Бук — етістік (тізенді бүк), осы түбірден бүкте (материалды бүкте), бук - есім
(бүк түсіп жатыр, асық бүк түсті). Тоң - зат есім (жер тоң болып қалды), тоң -
етістік (ол тонды, жаурады). Сап - зат есім (күректің сабы), осы түбірден:
сабақ (иненің сабағы), сапта (күректі сапта), сабақта (инені сабақта). Сабақ
сөзінің қүрамындағы (а) л; өдетте етістіктен есім жасайтын қосымша,
салыстырыңыз: та-ра-қ, сана-қ, ор-ақ, т.б. Той - етістік (тамаққа той), осы
түбірден: тойын — етістік, тойым — зат есім, тойымды — сын есім, той —
зат есім, осы түбірден: тойла - етістік. Үят - зат есім, уял - етістік, уяң - сын
есім, ортақ түбір - уя өрі есімге, әрі етістікке негіз болған. Үйқы — зат есім,
уйы — етістік, уя — зат есім, уйым — зат есім, уйымдас — етістік, уйымшыл —
сын есім, ортақ түбір
- уй. Сый - зат есім, сыйла — етістік, сыйлы — сын есім,
сый - етістік, сыйы-ым-ды (кісі) - сын есім, бірақ - (ы)м- етістіктен есім
(қимьш есімін) жасайтын қосымша, салыстырыңыз: кес-ім, шеш-ім, өлше-м,
т.б. Арт — етістік (жүкті арт), арт (ы) — зат есім, ары, әрі — үстеу, арқа зат
есім, осы түбірден: арқала — етістік, ортақ түбір — ар. Егер осы келтірілген
мысалдарды байырғы түбірлер деп қарасақ, есімдер мен етістіктердің түбір
сәйкестігін — бір ғана түбірден (немесе фонетикалық қүрамы бірдей
түбірлерден) әрі есім, әрі етістік жасалғанын көреміз. Қазіргі қазақ тілінде
түзу және түзел (ортақ түбір — түз), аусар және ауыш (әрі сын есім, әрі
етістік, ортақ түбір -ау), сасы және сасық (ортақ сын есім, өрі етістік, ортақ
түбір — ау), сасы және сасық (ортақ түбір — сас, бірақ ол "қысылу, қаймыгу "
иәкт беретін сас етістігі болмаса керек), оқы және оқу (ортақ түбір — оқ, бүл
түбір қазіргі түркі тілдерінде де осы сипатта айтылады), семіз және семір
(ортақ түбір — сем), беркін және берік, тасқын және тасы, шалқақ және
шалқы, ысы және ыстық, бықсы және бықсық тәрізді ортақ түбірлерден
тараған ұялас етістіктер мен есімдерді жиі ұшыратамыз.
Алдыңғы топқа қарағанда, контекссіз-ақ бүлардың есім не етістік екенін оңай
ажыратуға болады. Өйткені есімдер мен етістіктер әр қилы түлғаланған:
есімдер есімге тән қосымшаларды, ал етістіктер өздеріне тән қосымшаларды
(өрине, бүгінгі тілдің нормасы түрғысынан қарағанда) қабыддаған, яғни, бүл
парлар морфологиялық түлғалар арқылы жіктеліп, ара жігін бөлген. Етістік
пен есімге ортақ болып келетін осындай түбірлер әр түрлі қосымшаларды
қабылдап, бірде есім, бірде етістік ретінде қалыптасқаны болмаса, қазіргі
тілде өз алдына айтылудан, дара лексикалық мағына беруден қалып, тілдің
пассив қорына айналып кеткен. Сол себептен олар бірде есім қүрамынан,
бірде етістік қүрамынан кездесе береді. (Бүл арада айтылып отырған
түжырымның тіліміздің бүгінгі нормасы түрғысынан ғана солай екенін
ескерген жон).
Енді бір алуан түбірлер түрлі ыңғайда үшырасады. Мысалы, кең, кеңіс,
кеңістік, тын, тыншы, тыныштық, үят, үял, үялу, ары, арық, арықтық, сен,
сенім, сенімді, көн, көнік, көнікті, нан, наным, қан, қанық, қанықты сездерін
шартты түрде екі топқа: алдыңғы екі созді (кең жөне тын) бір топқа,
соңғыларды екінші топқа ажыратуға болар еді (өрине, тағы да қазіргі тілдің
нормасы бойынша). Әйткені, кең және тын қазіргі қазақ тілінде тек қана есім
есебінде үғынылады. Бірақ бір өзгешелігі: кеңіс, тыныш сездерінің
қүрамындағы -іс, ыш аффикстері — әсте есім түбірлерге жалғанбайтын
қосымшалар. Сонда
бүл қүбылысты қалай түсінуге болады? Ал соңғы
топтағы қосымшалардың үш түрі де қазіргі тілдің заңдылықтарын толық
сақтаған: әуелі етістік, онан кейін қимыл есімін, содан соң есім жасайтын
аффикс келген. Тек қана үят, үял, үялу сөздерінде бүл заңдылық сақталмаған.
Етістік түлғасы есім түлғасын (үят) өзгерткен арнаулы аффикс (-л)
қабылдаған да, қимыл есімі содан барып жасалған. Бүл фактілердің бөрі есім
және етістік түбірлердің көп ретте бір-біріне ыңғайланып отыратынын
байқатады. Бүл сөйкестік тек алғашқы (первичные) түбірлер ғана емес,
кейінгі, екінші дәрежелі (вторичные) түбірлер түлғасында да байқалады. Э. В.
Севортян бүларды синкретикалық негіздер деп атайды.
Н. К. Дмитриев, осыдан бүрын айтылғандай, етістіктердің тарихи
қалыптасуының үш түрлі сатысын көрсетеді. Бірінші сатысы — етістік
түбірлердің қазір байқауға болатын ең алғашқы кезеңі де, оның ерекшелігі
есім мен етістік негіздерінің түлғалық сәйкестігінен көрінеді. Мүндай
негіздер лексикалық единицалар тәрізді дербес түрып бөлектенбей, тек қана
контекс қүрамында синтаксистік единицалар есебінде бір-бірінен жіктеліп
түсінілген. Негіздердің дамуының келесі сатысы — есім мен етістік
негіздердің бір-бірінен фонетикалық алмасулар (әрине, дыбыстық алмасулар)
арқылы жіктелуі. Бүдан кейінгі кезендерде етістік жасаудың түрақты және
негізгі жолы — аффиксация қалыптасқан, осы арқылы етістіктер мен есімдер
бір-бірінен грамматикалық жағынан жіктеліп белінген. Сөйтіп бүл
айтылғандардан шығатын қорытынды: тіл қүрамында есім негіздер мен
етістік негіздердің жіктелуі — фонетикалық үқсас негіздердің тарихи дамуы
барысыңда қалыптасқан қүбылыс. Сол себепті де бір-бірінен үқсас сөздер
ежелгі дәуірде өсте дербес лексемалар емес, қайта контекс қүрамында ғана
бір-бірінен срекшеленетін синтаксистік элементтер ғана болған. Қазіргі тіл
қүрамындағы көш — есім, көш — етістік, ақ — етістік, ақ — сүйық зат
(ағарған) тәрізді ыңғайлас сездер немесе бір ғана түбірден тараған, бір-
бірінен аффикстер арқылы ғана ажыратылатын (бірақ тарихи мөні жағынан
бір категорияға жататын) етістіктер мен есімдер біркезгі синкретизмнің
рудименттік қалдығы.
Алайда есім мен етістік негіздерінің синкретизмі туралы айтқанда,
олардың арасындағы мағыналық байланысты үмытуға болмайды. 1 і ііргі
тілімізде көш — етістік және сол қимыддан туатын процесс п.IV
І
,
І
да - көш.
Сол сияқты
ақ —
қимыл етістік, сол қимылдан
ц ійда болатын процесс атауы ақ — зат есім. Сөйтіп бір ғана с і икалық
сипатта сақталып, екі түрлі грамматикалық мән алған.
Тілдің грамматикалық қүрылысының баяу өзгеретіндігі. Морфо-
логиялық қүрылыстың дамуыңда үшырасатын тілдік процестер (мор-
фологиялық жылысуы, аналогия, жіктелуі т.б.) олардың сөздің мор-
фологиялық қүрамына әсері.
Сөз түбірінің дамуы. Байырғы түркі сездерінің бір буыңдылығы жайлы
мәселе, ол туралы пікірлер. Алғашқы түбірдің сипаты туралы мәселе.
"Жайылыңқы" түбірлер (Владимирцов, Мелиоранский). Создің буын
санының үзарып, күрделенуі түркі тілдерінің қүры-лымдық ерекшелігі
екендігі. Дыбыстық езгерістердің морфология-лық қүрылыс қүрамындағы
езгерістермен байланыстылығы түбірлердің синкретизмі жайлы мәселе.
Синкретизм — қазіргі тілдегі омонимдес түбірлердің едәуір бөлігінің қалыптасуын
тарихи түрғы-дан түсіндірудің негізі (Банг, Рамстедт, Мелиоранский). Дмитриев
түбірлердің грамматикалық дамуының үш кезеңі туралы. Қазіргі тілдегі "елі"
түбірлер туралы. Түбірлердің флексия қүрылысы арқы-лы жіктелісі жайлы мәселе,
бүл қүбылыстың қазақ тіліндегі ізі. Ішкі флексия қүбылысының дыбыс
сәйкестіктерімен, дыбыс өзгеріс-терімен байланысы және сингармониялық
параллельдерге қатысы. Сөз негіздерінің тарихи екі түрі туралы (аш-ашық, ау-аг,
ауыр-у). Қазіргі тілдегі байырғы түбірдердің тарихи түрғыдан "өлі" түбір мен
қосымшаға жіктелетіні туралы.
Ескі түркі тіліндегі қос сез түрлері (қазақ тілімен салыстыру ыңға-йында).
Ескі түркі тіліндегі күрделі сөздер, олардың қазақ тіліндегі баламалары (бірде
күрделі сөз түрінде, бірде кірігіп кеткен — компо-ненттер дербестігін сақтай
алмаған), өлі түбірге айналып кеткен сездер (өлім-жітім, некен-саяқ, қарақат,
сүлесоқ).
Достарыңызбен бөлісу: |