндокриндік жүйе және аллергия аурулары бойынша коагуологиялық зерттеулер мен олардың өзгерулері, әр жастағы балалардағы ерекшелік. Миокардтың жіті инфарктісі, жіті вирусты гепатит, қант диабеті, гемобластоза, ДТҰ-синдром (ДВС-синдром) және т.б. зертханалық диагностиканың алгоритмдері және бағдарламалары. Зертханаішілік, зертхана-аралық сапаны бақылау, әдістері.

МБП 04

Иммунологиялық зертханалық диагностика




Иммунитет туралы ілім, иммунитет түрлері. Иммундық статусты бағалаудың әдістері. Иммундық жүйені зерттеудің зертханалық әдістері. Ең көп таралған тыныс алу мүшелерінің аурулары, жүрек-тамыр жүйесі, ревматизм, ас қорыту мүшелерінің, бауыр, бүйрек, қан жүйелері, эндокриндік жүйе және аллергия аурулары бойынша иммундық зерттеулер, әр жастағы балалардағы ерекшелік. Изосерология. Иммуноферменттік талдаудың (ИФА) қағидаттары мен әдістері. Ағымдағы цитофлюоромтерия. Зертханаішілік, зертханааралық сапаны бақылау, әдістері.

МБП 05

Микробиологиялық зертханалық диагностика




Микробиологиялық зертхананың ұйымдастырылуы мен құрылымы. Зерттелетін материалды себу әдістері. Клиникалық материалды егу әдістері. Негізгі қоректік орталар. Микробиологиялық культураларды сәйкестендірудің жалпы қағидалары. Сальмонеллездің, тиф-паратифозды аурулардың, иерсиниоздардың, эшерихиоздардың, шартты-патогенді микрофлораның микробиологиялық диагностикасы. Тырысқақ вибрионы мен басқа да вибриогендік диареяның, обаның, сібір жарасының, туляремияның, бруцеллездің серологиялық диагностикасы. Материалды сұрыптау және жеткізу. Ауа-тамшы инфекциялардың микробиологиялық диагностикасы: дифтерия, бордетеллез, менингиттер. Материалды жинақтау мен жеткізу ережелері, саралауәдістері. Жыныстық жолмен берілетін аурулар және спирохетоз, лептоспироздың микробиологиялық диагностикасы. Вирусологиялық диагностиканың әдістері. Материалды жинақтау мен жеткізу ережелері, саралау әдістері Микоздардың микробиологиялық диагностикасы. Материалды жинақтау мен жеткізу ережелері, саралау әдістері Зертханаішілік, зертханааралық сапаны бақылау, әдістері.

МБП 06

Дәлелді медицина мәселелері




Дәлелді медицинаға кіріспе. Араласу түрлері. Зерттеулер түрлері. Зерттеу дизайны. Рандомизирленген бақылаулық зерттеу (РБЗ). "Алтын стандарт". Дәлелдеу дәрежесі бойынша ғылыми деректердің иерархиясы. Клиникалық мәселелердің қорытындысы. Мәліметтер базасынан медициналық ақпараттарды іздеу стратегиясы.Medline (Медлайн), Cochrane (Кочрейн), PubMed (Пабмед) Ғаламторындағы медициналық дерекқорлар. Жүйелік шолу. Мета-анализ. Дәлелді медицина негізіндегі медициналық ақпараттарды сыни бағасы. Әртүрлі типтегі зерттеулер үшін дәлелдеме кестелері. Дәлелдеме кестелері бойынша мақалаларды талқылау.

МБП 07

Кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету алгоритмі




Базалық реанимация – Basis Life Support (Бэсик Лайф Саппот). Кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясы (Advanced Cardiac Life Support (Адвенсед Кардиа Лайф Саппот). Педиатриядағы кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясы Pediatric Advanced Life Support (Педиатрик Кардиа Лайф Саппот). 2010 жылғы реанимация бойынша Еуропалық кеңестің ұсыныстары. Терминальді жағдайындағы клиникалық диагностика негіздері. Науқасты, зардап шегушіні біріншілік және екіншілік бағалау. Өмір тіршілігі функцияларының бұзылуының диагностикасы. ЖӨР-сын өткізуге арналған көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдер. Жүректің жабық массажы. Сафар тәсілі. Жүрек дефибрилляциясының әдістемесі. Трахея кеңірдегінің интубациясы.

МБП08

Инфекциялық бақылау. Адам иммунитет тапшылығы вирусы (бұдан әрі – АИТВ-инфекциясы)




Денсаулық сақтау нысандарындағы инфекциялық аурулардың пайда болуының және тарауының профилактикасына бағытталған ұйымдастырушылық, профилактикалық және эпидемияға қарсы шаралар жүйесінің негізгі қағидаттары. ИБК ұйымдастыру. АІИ эпидемиологиялық талдау. АІИ қоздырғыштар, антибиотикке төзімділік. Инфекциялық бақылауды микробиологиялық қамтамасыз ету. Зарарсыздандыру, оның түрлері және АІИ профилактикасы міндеттері.АИТВ инфекциясы бар науқастарға ауруханалық және емханалық көмек көрсетуді ұйымдастыру. АИТВ инфекциясының профилактикасы. АИТВ тестілеуге дейінгі және кейінгі консультация беру. АИТВ инфекциясының зертханалық диагностикасы. АИТВинфекциясының клиникалық көрінісі, салдарлы аурулар. АИТВ инфекциясын емдеудің негізгі қағидаттары.

ТБП

Таңдау бойынша компонент

ҚБ

Қорытынды бақылау




Жиыны

6. «Клиникалық зертханалық диагностика» мамандығы бойыншабіліктілікті арттырудың білім беру бағдарламасының (4 апта ) мазмұны



Пән коды

Пәндер атауы, олардың негізгі бөлімдері

НП

Негізгі пәндер

БП

Бейінді пәндер

МБП

Міндетті компонент

МБП 01

Клиникалықзертханалық диагностиканың өзекті мәселелері




Тыныс алу мүшелерінің аурулары, жүрек-тамыр жүйесі, ревматизм, асқорыту мүшелерінің, бауыр, бүйрек, қан жүйелері, эндокриндік жүйе және аллергиялық аурулары, жіті миокард инфаркті, жіті вирусты гепатит, қант диабеті, гемобластоз, ДТҰ-синдромы кезіндегі заманауи зертханалық зерттеу әдістері. Әртүрлі жастағы балалардағы ерекшеліктер.

МБП 02

Кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету алгоритмі




Базалық реанимация – Basis Life Support (Бэсик Лайф Саппот). Кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясы (Advanced Cardiac Life Support (Адвенсед Кардиа Лайф Саппот). Педиатриядағы кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясы Pediatric Advanced Life Support (Педиатрик Кардиа Лайф Саппот). 2010 жылғы реанимация бойынша Еуропалық кеңестің ұсыныстары. Терминальді жағдайындағы клиникалық диагностика негіздері. Науқасты, зардап шегушіні біріншілік және екіншілік бағалау. Өмір тіршілігі функцияларының бұзылуының диагностикасы. ЖӨР-сын өткізуге арналған көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдер. Жүректің жабық массажы. Сафар тәсілі. Жүрек дефибрилляциясының әдістемесі. Трахея кеңірдегінің интубациясы.

МБП 03

Медициналық этика және коммуникативтік дағдылар




Дәрігердің коммуникативтік құзыреттілігі: негізгі бөліктері, медициналық қызмет сапасына әсер етуі, Медициналық этика және деонтология мәселелері. Пациентке бағдарланған консультацияның негізгі дағдылары, стратегиялары мен техникасы (байланыс орнату, сұхбатты басқару, белсенді тыңдау, пациенттің көзқарасын анықтау және бөлісу, пікір білдіру, ақпарат беру және бірлесе шешім қабылдау, қолдау көрсету жоспарын құру, жинақтау және кері байланыс жасау). Шиеленсті жағдайдағы мінез-құлық стратегиясы. Медицинадағы командалық жұмыстың негізгі дағдылары: көшбасшылық, коммуникация, өзара қолдау көрсету, жағдайды қадағалау. Медициналық командадағы өзара тиімді әрекет ету құралдары мен стратегиялары.

ТБП

Таңдау бойынша компонент

ҚА

Қорытынды бақылау

7. «Клиникалық зертханалық диагностика» мамандығы бойыншабіліктілікті арттыру сертификаттау циклінің білім беру бағдарламасының мазмұны (жоғарғы және бірінші санаттар үшін)



Пәндер атауы, олардың негізгі бөлімдері

Клиникалық зертханалық диагностикадағы инновациялық технологиялар

Клиникалық зертханалық диагностикадағы инновациялық технологиялар. Зертханалық зерттеулерді автоматтандыру: гематологиялық, биохимиялық, иммуноферменттік, несеп анықтау. Тұқым қуалайтын ауруларды диагностикалаудың молекулярлы-генетикалық, геномдық технологиялары.

Кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету алгоритмі

Базалық реанимация – Basis Life Support (Бэсик Лайф Саппот). Кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясы (Advanced Cardiac Life Support (Адвенсед Кардиа Лайф Саппот). Педиатриядағы кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясы Pediatric Advanced Life Support (Педиатрик Кардиа Лайф Саппот). 2010 жылғы реанимация бойынша Еуропалық кеңестің ұсыныстары. Терминальді жағдайындағы клиникалық диагностика негіздері. Науқасты, зардап шегушіні біріншілік және екіншілік бағалау. Өмір тіршілігі функцияларының бұзылуының диагностикасы. ЖӨР-сын өткізуге арналған көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдер. Жүректің жабық массажы. Сафар тәсілі. Жүрек дефибрилляциясының әдістемесі. Трахея кеңірдегінің интубациясы.

Медициналық этика және коммуникативтік дағдылар

Дәрігердің коммуникативтік құзыреттілігі: негізгі бөліктері, медициналық қызмет сапасына әсер етуі, Медициналық этика және деонтология мәселелері. Пациентке бағдарланған консультацияның негізгі дағдылары, стратегиялары мен техникасы (байланыс орнату, сұхбатты басқару, белсенді тыңдау, пациенттің көзқарасын анықтау және бөлісу, пікір білдіру, ақпарат беру және бірлесе шешім қабылдау, қолдау көрсету жоспарын құру, жинақтау және кері байланыс жасау). Шиеленсті жағдайдағы мінез-құлық стратегиясы. Медицинадағы командалық жұмыстың негізгі дағдылары: көшбасшылық, коммуникация, өзара қолдау көрсету, жағдайды қадағалау. Медициналық командадағы өзара тиімді әрекет ету құралдары мен стратегиялары.

Қорытынды бақылау

8. «Клиникалық зертханалық диагностика» мамандығы бойыншабіліктілікті арттыру сертификаттау циклінің білім беру бағдарламасының мазмұны (екінші санат үшін)



Пәндер атауы, олардың негізгі бөлімдері

Клиникалық зертханалық диагностикадағы зертханалық зерттеулердің заманауи әдістері

Клиникалық, биохимиялық, коагуологиялық, иммуноферменттік және цитологиялық зертханалық диагностикадағы жаңа әдістер.

Кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету алгоритмі

Базалық реанимация – Basis Life Support (Бэсик Лайф Саппот). Кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясы (Advanced Cardiac Life Support (Адвенсед Кардиа Лайф Саппот). Педиатриядағы кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясы Pediatric Advanced Life Support (Педиатрик Кардиа Лайф Саппот). 2010 жылғы реанимация бойынша Еуропалық кеңестің ұсыныстары. Терминальді жағдайындағы клиникалық диагностика негіздері. Науқасты, зардап шегушіні біріншілік және екіншілік бағалау. Өмір тіршілігі функцияларының бұзылуының диагностикасы. ЖӨР-сын өткізуге арналған көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдер. Жүректің жабық массажы. Сафар тәсілі. Жүрек дефибрилляциясының әдістемесі. Трахея кеңірдегінің интубациясы.

Медициналық этика және коммуникативтік дағдылар

Дәрігердің коммуникативтік құзыреттілігі: негізгі бөліктері, медициналық қызмет сапасына әсер етуі, Медициналық этика және деонтология мәселелері. Пациентке бағдарланған консультацияның негізгі дағдылары, стратегиялары мен техникасы (байланыс орнату, сұхбатты басқару, белсенді тыңдау, пациенттің көзқарасын анықтау және бөлісу, пікір білдіру, ақпарат беру және бірлесе шешім қабылдау, қолдау көрсету жоспарын құру, жинақтау және кері байланыс жасау). Шиеленсті жағдайдағы мінез-құлық стратегиясы. Медицинадағы командалық жұмыстың негізгі дағдылары: көшбасшылық, коммуникация, өзара қолдау көрсету, жағдайды қадағалау. Медициналық командадағы өзара тиімді әрекет ету құралдары мен стратегиялары.

Қорытынды бақылау

Қолданылған қысқартулар:
НП – негізгі пәндер;
МНП – міндетті негізгі пәндер;
БП – бейінді пәндер;
МБП – міндетті бейінді пәндер;
ТБП – таңдау бойынша бейінді пәндер;
ҚБ – қорытынды бақылау.
Медицина және фармацевтика
кадрларының біліктілігін
арттыру мен қайта даярлаудың
үлгілік бағдарламасына
24-қосымша


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет