«Фармация (фармацевт ассистенті, фармацевт)» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасының үлгілік оқу жоспары мен мазмұны 1. «Фармация (фармацевт ассистенті, фармацевт)» мамандығы бойынша қайта даярлаудың үлгілік оқу жоспары
2. «Фармация (фармацевт ассистенті, фармацевт)» мамандығы бойынша біліктілікті арттыру циклінің үлгілік оқу жоспары
Пән коды
Пәндердің атаулары
Оқу жүктемесінің көлемі (сағат/апта)
Оқу жүктемесінің көлемі (сағат/апта)
Бақылау
нысаны
ТБП
Таңдау бойынша компонент
54/1
108/2
Сынақтар
ҚБ
Қорытынды бақылау
2 (ТБП-ден)
2 (ТБП-ден)
Жиыны
54/1
108/2
3. «Фармация (фармацевт ассистенті, фармацевт)» мамандығы бойынша қайта даярлаудың білім беру бағдарламасының мазмұны
Пән коды
Пәндердің атаулар және олардың негізгі тараулары
НП
Негізгі пәндер
БП
Бейінді пәндер
МБП
Міндетті компонент
МБП 01
Фармация экономикасы және ұйымдастыру
Қазақстан Республикасында фармацевтикалық істі ұйымдастырудың заманауи жағдайлары. Заманауи фармацевтикалық салада менеджмент және маркетинг негіздері. Фармацевтің этика және деонтология нормалары. Тиісті дәріханалық практика. Фармацевтикалық қызмет тұтынушыларын қамтамасыз ету ережелері. Дәрілік заттарды медициналық мақсаттағы бұйымдарды, медициналық техниканы рецептуралық және рецептсіз босатылуы.
МБП 02
Дәрі түрлерінің технологиясы
Дәрілер өндірісінің практика және теориялық болашақтағы дамуының заманауи жағдайы. Биофармация, заманауи фармация дамуының жаңа кезеңі. Майдадисперсті сусымалы дәрілік түрлер. Ерітінділер. Табиғи және синтетикалық (жасанды) жоғары молекулалық қосылыстар, олардың қасиеті. Коллоидты ерітінділер, суспензиялар, эмульсиялар. Тұнба және қайнатпалар. Жақпа майлар. Суппозиторийлер. Инъекциялық дәрілік түрлері. Изотонды дәрілер. Көз жақпа майлары және тамшылары. Антибиотиктері бар дәрі түрлері. Балаларға арналған дәрі түрлері. GXP – фармация практикасының тұжырымдамасы. Табиғи фармация.
МБП 03
Фармацевтикалық химия
Фармацевтикалық химия пәні және мазмұны. Фармацевтикалық химияның негізгі мәселелері. Фармацевтикалық химиядағы жаңа бағыттар. Заманауидағы дәрілік заттарға қойылатын
медициналық-биологиялық талаптар. Жаңа дәрілік заттарды жасау және сапасын бақылаудағы зерттеу әдістері фармацевтикалық химияның мақсаттары болып табылады. Дәрілік зат сапасын реттейтін Мемлекеттік принциптер және ережелер. Дәрілік заттардың сапасын бақылайтын ұйымдар. Дәрілік заттардың және медициналық техника бұйымдарынының сапасын бақылайтын Мемлекеттік инспекциялар. Сақтау (дәріханалық қоймалар) және тарату кезіндегі бақылау. Дәріханаішілік бақылаудың ерекшеліктері.
МБП 04
Фармакогнозия
Қазақстан Республикасында дәрілік өсімдіктің заманауи жағдайлары және қолдану жетістіктері. Жинау, кептіру ерекшеліктері. Дәрілік өсімдік шикізатына нормативтік техникалық құжат. Дәрілік шикізатты талдау түрлері. Фитотерапияның негізгі прнициптері, дәрілік жинақтар және олардың қолданылуы.
ҚБ
Қорытынды бақылау
Қолданылған қысқартулар:
НП – негізгі пәндер;
МНП – міндетті негізгі пәндер;
БП – бейінді пәндер;
МБП – міндетті бейінді пәндер;
ТБП – таңдау бойынша бейінді пәндер;
ҚБ – қорытынды бақылау.