Бағдарламасындағы ев 6306 «Эволюциялық биология»



бет2/3
Дата14.04.2023
өлшемі36,23 Kb.
#82635
түріБағдарламасы
1   2   3
Байланысты:
OWECXLAYAAOA13042023125140

Р 2 АА + 2рgАа + g2аа = 1,
Мұндағы р - А генінің кездесу жиілігі, ал g- а аллелінің кездесу жиілігі процент есебімен. Атап кететін нәрсе, Харди- Вайнберг заңы Мендельдің кездейсоқ комбинациялану принципіне негізделген басқа генетикалық заңдылықтар сияқты. Математикалық жолмен популяцияның шексіз көп саны болғанда ғана тура орындалады. Практикада бұл жағдай белгілі бір минимальды шамадан аз, саны бар популяциялар, Харди-Вайнберг заңының талаптарын канағаттандырмайды дегенді білдіреді.
Орыс ғалымы С. С. Четвериков еркін шағылысудың өзінде берілген популяцияда генотиптердің жиілігін тұрақтандыратын аппарат болады деген қорытынды жасады. Еркін шағылысудың нәтижесінде популяцияда генотиптік жиіліктердің тепе-теңдігін ұстап тұру процесі үнемі жүреді. Тепе-теңдіктің бұзылуы әдетте сыртқы күштердің әсеріне байланысты және оны бұл күштер әсер етіп тұрғанға дейін бақылауға болады. С. С. Чствериков түр губка секілді өзіне мутацияларды (жиі гетерозиготалық жағдайда) сіңіріп алады, бірақ өзі фенотип жағынан біркелкі қалады деп есептеген.
Егер популяцияда генотиптердің жиіліліктері Харди-Вайнберг формуласы бойынша есептелген нәтижелерден едәуір аутқитын болса, онда бұл популяция тепе-тендікте емес және тепе-тецдіктің орнауына кедергі жасайтын себептер бар деп пайымдауға болады
Мал шаруашылығында жеке тобындағы малдар, тұқым және туыстары да жатады. Оған басқа жерден әкелінбейді, популяцияда жұп таңдау өз ішінде жүреді.Әрбір популяция өзінің белгілі генофонымен яғни құрамын кіретін ген аллельдерінің жиынтығын сипаталады.
Популяцияның құрылымын генетикалық және статистикалық әдістер мен зерттеуді алғаш рет 1903 жылы В.Иоганнсен қолданды. Тұқымның көлеміне қарап үрме бұршаққа сұрыптау жасалған Иогансен олардың ұрпақтарының серілген тұқым көлеміне қарай ауытқылырын бақылады. Атап айтқанда егер ірі тұқым себілсе, ірі кішкене тұқым себілсе ұрпақтарының көлемі кішірейеді.
2.Табиғи мутация процесстің және сұрыптаудың нәтижесінде әр популяция өзіне тән нәсілдік қасиеттінің хромосома құрылымымен сипатталады. Осы тұқым қуатын бірліктерін (гендердің) популяциядағы жиынтығын А.С.Сереборский генофонд деп атады. Малдың әрбір тұқымы басқа тұқымдардан ең басты генафонд арқылы ерекшеленеді. Әр тұқымның өнім дәрежелері, сыртқы пішіні, физиологиялық ерекшеліктері және анатомиялық құрылысы осы гендер жиынтығымен анықталады. Егер тұқымның генофонында бағалы нәсілдік бастама болмаса, немесе құнды гендер шоғыры өте аз болса, онда бұл тұқымда қажетті бағытта жетілдіру өте қиынға соғады. Мыс: сүттілігі сыртқы пішіні және салмағы өте жақсы ала тұқымды сиырлардың сүтті өте сүйық жоғары майлығы сирек болады. Ал осы белгі бойынша тұқымды жақсарту үшін сүт майлығы жоғары басқа тұқыммен шалыстыру қажет. Бұл жұмыс зоотехникті көп ойландырады, себебі жаңа тұқым шығару үшін қажетті бастапқы материалды дұрыс алу қажет. Популяциядағы генетикалық бейімдеушілік пен генетикалық гемостаз.
3.Популяциядағы кез келген малдың генотипіне байланыссыз шағылысатын, популяцияларды еркін өсіп өнетін деп аталады. Мұндай популяциялар табиғатта жиі кездеседі. Оларды мал шаруашылығында да кездестіруге де болады. Әсіресе аталық пен аналық арнайы жұпталмай, мал тұқымын асылдандыруға көңіл бөлінбейтін шаруашылықтар,панмикциялық популяцияда келесі ұрпақтың тұқым қуышылық құрылымы ұрықтану кезінде әртүрлі гаметалардың сан алуан үйлесулері есебінен пайда болатындықтан белгілі бір генотип иелерінің саны ата-аналарынан берілген гаметалардың түрлі типтерінің жилігіне байланысты анықталып отырады. Мұндай популяцияның генетикасын зерттеу жолдарының бірі ондағы жеке гендер борйынша гомозиготалы және гетерозиготалы өкілдерінің таралу жилігінің сипатын табу болып табылды.
1908 жылы Г.Харди мен В.Вайнберг бір-біріне тәуелсіз еркін өсіп өнетін популяцияда генотиптердің таралуын көрсететін формуланы ұсынды.Оны Харди Вайнберг формуласы деп атады.Бұл формуладан еркін өсіп өнетін популяция, егер ондаешқандай сұрыптау жүрмесе, тепе –теңдікте болады. Яғни ұрпақтан- ұрпаққа өзгермейді және генотиптердің белгілі бір қатынасы болады деген қағида шығады.Р+q=1.
Популяцияларда тұқым қуатын өзгергіштік ең алдымен гетерозиготалы күйдегі мутациялардың болуы олардың генетикалық құрылымын өзгерту жаңа ортаның шартына жылдам бейімделуді қамтамасыз етеді. Көбейген кезде өзін ұдайы өндіріп отыратын әртүрлі формулалардың болып тұруы популяцияның генетикалық полиморфизмін туғызды. Ал полиморфизмді популяцияның өмір сүруін қолдайтын механизм. Популяцияда гетерозиготалар есебінің генотиптік және фенотиптік айырмашылығы бар, өкілдердің белгілі бір ара–қатынаста ұрпақтан-ұрпаққа өндіріліп отыруын отыруын теңескен полиморфизм деп атайды. Популяцияның өзінің генетикалық құрылымын сақтап қалуын қамтамасыз ететін процесті генетикалық гемостаз деп атайды.
Ұрпақтардың генотипі мен фенотипіне әсер ету жағынан жалпы шағылысу туыстас шағылысуға қарама-қарсы болады.
Туыстас емес шағылысу аутбридинг деп аталады. Жануарлармен өсімдіктер селекциясында түр аралық немесе алшақ будандастыру арқылы алынған аралық будандар қуатылығын гетерозис деп атайды. Гетерозис және инбриндиктен болған депрессияның негізінде жатқан себептерінің кейбіреулері анықталған олардың бастыларына тоқталып кетейік .
1.Бірсыпыра гендердің плейтроптық әрекеті бар, яғни бірген бір мезгілде бірнеше белгіге әсер етеді. Біріне дұрыс әсер, онда организмнің тірлігі артады, біріне бұрыс әер етіп организмнің өмір сүру қабілетін кемітеді.
2. Бір қатар ғалымдар гетерозисті болса, доминанты гендердің көп санымен анықталады деген пікір айтады. Ол доминанты гендер белгінің дамуын күшейтеді, ал рецессивті аллельдер оған әсер етпейді. Қайта ол белгілердің дамуын нашарлатады мұндай аллельдердің доминантылығы және рецесситлігі табиғи сұрыптаудың әрекетінен болады. Табиғи сұрыптаудың ықпалымен генотиптік орта құрылады да белгінің дамуына жақсы әсер ететін аллельдер доминанты болады.
3.Дамуды күшейтетін кейбір доминанты гендер аддитивтік әрекет аңғартады шағылыстыру арқылы ұрпаққа олардың шоғырлануы белгілерге қосылып әсер етіп соның салдарынан, ұрпақтың ата-аналарының салыстырғанда күштірек даму процессін артырады.
4. Гетерезистің дамуын асыра доминантылық көрсетуі мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет