Құрмалас объектілермен жұмыс жасау ерекшеліктері:құрмалас объектілер – бұл бір немесе бірнеше жай объектілерден тұратын үшөлшемді денелер. 3DSMAX-та сегіз типті құрмалас объектілер бар:
Morph (морфингтік) – бұл типтегі объектілер анимацияны сатылы орындауға рұқсат етеді. Олар уақытқа байланысты жинақталған және бір дененің екінші денеге айналуының аралық сатылар жиындарын иемденеді.
Scatter (таратылған) – осы типтегі объектілер бір объектінің дубликаттарын басқа объектінің бетіне немесе үшөлшемді кеңістіктің белгілі-бір аймақта таратылуы деп саналады. Олар ағаш бұтақтарын, құс немесе балық топтарын имитациялауға қолданылады.
Conform (байланыстырған) - осы типтегі объектілер бір үшөлшемді дене ұштарын екіншісіне проекциялайды. Нәтиже ретінде таю сияқты эффекттерді имитациялауға болады.
Connect (байланыстыратын) – осы типтегі объектілер өзіндік туннельмен екі дене қабықшаларындағы тесіктеріді
байланыстырады.
Shape merge (бейнемен тұйықталған) – бұл типтегі объектілер сплайндық бейнені үшөлшемді дененің бетімен байланыстырады. Бейнелер дене бетінің торларына не қыстырылады, не одан қиылады.
Boolean (логикалық) – екі үшөлшемді дене қабықшаларының бірігу, айыру не қиылысу жолымен құрылған объектілерін атайды.
Terraіn (ландшафт) – бұл типті объектілерге бірнеше тұйықталған бейнелердің бірігуінен құрылатын тау ландшафтының үшөлшемді рельефтері кіреді.
Loft (лофтингті) – бұл типті объектілер лофтинг әдісімен жасалған үшөлшемді денелерді құрайды. Яғни, кез-келген бейнелі берілген траектория бойымен тіреу қималары арқылы қимамарды құру.
Лофтинг әдісімен құрылған объект – бұл “жол” (Path) деп аталатын белгілі-бір қисық бойында жатқан бір немесе бірнеше тіреу екіөлшемді бейнелерді айналдыра орналасқан үшөлшемді дененің беті. Лофтинг әдісімен денені құру үшін, кем дегенде екі бейне болуы керек – біріншісі, қима ретінде, екіншісі, оның жолын анықтайды. Қима бейнелерге бір ғана шек қоятын ұсыныс – олардың сплайндар немесе NURBS қисықтардың саны бірдей болуы қажет және олардың құрамындағы сплайндардың ішкі салымдарының саны бірдей болуы қажет. Мысалға, қималардың біреуі сплайн-сақина сияқты бір-біріне салынған екі тұйықталған қисық ретінде бейнеленсе, онда басқалары да бір-біріне салынған екі қисық бейнеден тұруы қажет. Ал жол бейнесіне бір ғана шек қоятын ұсыныс – ол бір ғана сплайннан немесе NURBS қисығынан тұруы қажет. Мысалға, сақина жол ретінде бола алмайды, өйткені ол екі сплайннан тұрады. Екі бейнені құрған соң, лофтинг инструменттеріне жолын ашу үшін, біреуін белгілеу керек. Артық ерекшеліктерді алып тастасақ, лофтинг әдісімен не жасауға болатынын бірнеше сөйлеммен атап кетейік:
бір объектінің үстінде жол қисығының берілген нүктелерінде түрлі бейнелі қималарды қолдану
қима және жол бейнелерін редакциялаудың арқасында қабық- ша бейнесін түзету
дайын қабықшаға лофтинг денесінің алғашқы түріне ұқсамайтындай түрлі деформацияларды жасау