Бағдарламасының атауы және шифры: «6B01501-Математика», «6B01502-Математика және физика»


Курстың академиялық презентациясы



бет5/32
Дата01.06.2022
өлшемі59,56 Kb.
#36163
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
3. Курстың академиялық презентациясы.
Оқу курсының типі: МК
Пәннің мақсаты: білім алушыларды жалпы білім беретін мектептерде математиканы оқытудың нақты жағдайларында туындайтын оқу-әдістемелік міндеттерді кәсіби тұрғыда шешуде қажет болатын білім, білік, дағды және құзіреттіліктер жүйесімен қаруландыру.
Пәннің негізгі міндеттері білім алушыларда ББ (ОП) бойынша оқыту нәтижелерімен қатар төмендегідей пәндік құзыреттіліктерді қалыптастыру болып табылады:
– жаңартылған білім мазмұны жағдайында математиканы оқыту үдерісінің оқушыларды дамытудың құралы мен факторы ретіндегі мән-мағынасын, заңдылықтары мен тенденденцияларын оқып-үйрену;
–негізгі және жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын оқып-меңгеру;
- негізгі және жалпы орта білім беру деңгейлерінің «Математика» пәні бойынша жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламаларын оқып-үйрену;
- математиканы оқытудың жаңартылған білім мазмұны жағдайында туындайтын әдістерін, мазмұнын, құралдары мен формаларын іріктеумен байланысты түсініктерді қалыптастыру;
–жаңартылған математикалық білім мазмұны жағдайында математика сабақтарын ұйымдастырудың әдістемелік мәселелерін меңгеру;
–жаңартылған білім мазмұны жағдайында техникалық құралдар мен заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданудың мүмкіндіктері мен тәсілдерін оқып-үйрену.
- оқу үдерісін ұйымдастырудың әрекеттік және технологиялық амалдары тұрғысынан алғандағы математиканы оқытудың қазіргі заманғы бағыттары туралы түсініктерді қалыптастыру;
–білім алушылардың математика мұғалімінің кәсіби қызметінің негізгі түрлерін жүзеге асыруда қажет болатын тұлғалық және зияткерлік сапаларын дамыту.
4.Курстың академиялық саясаты:
Академиялық тәртіп ережелері:
сабаққа қатысу міндетті, кешігуге болмайды;
• сабаққа кешігу немесе сабақта болмау 0 баллмен бағаланады;
• дәріс материалдарының кейбірі топпен рефераттар орындау арқылы игеріледі;
• әрбір практикалық сабаққа силлабуста келтірілген кестеге сәйкес алдын ала дайындалу керек;
• тапсырмаларды орындау және емтиханды тапсыру мерзімдері қатаң сақталады;
• тапсыру мерзімі бұзылған жағдайда тапсырма айыппұл баллдарын шегеру есебімен бағаланады;
• әрбір практикалық сабақтарда үй тапсырмасы топпен жобаларды қорғау түрінде тексеріліп, бағаланады;
• тапсырманы дайындау ол талқыланатын аудиториялық сабаққа дейін аяқталуы тиіс.
• СӨЖ семестр бойы беріліп отырады;
• СОӨЖ-дерде алдыңғы СӨЖ қабылданады және келесі СӨЖ-ге кеңес беріледі;
• оқу жетістіктерін бағалау пән силлабусында келтірілген кестеге сәйкес жүзеге асырылады.
Академиялық құндылықтар:
Академиялық адалдық және тұтастық; барлық тапсырмаларды орындау дербестігі; плагиаттың, жалғандықтың, шпаргалкаларды пайдаланудың, білімді бақылаудың барлық түрлерінде көшіріп алу және оқытушыны алдауды болдырмау; мүмкіндігі шектеулі студенттерге e-mail бойынша кеңес алуға мүмкіндік туғызу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет