Бағдарламасына нұСҚаулық руководство к типовой учебной программе дошкольного воспитания и



бет24/152
Дата15.10.2023
өлшемі8,98 Mb.
#115206
түріБағдарламасы
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   152

Білектесу


Бір үстелдің шетіне қарама-қарсы отырған екі бала оң қолдарының шынтағын үстелге тіреп қояды да, бірінің қолын бірі алақандастыра мықтап ұстайды. Сол жақтағы қолдарын әркім өзінің оң жақ қолтығына тығып алады. Осылай ұстасып алған екі палуан бала, ойын бастаушы белгі берісімен, шынтақтарын сол орнынан қозғамай, қарсыласының тіреулі қолын шалқасынан түсіруге ұмтылады. Білегі тайып жантайған бала жеңіледі. Бұл білек күшінің жетілуіне көмектеседі.


Қара сиыр


Ойын көбінесе далада, көгалды жерде, кең аулада ойналады. Ойынға кіші, орта буын мектеп оқушылары қатынасады. Ойынға 3 не 10, одан да көп ойыншы қатынасады. Көбінесе ойынға қара зат таңдап алынады (ескі малақай, құм салған дорба т. б.). Ойынға қатынасушылар шеңбер құрып, көздерін жұмып түрысады. Ойынды басқарушының берген бұйрығымен бір ойыншы шеңберден шығып, тығуға әзірленген затты алып тығылады.
Ойынға қатынасушылардың міндеті — сол тыққан затты іздеп табу. Егер тығылған зат табылса, ойын жүргізуші ойынға қатынасушылардың барлығына естірте дауыстап жариялайды да, барлығын табылған заттың төңірегіне жинайды. Заттың иесі өз затын қорғайды да, басқалары оны алдап-сулап, көңілін басқа жаққа бұрып әлгі затты тартып алуға тырысады. Затты кім ала алатын болса, сол затты тығушы қызметін атқарушы болады да, қалғандары қайта шеңбер құрысып көздерін жұмады. Ойын осы тәртіппен жүре береді. Ойын таза ауада дем алуға, ойлауға, тапқырлыққа баулиды

Киіз үй


Ортаға арқалығына орамал ілінген төрт орындық қойылады. Балалар орындықты айнала жүгіріп, нұсқаушының дабылы бойынша «киіз үй» құрады: орамалдың бұрышынан ұстап жоғары көтереді.


Итеріспек


Диаметрі 3-4 метрдей болатын шеңбердің ішіне ойынға қатысушылар тұрады. Белгі бойынша қарсы тұрған қарсыластар бір-бірін шеңберден итеріп шығаруға тырысады. Қолмен де, иықпен де итеруге болады. Шеңбердің ішінде қалған ойыншы жеңіске жетеді.


Қазан


Асықтарды көлденең нысанаға 3 метр қашықтықтан лақтырады. Сөреден 3 метр жерде үлкен қазан тұрады (шеңбер). Белгі бойынша әр топтың ойыншылары асықтарды қазанға лақтырады. Қазанның ішіне көбірек асық түсірген топ жеңеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет