Сурет 13. Лизосомалар құрылысы (электронды микрофотография): 1 - біріншілік лизосомалар; 2 - екіншілік лизосомалар
Лизосомалар полиморфты заттар болғандықтан оларды тек электронды микроскоп арқылы ғана байқауға болады. Олардың көбі пластинкалы комплекс маңына орналасқан. Лизосома Гольджи аппаратында секрет түйірлері сияқты пайда болады. Ферменттер түйіршікті эндоплазмалық торларда рибосомалар арқылы синтезделіп, Гольджи аппаратында лизосомаларға айналады. Екінші лизосомалар фагоцитоз немесе аутолиз процесінің арқасында бірінші лизосомалардан пайда болады. Мұндай жағдайда фагосомалар бірінші лизосомалармен қосылып, ірі екінші лизосомаларға айналады. Фагосомалар дегеніміз ішінде ұсталған қоректік заттары бар вакуольдер.
Көп жағдайларда лизосомаға түскен барлық заттар бірдей қорытыла бермейді. Сондықтан да лизосомалар ішінде қорытылмаған заттар қалып, қалдық заттарымен телолизосомаларға айналады. Мұндай құрылымдар не клеткалардан шығарылып жібереді, не болмаса клеткада ақырына дейін қалып қояды.
Жай микроскоптармен лизосомаларды цитохимиялық әдістерді қолдану арқылы ғана байқауға болады. Оның бірі қышқыл фосфатаза реакциясы.
Рибосомалардегеніміз диаметрі 15-25 нм болатын томпақ денешіктер. Олар ірі және майда бөлшектерден тұрады. Рибосомалар клеткада түйіршікті эндоплазмалық торлардың сыртында, цитоплазманың ішінде бос кейбір органоидтардың матриксінде кездеседі. Информациялық РНҚ-ларда 5-тен 70-ке дейін орналасқан рибосомалардың түрлерін полисома деп атайды. Рибосомалардың 40%-і РНҚ-дан, ал 60%-і белоктардан тұрады.
Рибосомалар клеткада белоктар синтезіне қатысады. Ол әсіресе эндоплазмалық торларда орналасқан рибосомаларда қарқынды жүреді. Рибосомалар түзген тізбектер моншақ тәріздес. Моншақтың жіпшелері информациялық РНҚ да, ал моншағы рибосомалар. Бос рибосомалар клетканың өзіне керекті белоктарды синтездесе, басқа органоидтардағы байланысқан рибосомалар немесе полисомалар клеткадан шығарылатын белоктарды синтездейді.
Оқытудың техникалық құралдары:микроскоп, өсімдік және жануар клеткаларының тұрақты препараттары.