Менің барлық тілегім,
Елім аман болсын дер едім. Аппақ қардай ақ мамық, Менің бала жүрегім.
Қарашы, әне, қалаға, Қарға бүккен айнала.
Қыс
Үйде отырмай достарым. Жүр шығайық далаға.
Қардың үсті таптала Келе жатыр көп бала, Қар үстінде күресіп, Жасайды олар аққала!
Сабитова Гулмира Газизовна
Балапаным биік ұш, Жүрекке жыр түйіп ұш. Жеріңе бол қорғаныш, Еліңе бол сүйеніш.
Тас бұлақтай таза бол, Жамандықтан ада бол. Өсіп балабақшада,
Ең ақылды бала бол.
Балапаным, биік ұш!
Таңғы ауаны жұтамын, Құстай болып ұшамын. Тәрбиеші апайлар Жаяды кең құшағын.
Жаңа туған айдаймыз, Гүлдей болып жайнаймыз.
Балабақша ұямыз
Өлең жаттап, ән айтып, Балалармен ойнаймыз. Балабақша ұямыз, Бәріміз де сиямыз.
Тәрбие мен білімнің, Бәрін бойға жиямыз.
Бесікте тұр сылдырмақ, Сылдыр-сылдыр сыңғырлап. Кішкентай бөпешім,
Ойнай кетті былдырлап. Қызығып, қолына алады,
Сылдырмақ
Сылдырмақ әнге салады. Тоқтап қалса бөпешім, Сылдырмақ үнсіз қалады.
Сылдырмағым сылдырла, Былдырла, бөпем былдырла.
Біз бақытты баламыз, Бәрінің көңілін табамыз. Жасы үлкендер мақтаса, Шаттанып бір қаламыз.
Ойнауға да ойлауға Жеткіземіз уақытты. Күндерді қыста,жазда да
Таудан биік боламын, Ақылым көп баламын. Жақсы оқып сабақты, Үлкен жігіт боламын.
Өткіземіз бақытты.
Оқуменен өнерде Оттай лаулап жанамыз. Қызыққа толы өмірде Біз бақытты баламыз.
Достарыңызбен бөлісу: |