Бағдарламасындағы cg 1234 «Цитология және гистология»


Жұмыстың орындалу тәртібі



бет4/4
Дата10.12.2022
өлшемі82,66 Kb.
#56290
түріБағдарламасы
1   2   3   4
Байланысты:
PPXVELGZWBZM15102022084523

Жұмыстың орындалу тәртібі:

  1. Пластинкалы комплекстің жоба суретін арнайы альбомға жай қарындашпен көшіріп салу қажет. Оның нәзік құрылымымен толық танысу.

  2. Өсімдік және жануар клеткаларынан дайындалған тұрақты препараттарды микроскоп арқылы алдымен кіші ұлғайтқышымен, кейіннен үлкен ұлғайтқышымен бағдарлап, зерттеу.

  3. Бауыр клеткасының лизосомаларының электронды микрофотосын бағдарлап, жоба суретін арнайы альбомға жай қарындаштармен көшіріп салу қажет.

  4. Рибосомалардың құралдағы жоба суретімен танысып, арнайы альбомға жай қарындаштармен көшіріп салу керек.

Қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау ережесі: Микроскоппен жұмыс істеудің негізгі ережелерін сақтау.
Деңгейлік тапсырмалар:
Күрделі деңгей:
1. Ядро, оның құрылысы мен қызметін талдап көрсетіңіз.
Орта деңгей:
2. Хромосома, олардың құрылымы туралы түсіндіріңіз.
Жеңіл деңгей:
3. Хромосомалардың түрлерін сипаттап көрсетіңіз.
ОБӨЖ тапсырмалары:
Эпителий ұлпалары, құрылысы, түрлері, гистогенезі және регенерациясы.
БӨЖ тапсырмалары:
Биотехнологиялық зерттеулердің дамуындағы цитологияның жетістіктері.
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
Негізгі:

  1. Жумашов С.Н. Гистология, цитология және эмбриология. Гистология-1. Оқу құралы. Түркістан: Тұран, 2016.

  2. Есимова Р.Ж., Нурсейтова К.Т. Гистология, эмбриология цитология. Оқулық.Мәскеу: «ГЭОТАР-Медиа»,2014.

  3. Сейтбаев Қ.Ж. Клетка биологиясына кіріспе. Оқу құралы. - Алматы : TechSmith, 2022.

  4. Талханбаева З.А.және т.б. Биология мамандығы студенттеріне арналған тесттер жинағы. Түркістан, 2015.

Қосымша:
5. Жиенбай С.Б., Кемелбаева А.К. Цитология және гистологиядан зертханалық жұмыстар. Оқу-әдістемелік нұсқаулар. Арқалық: Арқ.МПИ, 2016. http://rmebrk.kz/book/1165750
6. Сапаров Қ.Ә., Базарбаева Ж.М. Гистология, цитология и эбриология. Симферополь, 2012. http://rmebrk.kz/book/33202



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет