Бағдарламасына нұСҚаулық руководство к типовой учебной программе дошкольного воспитания и



бет27/152
Дата15.10.2023
өлшемі8,98 Mb.
#115206
түріБағдарламасы
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   152

Атбақыл


Асықпен ойналатын ойындардың бірі — «Атбақыл» немесе «Көтеріспек» деп аталады. Ойынға екі-екі баладан қатысады, қалғандары көрушілер болады. Ойынға қатынасушылар кез келген жерді таңдап алады да, өздері тұрған жерлеріне белгі соғады. Сол белгі соққан жерден біреуі қолындағы асығын (не топайын, сиыр асығын, «топай» деп атайды) алыстата иіріп тастайды. Екінші ойыншы қолындағы асығымен оны атады.Егер де ол тигізсе, бірінші ойыншы оны сақасы барып түскен жерге дейін арқалап барады. Енді екінші ойыншы сақасы түскен жерде тұрып, асығын алыстата иіріп тастайды. Бірінші ойыншы оны атады. Тигізсе, сақасы жатқан жерге дейін екінші ойыншы арқалап апарады. Егер асыққа тимей кетсе, келесі ойыншы атады. Ойын осылайша жалғаса береді де, ойыншылардың өзара келісімі бойынша тоқталады.


Ханталапай


Бұл отырып ойналатын ойын. Оған төрт-бес үміткерден қатысады.Ойын үшін он асық таңдап алынады. Он бірінші асықтың ерекше өзге түске (қызыл, не көк) боялған болуы шарт. Бір-бірден асық иіріледі де, қорытынды бойынша ойыншылардың кезектері анықталады. Бұдан соң алғашқы ойыншы қос уыстай ұстаған бар асықты ортаға иіруі керек. Қалған ойыншылар өзге асықтардан ерекшеленген «ханға» көз салады.Себебі, хан алшы түссе, барлығы тарпа бас салып, ортадағы асықтарды, хан талапай жасауы тиіс. Хан кімнің қолында кетсе, келесі үйірі кезегі соған беріледі екен, хан мен бірге қолына ілінген асықтардың санына қарай ұпай жазылады.
Хан алшы түспеген жағдайда иірген ойыншы шашылған асықтардың бүгі мен бүгін, шігі мен шігін, алшысы мен алшысын, тәйкесі мен тәйкесін бір-біріне соғып, бір-біріне тимей қалғанша ұпай жинайды. Көздеген асығы үшінші бір
асыққа тиіп кетсе немесе бөгде асықты қозғап қалса да, ойынның бұзылғаны. Онда кезек келесі ойыншыға беріледі. Осы ретпен әр ойыншы жинаған асығының санына қарай ұпай жинайды. Межелі ұпай санын (100, 40) ойын жүргізуші алдын-ала белгілейді. Межеге бұрын жеткен ойыншы жеңімпаз болып саналады.
Ескерту: Асықтарды бір-біріне тигізу кезінде қолмен сүйретіп апаруға, орнынан қозғап түзетуге болмайды. Ойынның соңына дейін ханға бірде-бір асық тимеуі керек. Себебі ол – хан.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет