Бағдарламасының әдістемелік нұсқаулары Жаратылыстану математика факультеті Жаратылыстану ғылымдары пәндері кафедрасы


Білімі алушы-практиканттың әрекеттері



бет3/10
Дата15.11.2023
өлшемі46,15 Kb.
#122968
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
2. Білімі алушы-практиканттың әрекеттері
Студенттер негізгі ғылыми-зерттеу әдістерімен танысады. Әрбір студент практика өту кезінде міндетті түрде оқытушы тапсырған белгілі бір такырып бойынша графиктермен, схемалармен, суреттермен безендірілген есеп жұмысы, сонымен қатар коллекция мен препаратттар тапсырылады. Ойдағыдай орындалған тақырыптар келешекте курстық жүмыстардың негізі болуы мүмкін.
Омыртқасыздар зоологиясынан оқу-далалық практикасында өте ұсақ, көбінесе микроскоптық жәндіктермен жұмыс істеуге тура келеді, сондықтанда да ұлғайтқыш приборларды кең түрде пайдалануды кең түрде пайдалануды қажет етеді.
Оқу-далалық практикасы әдеттегідей университеттің оқу базасында өткізіледі.
Далалық практиканың программасы үш негізгі тараудан тұрады, оған сәйкес тіршілік орталары: су, топырақ, құрылық.
Ескерту: Далалық практикада жүмыс күні 3 сағат экскурсиядан және 3 сағат жиналған материалды камеральды қөңдеуден тұрады.

Омыртқасыздар зоологиясынан оқу-далалық практика кезінде студенттердің жүмысы темендегідей негізгі бағыттарда өткізіледі.



  1. Оқытушымен нұсқаулы зкскурсиялар. Мұндай экскурсияларда студенттер нақтылы мекен ортасының ерекшелігімен танысады, онда тіршілік ететін жануарларды табиғи жағдайда (сыртқы пішіні бойынша, қозғалу сипатына, іс-әрекетіне) анықтауды үйренеді.

  1. Далалық жұмыстарды студенттер оқытушының басшылығымен жүргізеді.

  1. Лабораториялық жұмыстар кезінде жиналған материалдарды реттеу: алынған үлгілерді талдау және фиксациялау, насекомдардың дене мүшелерін жазып инеге қадау, этикеткалау, анықтау, коллекциялар жасау, жануарлардың немесе олардың дене бөліктерінің суретін салу, далалық жүмыстарда жазғандарды ретке келтіру.

  1. Тақырыптар (тапсырмалар) бойынша өздік жұмыстар.

  2. Құрал-жабдықтар:

сачок, қораптар, инелер, мақта, блокнот, қаламсап, күнделік – практика бөлімінен алынады, сызғыш, қарындаш, шыны банкалар – 2 шт., пенициллин бутылкалары.

1 Кесте



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет