Бағдарламасының компьютерлік графикадағы жаңаша мүмкіндіктері


Объектілердің трансформациясы



бет3/7
Дата30.11.2022
өлшемі207 Kb.
#54010
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7

Объектілердің трансформациясы


бъектілер трансформация көмегімен орналастырылады және бейімделінеді. Объектіні трансформациялау кезінде оның сахнаға қатысты өлшемдері өзгертіледі. Бүкіл сахнаның айналасындағы координаттар жүйесін әлем кеңістігі деп атайды. Әлем кеңістігінің координаттар жүйесі сахна координаттарының глобальды басын анықтап, ешқашанда өзгермейтін глобальды координат өстерін орнатады. Object Transforms (объектінің трансформациясы) келесі информацияны анықтайды:

  • Позициялау. Әлем кеңістігінің координат басынан объектінің локальді координат басына дейінгі ара қашықтығын анықтайды

  • Айналдыру. Локальді координат өстері мен әлемдік координат өстер арасындағы хабарларын анықтайды

  • Масштаб. Объектінің локальді өсьтер мен әлемдік өстер арасындағы өлшемін анықтайды

Позициялау, айналдыру мен масштабтың комбинациясы объектінің трансформация матрицасы деп аталады. Ол объектінің трансформация кезіндегі өзгеретін матрицасы, ал жұмыс толық объектімен орындалатынын көрсеткен жөн. Объектінің трансформациясының келесі сипаттамалары бар:

Кеңістіктің бұрмалануы


Кеңістік бұрмалаушысы - әлемдік кеңістікте орналасуына байланысты басқа объектілерге әсер ете алатын объекті. Кеңістіктің бұрмалануын модификаторлар және трансформациялар әсерлерінің комбинациясы ретінде қарауға болады. Модификаторлар сияқты, кеңістіктің бұрмалаушылары объектінің ішкі құрылымын өзгерте алады. Бірақ кеңістіктің бұрмалау әсері сахнадағы қарастырылған объектінің қалай трансформацияланатынына байланысты.
Көптеген жағдайларда модификаторлардың және кеңістік бұрмалаушылардың әсері бірдей екенін байқауға болады. Мысалға, Rіpple (пульсация) модификаторын және Rіpple кеңістік бұрмалаушының әсерін салыстырып көрейік. Rіpple модификаторы тек объектіге қолданылып, оның сахнадағы орын ауыстыруынан өзгермейді. Rіpple кеңістік бұрмалаушысы бөлек объект ретінде “өмір сүреді”. Оның әсері объекттің сахнадағы орын ауыстыруынан өзгереді. Модификаторды ағымды схемадағы басқа модификаторларға тәуелді және объектіге локальді болатын әсерлесулерді жасау үшін қолдануға болады. Модификаторлар әсіресе модельдеу операцияларында қолайлы болмақ. Кеңістік бұрмалаушыларды барлық объектілерге глобальді болатын және олардың сахнадағы орналасуына тәуелді әсерлесуді жасау үшін қолдануға болады. Оларды сыртқы әсерлерді және сыртқы күштерді модельдеу үшін қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет