Жобаның қысқаша сипаттамасы: Қазіргі жас ұрпақ біздің болашағымыз. Бұл жас ұрпақтың ішінде қарапайым балалар да, даму мүмкіндігі шектеулі балалар да бар. Ендеше бұл балаларды бөлмей, бәріне бір көзқараспен қарап,олардың болашағына жол ашуға көмектесейік.
Бірақ бір сәт даму мүмкіндігі шектеулі балалардың орнында болып көрейікші,бізге қандай ауыр болса,оларға бізден аса ауыр. Сондықтан,даму мүмкіндігі шектеулі балалардың, мүгедек балардың толық көлемде өмір сүруі үшін біздің еңбектенуіміз керек. Сондықтан мүмкіндігі шектеулі балалар үшін дамыту орталығын ашуды жоспаралап отырмын.
Жобаның мақсаты: Мүмкіндігі шектеулі балаларды даму деңгейіне жеткізу
Инлюзиві білім беру бағдарламасымен жұмыс жасау
Диогнозына байланысты әр баламен жеке жұмыс
Мүмкіндігі шектеулі балаларды қабылдау
Артықшылықтары: 1) Адамдардың кең ауқымымен, оның ішінде денсаулығында шектеулер жоқ адамдармен, яғни қарапайым адамдармен өзара әрекеттесу. Инклюзивті білім пайда болғанға дейін ерекше қажеттіліктері бар адамдар арасында мұндай байланыс мүмкіндігі іс жүзінде болмаған. Әр түрлі мүгедектердің көпшілігі үшін әлеуметтік шеңбер туыстарымен және оңалту орталықтарының басқа қонақтарымен шектелді. 2) Қоғамға басқа балалармен тең дәрежеде интеграциялану мүмкіндігі. Ерекше қажеттіліктері бар адамдар көрмелер, мұражайлар, театр қойылымдары сияқты мәдени шараларға қатыса алады. Алайда қол жетімді тосқауылсыз орта олар үшін қажеттіліктеріне сай бейімделуі керек.