Пән бойынша оқыту
бағдарламасының (
Syllabus)
титулдық парағы
Нысан
ПМУ ҰС Н 7.18.3/37
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Гуманитарлық - педагогикалық факультет
Қазақ филологиясы кафедрасы
5В011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттеріне
арналған
«Қазақ тілі морфологиясы мен сөзжасамы»
ПӘНІ БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ
(Syllabus)
Павлодар
Пән бойынша оқыту
бағдарламасын (
Syllabus)
бекіту парағы
Нысан
ПМУ ҰС Н 7.18.3/38
БЕКІТЕМІН
ГП факультетінің деканы
_________ Ж.Т.Сарбалаев
« ___» ___________2012жыл
Құрастырушы: ф.ғ.к., доцент Кәріпжанова Г.Т
Қазақ филологиясы кафедрасы
5В011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттеріне
арналған
«Қазақ тілі морфологиясы мен сөзжасамы»
пәні бойынша оқыту бағдарламасы (Syllabus)
Бағдарлама 2012 ж. «___» _________бекітілген жұмыс оқу бағдарламасының негізінде
әзірленді.
Кафедра отырысында ұсынылды 2012 ж. «30» 10. №5 Хаттама
Кафедра меңгерушісі ______________ Жүсіпов Н.Қ. 2012 ж. «30» 10.
(қолы)
(аты-жөні)
Гуманитарлық-педагогикалық факультеттің оқу-әдістемелік кеңесімен
мақұлданды
2012 ж. «_____»____________ №____ Хаттама
ОӘК төрағасы
___________
Теміров Қ.Ө 2012 ж. «_____»___________
(қолы)
(аты-жөні)
1 Оқытушы туралы мәлімет:
Ғылыми дәрежесі, атағы, қызметі:
ф.ғ.к., доцент Кәріпжанова Г.Т
Қазақ филологиясы кафедрасы А-1 корпусында (Ломов к-сі, 64), 324-
аудиторияда орналасқан. Байланысу телефоны 67-36-83 (22-55).
2 Пән туралы мәліметтер
«Қазақ тілі морфологиясы мен сөзжасамы»
пәні 5В011700 - «Қазақ
тілі мен әдебиеті» мамандығында семестрде 15 аптада оқытылады. Жалпы
сағат саны –180, дәріс -30 с, тәжірибешілік -15, СӨЖ- 135 с.
3 Пәннің еңбек сыйымдылығы
С
ем
ес
тр
К
ре
ди
тт
ар
с
ан
ы
Аудиториялық сабақ түрлері бойынша
байланыс сағаттарының саны
Студенттің өздік
жұмысының сағат
саны
Бақылау
түрлері
барлы-
ғы
дәріс
практи-
ка
зертха-
налық
студия-
лық
жеке барлығы СОӨЖ
2
45
30
15
-
-
Бар-
лығы
2
45
30
15
135
4 Пәннің мақсаты және міндеттері
«Қазақ тілі морфологиясы мен сөзжасамы»
пәнінде студенттерге
негізгі теориялық мағлұматтар беру. Негізінен сөзжасамға
қатысты соңы ғылыми әдебиеттерге сүйене отырып,
студенттердің білімін тексеру мақсатында, я меңгергенін білу
үшін түрлі өздік жұмыс, тест жүйесі, кейбір даулы, қиын
тілдік құбылыстар жайында пікірталас тақырыптарды алып
жүргізу.
Пәнді оқыту мақсаты
:
-
Студенттерге сөзжасам мәселелері туралы толық мағлұмат
беру;
- Студенттерге негізгі теориялық мағлұматтар беру;
-
«Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы» пәнінде студенттердің
алған білімін жаттықтыру;
- Қазақ тілі мамандарының сөзжасам мәселесінен алған
теориялық білімін түсінуге, өз ойын дәлелдей білуге
дағдыландыру;
- Студенттердің өз ана тілінің (қазақ тілінің) құрылымын
терең меңгерту;
- Студенттердің сапалы, терең білімді маман болуын көздеу.
5 Пәннің міндеттері:
- Сөзжасамдық негізгі ырымдармен таныстыру;
- Сөзжасам мәселелерінен толық мағлұмат беру;
- Қазіргі заман тіл ғылымының дамуына сай жаңа технология
бойынша модульдік жүйемен туынды сөздердің жасалуын
таныстыру, жаттықтыру;
- Туынды сөздердің ішкі мағыналық құрылымын анықтау;
- Түбір сөздің шығу төркінін айқындау;
- Туынды түбірлердің мағыналық байланысын ашу;
- Сөз таптарының сөзжасамдық ерекшеліктерін таныту;
- Сөзжасамдық талдау, морфемдік талдау, этимологиялық
талдауға үйретіп, жаттықтыру, дағдыландыру.
Студенттер білуі тиіс:
- сөзжасамның жасалу жолдары мен амал-тәсілдерін,
грамматикалық формаларды;
- сөзжасамдық және морфологиялық аспектілердің астасып
жататын тұстарын;
- тілдік (сөзжасамдық) элементтердің құрылымдық
ерекшеліктерін;
-сөзжасам тәсілдерін, сөз жасаушы тілдік нұсқалар мен
сөзжасамдық типтерді;
- сөздердің жасалу үлгілерін;
- сөзжасамның заңдылықтарын;
- сөзжасамның сөз таптарына қатыстылығын.
Студенттер істей білуі тиіс:
- Сөзжасамға қатысты жаттығуларды грамматикалық,
морфологиялық еңбектерден орындай алуы;
- Тіл байлығын, ой-өрісін дамытуға арналған жаттығуларды
орындай алуы тиіс;
- Тілдік нормаларды сақтай білуі тиіс.
6 Пререквезиттер:
Фонетика.
Лексикология
Морфология. Синтаксис.
7 Постреквизиттер
1. Жалпы тіл білімі.
2.Қазақ тілінің тарихи грамматикасы.
8 Тақырыптық жоспар
Пәннің тақырыптық жоспары
№
Тақырып
Сағат саны
Күндізгі бөлім
Сырттай бөлім
Дәріс Тәж
СӨЖО
СӨЖ
Дәріс
Тәж
СӨЖ
О
СӨЖ
1 Кіріспе.
Грамматика және
2
1
5
6
оның салалары.
Негізі
грамматикалық
ұғымдар
2 Сөз таптары. Зат
есім.
Көмекші
есімдер
2
1
10
1
6
3 Зат
есімнің
құрылымы.
Зат
есімнің
грамматикалық
категориялары
және
түрлену
жүйесі. Зат есімнің
тәуелділік
категориясы.
2
1
5
1
6
4 Септік
категориясы.
Септік
жалғауларының
мағыналары мен
қызметі.
Зат
есімнің жіктелуі
2
1
10
1
6
5 Сын есім. Шырай
категориясы
2
1
5
1
6
6 Сан есім. Сан
есімнің
синтаксистік
қызметі.
Сан
есімнің мағыналық
топтары
2
1
10
1
6
7 Есімдік
2
1
5
1
6
8 Етістік. Етістіктің
лексика-
грамматикалық
және
грамматикалық
категориялар. Салт
және
сабақты
категориясы.
Етістіктің болымды-
болымсыздық
категориясы.
Есімше. Көсемше.
2
1
10
1
6
Тұйық етістік.
9 Рай категориясы.
Шақ категориясы.
2
1
5
1
6
1
0
Үстеу.
Еліктеу
сөздер.
Шылау.
Одағай
2
1
10
6
1
1
Сөзжасам
тіл
білімінің
жеке
саласы.
Сөзжасамның
тілдің
басқа
салаларымен
байланысы.
2
1
10
1
6
1
2
Қазақ
тілінің
сөзжасам жүйесі.
Сөзжасамдық
тәсілдер.
Сөзжасамдық
мағына. Туынды
сөздер.
2
1
10
1
2
1
3
Сөзжасамдық
талдау.
Сөзжасамдық ұя.
Сөз таптарының
сөзжасамы. Есім
сөздердің
сөзжасамы.
2
1
10
6
1
4
Зат
есім
сөзжасамы. Сын
есім сөзжасамы.
Сан
есім
сөзжасамы.
2
1
10
1
2
1
5
Есімдіктің
сөзжасамы.
Үстеудің
сөзжасамы.
Етістіктің
сөзжасамы.
2
1
10
1
2
Барлығы:
30
15
135
6
6
78
9 Пәннің қысқаша сипаттамасы
«Қазақ тілі морфологиясы мен сөзжасамы»
пәнінде студенттерге
негізгі теориялық мағлұматтар беру. Негізінен сөзжасамға
қатысты соңы ғылыми әдебиеттерге сүйене отырып,
студенттердің білімін тексеру мақсатында, я меңгергенін білу
үшін түрлі өздік жұмыс, тест жүйесі, кейбір даулы, қиын
тілдік құбылыстар жайында пікірталас тақырыптарды алып
жүргізу.
10 Курстың компоненттері
1-тақырып. Кіріспе. Грамматика және оның
салалары. Негізі грамматикалық ұғымдар
Сөздердің граматикалық қасиеттері. Грамматиканың
зерттеу объектісі тілдің граматикалық құрылысы екені
туралы. Тілдің грамматикалық құрылысы мен негізгі сөздік
қоры тілдің негізі екені. Тілдің сөздік қоры, оның өзіндік
белгілері сөздік құрамнан айырмасы, тілдің негізіне жататын
себептері, негізгі сөздік қоры жоқ ешбір тілдің болмайтыны.
Тілдің грамматикалық құрылысы, оның атқаратын қызметі,
грамматикалық құрылыстың ерекшеліктері грамматикалық
құрылыссыз ешбір тіл болмайтыны. Грамматика сөздің
сөйлемдегі өмірін, сөйлемде қолданылу заңдылығын
зерттейтін ілім болғандықтан, ол алдымен сөздің сөйлемде
қандай тұлғада қалай қолданылатын және олардың сөйлемді
қалай құрастыратын, яғни сөйлемнің қырын-сырын
зерттейтіні. Осымен байланысты грамматиканың морфология
және синтаксис деген екі саласы болатыны туралы.
Морфология сөз, оның сөйлемде қолданылғанда, ойдың
байланысына қарай бір-бірімен түрлі тұлғада байланысқа
түсетіні. Сөздердің бір-бірімен байланысы үшін сөз
тұлғаларын құбылтатын, тілдің қалыптасқан амал-тәсілдерін
грамматиканың морфолгия саласы зерттейді. Сөз
тұлғаларының түрленуінің сөз таптарына байланыстылығы.
Синтаксис сөздердің бір-бірімен тіркесу заңдылығын, сөз
тіркестерінен сөйлемнің құралу заңдылықтарын зертейтін
ғылым екендігі. Морфология мен синтаксис саласының бір-
бірімен байланыстылығы. Морфология сөздердің түрлену
жүйесін, заңдылғын зерттегенімен, сөздердің түрленген
тұлғалары жеке қолданылмай, сөйлем ішінде қолданылып,
олардың атқартын өзіндік қызметі болатынын, ол қызметтің
синтаксиске қатынасынан морфология мен синтаксистің
байланыс шығатыны. Сөз тұлғаларының өзгерту, түрлену
заңдылғы морфолгияға қатысты болғанмен, әр сөз
тұлғасының қызметі синтаксиссіз мүмкін емес екені.
Керісінше, сөз тұлғалары түрленіп, бір-бірімен байланыспай,
сөйлем жасалмайтыны. Бұлардың морфология мен
синтаксистің тығыз байланысын білдіретіні.
Сөздің жеке тұрғандағы мағынасы бар және сөйлемде
түрлі тұлғада қолданылуына байланысты сөзге қосылатын
түрлі мағыналар бар екені. Сөздің жеке тұрғандағы
мағынасы сөйлемге тәуелді болғанымен, оның орны сөздікте
ғана деуге болмайтын, сөздің сөздікте көрсетілетін
лексикалық мағынасы сөйлемде де сақталатыны. Сөйлем
мағынасының сөздердің лексикалық мағынасының негізінде
берілетіні.
Сөздер сөйлемде қолданылғанда, грамматикалық
құрылыстың қармағына түсіп, оның заңдылығына сай
түрленіп, оның мағыналарын білдіретіндігі. Оның сөйлемге
қатысы. Грамматикалық мағына, грамматикалық форма
(тұлға) туралы түсініктер. Грамматикалық мағына мен
грамматикалық форманың байланысы. Грамматикалық
мағынаның өзіндік белгілері, ерекшеліктері. Грамматикалық
форманың
белгілері, ерекшеліктері. Грамматиканың
мағынаның түрлі тілдердегі әмбебаптық қасиеттері.
Грамматикалық категория, анықтамасы, белгілері,
грамматикалық категорияның шарттары. Әр категорияның
мағыналық құрамы, көрсеткіштері, жасалу әдістері
болатыны.
Грамматикалық категорияның мағынасы гармматикалық
мағынанағ жататыны, ол мағынаны білдіретін тұлғаларыдң
грамматикалық формаға жататыны. Грамматикалық
категориялардың сөз таптарына байланыстылығы.
Грамматикалық категориялардың қолданылу аясының бір сөз
табының құрамында қалып қоймай, кеңею мүмкіндіктері. Сөз
таптарының бәрінің де грамматикалық категориялары бола
бермейтіні. Грамматикалық категориялардың туыстас
тілдермен туыстас емес тілдермен де әмбебаптық қасиеті.
2-тақырып. Сөз таптары. Зат есім. Көмекші есімдер.
Тілдегі сөздің мағына жағынан, атқартын қызмет
жағынан түрлігі. Ғылымда сөз атауының үш үлкен топқа
бөлуі: 1) атауыш сөздер; 2) көмекші сөздер; 3) одағай сөздер.
Атауыш сөздердің негізгі белгілері (мағынасы, түрлену
мүмкіндігі, сөйлемдегі қызметі, дербестігі). Көмекші
сөздердің грамматикалық дамудың нәтижесінде қазіргі
қалыпқа жеткен, лексикалық мағынасынан айырылғаны,
грамматикалық мағынаға көшкені, соның арқасында дербес
сөзге тіркесіп, оған үстеме мағына қосатын нұсқа қызметінде
қолданлуы, дербес сөздер сияқты сөйлемде өзінше қызмет
атқармауы. Көмекші сөздердің өзара ерекшелігі соған
байланысты бірнеше түрге бөлінуі, көмекші сөздердің
түрлері. Одағай сөздердің адамның көңіл-күйін, түрлі сезімін
білдіретіндігі. Одағай сөздердің ақиқат өмірдегі зат,
құбылыс, оның түрлі белгілерін, қимыл-әрекет білдірмейтіні,
сондықтан да оның сөйлемедгі ойды білдіретін сөздердің
қатарында қолданылмай, сөйлемнен оқшау қолданылатыны.
Бұл үлкен үш сөздер тобының іштей ерекшелікке
толықтылығы және әрқайсысының лексика-грамматикалық
сипатының да сан алуандығы. Тілдегі сөздердің лексика-
грамматикалық ерекшеліктеріне қарай ғылымда олардың сөз
таптарына бөлінетіндігі. Сөздерді сөз таптарына бөлу
олардың ұқсастығы мен ерекшеліктерін білдіретін белгілері
негізінде жасалатыны. Қазақ тілінде А.Ысқақов анықтаған
сөздерді
топтастыру
принциптері:
лексикалық
(семантикалық),
грамматикалық(морфологиялық,
синтаксистік) деп үш белгі ретінде аталатыны. Бұл үш
принциптің ішкі мазмұны.
Сөз таптарының бәрі бірдей бұл үш белгіге сай келе
бермейтіні. Олардың ішінде грамматикалық категориялары
жоқ, түрленбейтін сөз тапары болатыны. Одағай
түрленбейді, сөйлемде синатксистік қызмет атқармайды,
үстеу мен еліктеу сөздер түрленбейді, бірақ сөйлем мүшесі
қызметін атқарады. Қазақ тілінде негізгі сөз таптары: Зат
есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу, еліктеу сөздер,
шылау, одағай.
Зат есімнің өте ірі, негізгі сөз таптарына жататын, ол
тілдегі сөздердің қомақты тобын қамтумен бірге,
грамматикалық құрылысы жағынан да, синтаксистік қызметі
жағынан да өте күрделі сөз табы екені. Зат есім өмірдегі
адамды қоршаған заттардың, заттық ұғымдардың, түрлі
құбылыстардың, уақиғалардың атын білдіретін сөз табы
екендігі. Зат есімнің мағыналық сипаты. Зат есімнің
мағыналық жағынан сыр-сипатының молдығв. Деректі,
дерексіз мағныалы зат есімдер, олардың арнайы көрсеткіш
арқылы жасалатын қалыптасқан тұрақты үлгісі жоқтығы. Бұл
мағыналардың сөздің лексикалық мағынасымен бірге
берілетін мағына екені. Бірақ зат есім жасаушы кейбір
жұрнақтардың көбіне дерексіз мағыналы зат есім
жасайтындардың бары.
Зат есімнің жалпы, жалқы мағынасы. Ол мағынаның
лексикалық мағынаға қатысы. Жалпы мағыналы зат есімдер,
оның өзіндік ерекшелігі. Зат есімнің жалқы мағынасы, оның
ішкі топтары, олардың өзіндік ерекшеліктері.
Қазақ тілінде зат есімдерді кім? не? сұрақтарына жауап
беруіне байланысты үлкен екі топқа бөлінуі. Кім? сұрағына
жауап беретін зат есімдердің ішкі мағыналық топтары. Не?
сұрағына жауап беретін зат есімдердің ішкі мағыналық екі
табы: 1) жанды заттардың атаулары; 2) жансыз заттардың
атаулары.
Зат есім атаулының лексикалық мағынада, дербес сөз
ретінде қолданылатын негізгі тобымен бірге, осындай дербес
сөздерге тіркесіп қолданылатын сөз табы бары. Мұндай
сөздерге көмекші сөздер жататын. Көмекші сөздердің
мағынасы, оның жалпылығы, толық мағыналы сөздерге
тіркесе қолданылып, оған мағына үстеуші тілдік
нұсқалардың қызметін атқаруы. Тілдегі белгілі
қосымшалардың көмекші есімдерді дербес сөзбен тіркесетін
қызметті атқаратыны, оның тұрақтылығы. Қосымшалардың
көмекші есімнің дербес сөзге тіркесе қолданылу қызметінің
тұрақтылығына, әбден қалыптасқанына байланыстылығы.
Көмекші есімдердің ішкі мағыналық құрамы оның
тіркесетін дербес сөздің мағынасына байланыстылығы.
(үйдің іші). Көмекші есімдердің мағынасының зат есімге
қатысы, зат есім мағынасына байланыстылығы.
Көмекші
есімдердің түрлену қабілеті, ол арқылы шылаулардан
ерекшеленетіні. Көмекші есімдердің зат есімдерше түрленуі,
зат есім категорияларының қосымшалармен түрленуі.
Көмекші есімдердің түп төркіні туралы ғалымдардың
пікірі. Көмекші есімдердің қолданыста кейде дербес сөзсіз
жеке тұруының кездесетіні, оның себебі: 1) үстіне кигені; 2)
сыртта тұр; 3) үсті-үстіне келіп жатыр; 4) сырттағы адам.
Бұлардың өзіндік ерекшеліктері, көмекші есімге жататыны,
көмекші есімге жатпайтындары, себебі.
3-тақырып. Зат есімнің құрылымы. Зат есімнің
грамматикалық категориялары және түрлену жүйесі.
Зат есімнің тәуелділік категориясы.
Зат есім сөздер құрылымы жағынан жалаң және күрделі
болып бөлінеді. Жалаң зат есімдердің іштей 2 топқа бөлінуі:
1) негізгі түбір зат есімдер; 2) туынды түбір зат есімдер.
Негізгі түбір зат есімнің бөлуге келмейтін бір ғана мағыналы
бөлшектен тұратыны. Туынды түбір зат есімнің негізгі түбір
мен сөзжасамдық жұрнақтан құралатыны, туынды түбір зат
есімнің туынды лексикалқ мағынасы бар, оның туынды
лексикалық мағынасының жасалуына негізгі түбірдің
мағынасның негіз болатыны. Туынды түбір зат есім тек негзі
түбірден ғана жасалып қана қоймай, туынды түбірден
жасалады да жиі кездесетін құбылысқа жататыны. Мұндайда
туынды түбір зат есімнің құрамында сөзжасамдық
жұрнақтың екі онан да көп болатыны. Туынды түбір зат
есімнің жасалуына тек негізгі түбір сөзден басқа сөздердің
негіз болуы кездесетіні, оның ішкі түрлері де баршылық
екені: бірікен зат есімдер, қосарланған зат есімдер, құрама
зат есімдер, қысқарған зат есімдер. Күрделі зат есімдердің
осы түрлерінің мағына негізділігі, әрқайсысының жасалу
тәсіліне сай ерекшеліктері.
Зат есім грамматикалық категорияларға бай сөз табына
жататыны. Заттардың санын дәл атау қажет емес
жағдайлардың көптеп кездесуі. Тіліміздің бұл ерекшілігн
білдіру үшін арнайы категория бар. Оған жекелік, көптік
категориясы жататыны, жекелік-көптік мағыналарының зат
есімге қатыстығы. Зат есімнің көптік мағынасы жекелік
мағынаның зат есімнің лексикалық мағынасымен бірге түбір
сөзде берілетіні, зат есімнің түбір сөзінде жекелік мағынаның
бары, соны білдіретін қосымшаның жоқтығы, нөлдік форма
арқылы беріле алатыны. Зат есімнің көптік мағынасы, оның
заттың нақтылы көптік мағынасынан айырмасы. Көптік
мағынаның берілу жолдары, көрсеткіштері, олардың
қолданылу ерекшеліктері.
Бір заттың екінші затқа меншіктінгін білдіретін арнайы
грамматикалық категория тәуелдік категория екендігі.
Тәуелдік категориясының мағынасы тәуелдік жалғаулары
арқылы берілуі, тәуелдік жалғаудың меншіктелуін зат
атауына жалғануы. Тәуелдік жалғауларының жекеше,
көпше, жақты, анайы, сыпайы түрде қолданылатыны. Оңаша,
ортақ тәуелдену, олардың айырмасы.
Тәуелдік жалғаулы сөздің сөйлемде үнемі ілік септіктегі
сөзбен тіркесте қолданылуы, оның себебі бұндай тіркстегі
сөздердің кейде біреуінің қосымшасының түсіп қалып та
қолданылуы кездесетіні (мектеп үйі, біздң үй). Қолданыста
тәуелді жалғаудың басқа мағына да беретіні. Тәуелдік
мағынаның жұрнақ арқылы берілуі. Тәуелдік мағынаны
білдіретін -нікі, -дікі,-тікі жұрнақтарының заттың иесінің
атына, яғни иеленушіге жалғануы, ал меншікті заттың ешбір
қосымшасыз қолданылатыны (кітіп сенікі), мұнда меншікті
заттың өз тұлғасының оның меншіктігі көрінбейтіні. Оның
мағынасының иеленуші зат атауымен тіркесте ғана
көрінетіні.
Достарыңызбен бөлісу: |