Бағдарламасындағы cg 1234 «Цитология және гистология»


Лабораториялық сабақтың мазмұны



бет2/4
Дата10.12.2022
өлшемі82,66 Kb.
#56290
түріБағдарламасы
1   2   3   4
Байланысты:
PPXVELGZWBZM15102022084523

Лабораториялық сабақтың мазмұны: Гольджи аппараты немесе кешені 1898 жылы бірінші рет итальян ғалымы Гольджи нерв клеткаларын зерттегенде ашылған және сол кісінің құрметіне осылай аталған. Кейіннен пластинкалы комплекс омыртқалылар мен омыртқасыздардың басқа да ұлпаларынан табылды. Жай микроскоппен пластинкалы комплекстің тор және диктиосомалы түрінде немесе оның жинақы, болмаса диффузиялы түрінде болатынын анықтауға болады. Пластинкалы комплекстің жинақы түрі ядроға жақын орналасатын болса, ал диктиосомалы түрі цитоплазмада әр қалай орналаса береді. Пластинкалы комплекстің өсімдік пен омыртқасыз жануарларда көбіне диктиосомалар түрі кезігеді.
Кейінгі кезде көптеген зерттеушілер оны эндоплазмалық тор элементтеріне жатқызып жүр. Себебі электронды микроскоппен қарағанда олар клетка ішіндегі мембраналық құрылымдар: вакуольдер мен қуысшалардан тұратынын байқайсың. Олар жалпақ қуысшалар, әртүрлі көлемдегі вакуольдер мен майда көпіршіктерден тұрады (сурет 12).

Сурет 12. Гольджи аппараты немесе пластинкалы комплекс
1-ірі вакуоль; 2-бөлінейін немесе қосылайын деген вакуоль; 3-майда көпіршіктер;
4-пластинкалы комплекстің жалпақ қуысшалары

Бұл жүйе эндоплазмалық торлар мен плазма мембранасымен байланысты. Пластинкалы комплекстің элементтері көбіне 5-8-12 жалпақ қуысшалардың бір-бірінің үстіне орналасқан топтарынан тұрады. Дегенмен, олардың саны, көлемі және бір-бірінен ара қашықтығы әр түрлі ұлпаларда әр қалай бола береді.Пластинкалы комплекстің қызметі клеткалардың секрет бөлуімен байланысты. Алдымен белок секреттері эндоплазмалық торлардың рибосомаларында жүреді. Кейіннен олар пластинкалы комплекстің қуысшаларына өтеді. Бұл жерде секрет конденсацияланып, тығыздалады. Соңынан пластинкалы комплекстен мембранамен қапталып, үзіліп, секрет түйірлеріне айналады. Лизосомалардың пайда болуы секрет түйірлерінің пайда болуына сәйкес. Тек бұл құрылымдардың кейінгі тағдыры ғана әр түрлі. Егер секрет түйірлері клеткадан шығарылатын болса, лизосомалар клеткада қалып, клетка ішіндегі ас қорыту процестеріне қатысады. Осылайша пластинкалы комплекс тек секрет түзумен айналыспай, клетка ішіндегі ас қорыту процесіне қатысады. Пластинкалы комплекс клеткадағы май алмасуына және көмірсу, белоктар алмасуына қатысып, клетка ішіндегі әр түрлі қоспалар түзілуіне қатысады. Ұлпалардағы заттар сіңірілуі және шығарылуы Гольджи аппаратының қызметі. Пластинкалы комплекстің мембраналары клетка қоспаларын гиалоплазмадан бөліп тұрады.


Лизосомалар дегеніміз клетканың ас қорыту процесімен байланысты нәзік құрылымдар (сурет 13). Ол 1955 жылы Де Дювтің зерттеулері арқылы ашылды. Олар көлемі 0,2-ден 4 мкм-ге дейін, бір қабатты мембранамен қоршалған. Онда негізінен көптеген гидролитикалық ферменттер жинақталған. Оларды гидролаза ферменттері деп атайды. Оларға қышқыл фосфатаза, рибонуклеаза, катепсин, глюкоринодаза, сульфатаза т.б. ферменттер жатады.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет