Жаратылыстану математика факультеті
Жаратылыстану ғылымдары пәндері кафедрасы
Оқу іс-тәжірибесінің әдістемелік нұсқаулары
6В01510-Биология,
6В01509- Химия-Биология
Семей
2021 ж.
1 ӘЗІРЛЕНДІ
Құрастырған:
б.ғ.к., жаратылыстану ғылымдары пәндері кафедрасының
доценті Қуанышбаева М.Ғ _______________________________ «_27 » ___08___ 2021 ж.
2 .ТАЛҚЫЛАНДЫ
Жаратылыстану-ғылыми пәндер кафедрасының отырысында
Хаттама «__27___»______08_______2021 жыл, №1
Кафедра меңгерушісі_______________ Сапарова Г.С., б.ғ.к., доцент
3.БЕКІТІЛДІ
Жаратылыстану-математика факультеттің Сапаны қамтамассыз ету жөніндегі комиссия отырысында
Хаттама «___31__»_________08__________2021 жыл, № 1
Төраға ___________________________ Кыдыралина Л.М.
Кіріспе
Биолог мұғалімдерді даярлау жүйесінің ең негізгі бір бөлігі – оқу далалық практикасы.
Далалық практика омыртқасыздар зоологиясынан алған теориялық материалдар бойынша алынған білімді бекітуге, жетілдіруге көмегін тигізеді. Программаның маңызы студенттерді омыртқасыз жануарларды жинауға, анықтауға, препарат жасауға, материалды фиксациялауға систематикалық және биологиялық коллекциялыр жасауға үйрету. Сонымен қатар, студенттер адам шаруашылығында маңызы бар, туған өлкелерінің омыртқасыз жануарларының биологиясын оқудыңғылыми-зерттеу жүмыстарының негізгі әдістерімен танысады.
Мақсаты
Омыртқасыздар зоологиясы курсындағы далалық тәжірибенің мақсаты-жануарларды табиғи жағдайда зерттеу және олардың экологиясының негізгі заңдылықтарын анықтау.
Достарыңызбен бөлісу: |