Бағдарламасына нұСҚаулық руководство к типовой учебной программе дошкольного воспитания и



бет85/152
Дата15.10.2023
өлшемі8,98 Mb.
#115206
түріБағдарламасы
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   152
Байланысты:
Үлгілік оқу бағдарламасына нұсқаулық

Қазақ жері Шұғылалы таңымыз, Қазақ жері- бағымыз.
Қойнауынан мөп-мөлдір, Сусындайды жанымыз.
Қазақ жері –сәніміз, Мәуесі мол бағымыз, Саясында жетілер, Балдай бала шағымыз.
Р.Тышқанбаев

Жер бетіне нұр таңым.
Бар адамға шуақты Осы менің Отаным.
Б. Ысқақ




Алматы
Гүлзар баққа оранған, Күннен киген бөрікті. Аққудайын таранған Алматы – әсем, көрікті.
Т. Молдағалиев

Қазақ тілі
Қазақ тілі – ата-анаң, Қуат алар Отан да одан. Дүниенің бар асылы
Тең келмейді ешбір оған.
Ө. Ақыпбеков

Жаңа жыл келді Аспан жерге төгеді,Ақ күмісін уыстап. Жаңа жылда келеді,
Бізге қарай жылыстап. Өлең де әзір, ән де әзір, Ойын да әзір, бәрі де әзір. Кел, Жаңа жыл біздерге, Кел, Жаңа жыл, Жаңа жыл!
Сағи Жиенбаев

Шырша Жасыл шырша төрдегі Дейді: «Бәрің көр мені!» Кеткен әсем құлпырып, Ойыншықтар тұр тұнып. Түрлі түсті шамдары – Түнде ғажап жанғаны.
Көргендерді елітеді Керемет бip epтeгi.
Е. Ерботин

Көбейсін жасыл көшелер
Үйеңкі, терек, қарағай Бойлай өсті күн сүйіп. Көшеміз де жағалай, Жасыл шапан тұр киіп. Көкке қарай бойласын, Терең тартып тамырын. Көк желекке орансын, Менің туған ауылым
М.Зайтов

Қарағай Көкке бойын созады, Көпке қолын созады.
Кең құшағын ашады, Көлеңкесін тосады.
Көк қарағай,қарағай, Мейірбанды анадай.
М.Әлімбаев




Ақ қайың Алатауды бөктерлей, Өседі ылғи ақ қайың.
Жапырағы көкпенбек, Жайқалады жаз сайын.
Н.Әлімқұлов


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет