Бағдарламасына нұСҚаулық руководство к типовой учебной программе дошкольного воспитания и



бет72/152
Дата15.10.2023
өлшемі8,98 Mb.
#115206
түріБағдарламасы
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   152
Балабақша Тамаша ғой бақшамыз, Саяхатқа шығамыз.
Алға басып келеміз, Бәрін, бәрін білеміз.
Е.Өтетілеуұлы

Балабақша Ойыншықты жинаймыз, Бөбектерге сыйлаймыз. Үлкен болып өссек те, Бақшамызды қимаймыз.
А.Меңжанова

Балабақша Балабақша базарлы үй, Ауылдағы ажарлы үй.
Шаттығы бар шуақты, Өз үйіміз сияқты.
Ә.Қонарбаев




Мен бақшаға барамын Мен бақшаға барамын, Ойнаймын, ән саламын.
Тәрбиеші апайлар, Досы барлық баланың.

«Балабақша» Мамаңа еріп келдің сен, Папаңа еріп келдің сен.
Қаладағы ең жақсы үй, Балабақша мен білсем.

Араздықты білмейміз, Тамақты да бір жейміз. Жаман бала секілді, Жұлқысып біз жүрмейміз.
Ф.Оңғарсынова

Себебі ме, себебі, Себебі ме, себебі. Барлық мама келеді, Барлық папа келеді.
Е. Ашықбаев

«Менің бақшам»
Бәрі де бар бақшада Ойын бөлме,
Асхана, Орындық та,Тақта да. Заттар да көп бақшада
Жүрем кейде қапа боп Мазалайды көп сұрақ Кілең татей
Ата жоқ
Әжелер де жоқ бірақ.
Ө. Ақылбеков

Балабақша
Балдырғанды мәпелер, Бақшада бар тәтелер, Қолымыздан жетектеп Бізді сонда әкелер.
Өз үйіміз анамыз, Күнде – күнде барамыз. Достарменен табысып, Қуанысып қаламыз.
С.Мұғамедиев



Балабақта Бағында бұл балалар Іні, Әпке, Аға бар.
Ойыншықтар мол онда: Машина,
Арпа, Шана бар.
Жазатұғын тақта бар, Кісінейтін ат та бар, Үйретеді тақпақ та, Жаңылыспай, жаттап ал. Айтып ертек, әңгіме, Үйретеді әнді де
Беріп кәмпит, Тамақ та, Оқытады сабақта.
С.Оспанов





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет