Егов және Е Салық бағдарламасы арқылы бере аласыздар (Е Салық
бағдарламасында арнайы тақтайша қарастырады).
2022 жылы 30 желтоқсанда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы
азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы»
Заңға қол қойылды. Заң 1 қаңтарда ресми түрде жарияланды. 2023 жылдың 3
наурызынан бастап қарыздары бар, сол қарыздарын өтей алмайтын азаматтар
аталған Заң бойынша банкроттық туралы өтініш бере алады
Заңда 3 түрлі рәсім көзделген. Олар – соттан тыс банкроттық, сот арқылы
банкроттық және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру. Аталған рәсімдерге
тек қарыз
алушының өзі бастамашы бола алады
, яғни кредитор борышкердің банкроттығына
өтініш беруге құқылы болмайды.
Бірінші рәсім – соттан тыс банкроттық.
Оны тек
банктер, микроқаржы ұйымдары
және коллекторлық агенттіктер
алдындағы қарыздар бойынша қолдануға болады. Ол
үшін келесі шарттар сақталуы қажет:
•
Борыш 5,5,20 млн теңгеден аспайды;
•
Кредит 12 ай бойы өтелмеген болса;
•
Меншігінде тіркелген мүлік, оның ішінде ортақ меншіктегі мүлік болмаған
жағдайда;
•
Банкпен реттеу жүргізілгеннен кейін.
Бұл ретте атаулы әлеуметтік көмек алушылар үшін 6 ай ішінде және берешегі 5 жылдан
артық өтелмеген азаматтар үшін ерекше жағдайлар көзделген.
Өтінішті
«электронды
үкімет порталы» арқылы беруге болады.
Ақпараттық жүйе арқылы борышкердің тиісті критерийлерге сәйкестігі тұрғысынан
мемлекеттік органдардың деректерімен автоматты түрде салыстыру жүргізіледі.
Екінші рәсім – сот банкроттығы.
Оның мақсаты – банкроттың мүліктік массасы
есебінен кредиторлардың талаптарын барынша қанағаттандыру.
Сот арқылы банкроттық егер борышкердің мүлкі бар болса ол сауда-саттық кезінде
сатылады.
Алайда, бұл жерде ескеретін тұстар бар. Кредитор сот арқылы банкроттық
барысында борышкердің жалғыз баспанасын тек ол кепіл нысанасы болған жағдайда ғана
алып қоюға құқылы.
Егер кепілге қойылмаған жалғыз баспана болса оны алуға құқығы жоқ.
Егер қарызы сатылған кепіл мүлкінен көп болса, қалған өтелмеген сома
борышкердің жосықсыздығы белгілері болмаған жағдайда есептен шығаруға жатады, яғни
мүлікті немесе ол туралы ақпаратты жасыру, жалған ақпарат ұсыну және т.б.
Сот арқылы банкроттық рәсімін қаржылық басқарушылар жүзеге асырады, олардың
құрамына:
•
заңды тұлғалардың және ДК банкроттығы рәсімін жүзеге асыратын әкімшілер;
•
кәсіби бухгалтерлер;
•
заң консультанттары;
•
аудиторлар кіреді.
Қаржылық басқарушылардың көрсететін қызметтері ақылы болып келеді. Олардың
қызметтеріне ақы төлеу борышкердің мүлкі есебінен жүргізіледі (бір айдағы 1 ЕТЖ, 2023
жылы – бұл 70 мың теңге). Халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын, мүлкі жоқ
тұлғаларға қаржылық басқарушылар қызметті тегін көрсетеді. Қаржылық
басқарушылардың тізімі (Тізілімі) ҚР Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында
жарияланады.
Үшінші рәсім – төлем қабілеттілігін қалпына келтіру.
Онда сот арқылы борышты
бөліп-бөліп төлеу мүмкіндігі көзделеді. Оның артықшылығы – азамат «банкрот» деп
саналмайды. Демек, банкрот үшін көзделген салдарлар оған қолданылмайды.
Тұрақты кірісі бар азаматтар осы рәсімді қолдана алады, ол борышты 5 жылға дейін бөліп
төлеу мүмкіндігін сот арқылы алуды көздейді. Төлем қабілеттілігін қалпына келтіруге
өтініш беруді жоспарлап отырған борышкер үшін жалғыз шарт –
борыш мөлшері қарыз
алушыға тиесілі мүліктің құнынан аспауы керек.
Қалпына келтіру жоспары қаржы басқарушысымен бірлесіп әзірленеді және сотта
бекітіледі. Қалпына келтіру шаралары:
•
мүліктің бір бөлігін сатуды;
•
мүлікті жалға беруді;
•
жаңа үй сатып алу арқылы тұрғын үйді сатуды;
•
құны төмен тұрғын үйге айырбастауды және басқаны қамтиды.
Банкроттықтың салдары:
•
5 жыл ішінде қарыздар мен кредиттер алуға шектеу (ломбардтардың
микрокредиттерін алудан басқа);
•
банкроттықты 7 жылдан кейін ғана қайта қолдану мүмкіндігі;
•
3 жыл бойы қаржы жағдайының мониторингі.
Банкроттық және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімі туралы кеңесті
қайдан алуға болады?
•
Бұл туралы ақпарат Қаржы министрлігі мен ведомствоның кірістер комитеті
сайтында жарияланады;
•
1414 (қосымша нөмір 3) нөміріне хабарласуға болады;
•
Тelegram-чатта ботқа қосылуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |