Бағдарламасына нұСҚаулық руководство к типовой учебной программе дошкольного воспитания и



бет82/152
Дата15.10.2023
өлшемі8,98 Mb.
#115206
түріБағдарламасы
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   152
Сондай бала бола ма?
Күнде бетін жумайды,
«Жу» десең-ақ жылайды. Өз-өзіне өкпелеп,
Жатып алып тұрмайды. Дейді жылап: «Жолама» Сондай бала бола ма?
Беті қандай кір еді, Айниды адам жүрегі. Көрсе осы кескінін, Күледі-ау жұрт, күледі. Сондай бала бола ма?
Сендер оған жолама.
А.Шамкенов

Балмұздақ
Үйде жалғыз қап Жеп ем балмұздақ. Қалдым ауырып, Укол салғызбақ.
Сүттей балмұздақ Бейне қар- мұздақ Тағы жеп едім, Тісім тұр мұздап.
Н.Қалқа

«Менің ойыншықтарым» Жүрмейсің бе абайлап Болмасаншы ұрыншақ
Асыр салып көп ойнап Ақсап қапсын, құлыншақ.

Біз осылай өсеміз
Суда жүзіп өсеміз, Қырда жүріп өсеміз. Күнде қызып өсеміз, Құмда шыжып өсеміз.

Ашытпайды көзіңді Шомыла қой, балақай. Қарашы енді өзіңе Аппақ болдың алақай. Түймең қалды үзіліп Неге қадап алмайсың Тұр ғой әне ине –жіп Неге ұқыпты болмайсың
М.Әлімбаев

Таулар көріп өсеміз, Баулар егіп өсеміз. Жеміс теріп өсеміз, Жеңіскер боп өсеміз. Талаптанып өсеміз, Қанаттанып өсеміз,
Талаптанып, қанаттанып өсеміз!
М.Әлімбаев

Шынықтыр сен денені
Теңізші боп егерде, Жүзем десең тереңде. Белден басып мұз-қарды, Кезем десең шыңдарды, Түлеп ұшар жас қанат Болам десең космонавт, Шарлау үшін әуені,
Қуат керек әуелі.
Жігер керек, от керек. Ерлік керек, еп керек.Ол үшін ең керегі – Шынықтыр сен денені.
Д. Қанатбаев




Футбол
Күтеді алдан ауыр сын Кездесіп пе ек бұл жолда. Волейболға тәуірсің, Қалай едің футболға?

Дәріс алғың кеп менен, Көктем таңнан оятты. Теңбіл допты теппеген, Мақтау қиын аяқты.


Кел қасыма кідірме, Үнемдейік уақытты. Доппен бірге жүгірген, Бала неткен бақытты.


Ал тілімді, қарағым, Аялдама, түр, жүгір. Футбол тепкіш баланың, Сандары да жұп-жұмыр.


Топқа қалай кіресің, Өз күшіңе сенбесең. Құстай ұшып жүресің,


Аспанда емес, жерде сен.

Ұмтыласың күнде алға Тартпай бойың керенау. Футболшыға, футболға,Ел құрметі бөлек-ау.


Т. Молдағалиев



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет