Бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы Нысан пму ұс н 18. 3/37 Пәні бойынша оқыту



Pdf көрінісі
бет3/4
Дата31.03.2017
өлшемі261,18 Kb.
#10845
түріБағдарламасы
1   2   3   4

Миксомицеттер

Миксомицеттер (немесе шырыштылар)-саңырауқұлақтарға ұқсас, бірақ кейде амебаларға тән қасиет көрсететін ерекше

ағзалар тобы. Ыдырап жатқан жапырақтар мен шіріген ағаш діңдерінде шырышты масса түрінде кездеседі, амеба сияқты

псевдоподиялармен   қозғалады.   Олардың   тіршілік   циклінде   келесі   кезеңдер   болады:   бір   клеткалы   талшықтылар;   бір

клеткалы амебалар, көп ядролы цитоплазма мен сабағы мен жеміс тәріздес денесі бар өсімдіктерктілер. Плазмодийіінң

белгілі формасы жоқ, кейде боялған; субстраттан ас қорыту вакуольдерінде қорытылатын, оның органикалық заттарын

ағып өтіп сіңіреді. Клетаклары көбінесе екіге бөлінеді (жыныссыз), бірақ белгілі бір кезде, жеке шырышты массалар екі-

екіден жабысып, ерекше жеміс денесін құрайды. Ылғалды субстратқа түскен споралар суды сіңіріп, қабықшасын жарып,

бөлініп, амеба тәрізді клетканы түзеді. Кейбір амеба тәрізді клеткалар аз уақыттан кейін гаметалар қызметін атқарып, бір

бірімен   бірігіп,   зигота   түзеді,   ол   бөлініп,   көп   ядролы   шырышты   масса   бойы   таралып,   даму   циклін   аяқтайды.   Бұнда

споралар-гаплоидті,   ал   плазмодий   ядролары   –диплоидті.   Кейбір   миксомицеттер   өсімдік   паразиттері   болап   табылады,

біреуі орамжапырақ ауруын туғызады. 



Фикомицеттер

Фикомицеттер-саңырауқұлақтар арасындағы ең аз ы ( түрге жақын). Олардың жіп тәрізді денелері балдырлар талломына

ұқсас, көбеюі (жыныссыз-қозғалмалы споралар, жынысты-гамета арқылы), балдырлардікіне ұқсас. Сондықтан, оларды

балдыр-саңырауқұлақ деп атайды. Гифтерінде перде жоқ немес олар аз, мицелийі көп ядролы, цитоплазмаға малынған.

Кең   тарлған өкілдері-нан зеңі, ұнтақ тәрізді снділер түзетін саңырауқұлақтар, ақ тот, картоптың түйнегі мен жер үсті

бөлігінің   ауруын   (фитофтороз)   туғызады.   Қара   нана   зеңін   мысалға   алып,   төмегі   саңырауқұлақтардың   даму   циклін

қарастыруға болады. Нана оған, саңырауқұлақ спорасы түскенде көгереді. Спора өсіп, жіпшелердің орамдалған түйінін-

мицелийді түзеді. Ризоид деп аталатын кейбір гифтер, нанға еніп, одан қоректік заттардыалады; столон деп аталатын басқа

гифтеркөлденең кйеін жоғары қарай өседі. Осы гифтердің жоғары бөлігінде ішінде споралар дамитын, спорангий түзіледі;

споралар   дамығаннан   кейін   спорагий   жарылып,   споралар   таралады.   Жынысты   көбею   споралардан   өскен   екі   гифтер

өскенде өтеді. Гифтер бір-бірне бағытталған өсінділер жібереді. Бұндай өсндінің шеті ұлғайып, гамета түзіп, бөлінеді. Екі

жақын жатқан гаметақосылп, зигота түзеді. Зигота өскенде мейоз жолымен бөлініп, барлық зиготалар гаплдоидті болады.

Нан зеңінің екі түрі белгілі (плюс- және минус). Жынысты көбею тек қана плюс пен минус формаларының гаметаларының

қосылуы, яғни жыныстың морфологиялық дифферециациясы жоқ болса да, физиологиялық дифференциациясы бар.  

 Аскомицеттер


Аскомицеттер  – саңырауқұлақтардың   25-35  мың  түрі  бар,  үлкен  тобы.  Бұл  топтың   өкілдерінде тарамдалған   мицелий

жақсы дамыған. Гифтері перделер арқылы клетка деп аталатын бөліктерге бөлінген. Перделерде цитоплазма мен ядро

гифтердің   бір   бөлігінен   екінші   бөлігіне   орын   ауыстыра   алатындай   тесіктері   бар.   Денесі   бір   клеткалы

(ашытқылардікіндей); көп клеткалы (ұнтақ тәріздес роса) немес кеңеіген және етжемді (трюфельдегікіндей) болуы мүмкін.

Жыныссыз көбею бүршіктену арқылы (ашытқылар) немесе кейбір гифтердің ұшында түзілетін (конидиялар) споралар

көмегімен. Жынысты көбеюі жынысты процесс нәтижесінде, аскаларда (қалта) пайда болатын аскоспоралар көмегімен.

Споралардың түзілуі алдында көрінбей өтетін жынысты процесс жүреді. Мицелий гифтерінде жынысты көбею мүшелері

түзіледі: аналықта (архикарптар-түрі өзгерген оогониялар), екіншілеріде антеридийлер (аталық). Архикарптың кеңейген

аскогон   төменгі   бөлігі   мен   түтікті,   иірімделген-трихогина   жоғары   бөліктен   тұрады;   антеридий-брі   клеткалы   цилиндр

тәрізді   өсінді.   Жанасу   кезінде,   триихогина   антеридий   қауысына   еніп,   оның   құрамы   аскогонға   көшеді,   онда   олрадың

цитоплазмалары қосылады, ал аналық және аталық ядролары қосылмай қос-қостан дикариондарда орналасады.  Аскогенді

гифтер   пайда   болады.   Аскогенді   гифтердің   ұшында   қалталар   түзіледі.   Бұл   клеткалар   өсіп,   дикароиндар   ядролары

қосылып, бір диплоидті ядро-зигота түзіледі. Қалтадағы ядро редукциялы бөлініп, төрт ядро пайда болады, кейін олар

митоз жолымен бөлініп, нәтижесінде болашақ споралардың 8 гаплоидті ядросы түзіледі. Споралардын саңырауқұлақтың

жаңа гифтері өседі. Қалталы саңырауқұлақтардың гаплоидті фазасы зиготадан қалтаға дейін өтеді, зигота ғана диплоидті.

Вегетативті және қалталы аскогенді гифтердің қалың өрімі жеміс денелерін түзеді (мысалы, бүріспелерде). Даму циклін

Neurospora crassa аскомицетінің мысалында көрсетуге болады. Нейроспора мен қара зең ризопустың екі ұқсас плюс- және

минус   формалры  бар.  Жынысты  процесте  екі  әр   түрлі   форманың   гифтері  қатысу  керек.   Мейоз   нәтижесінде  түзілген

гаплоидті аскоспоралар қолайлы жағдайда, өсіп, жаңа гаплоидті мицелий түзеді. Аскомицеттердің кейбір түрлерінен дәрі –

антибиотик алады. Пеницил саңырауқұлағынан екінші дүниежүзілік соғыс кезінде, пенициллин антибиотигі алынған, ол

өкпе қабынауның қоздырғышы пневмококкпен күресуге көмектеседі. Оның антибиотикалық қасиетін ағылшын ғалымы А.

Флеминг   ашқан.   Бұл   антибиотикті   ол   1927ж.   ашты.   Алғашқы   антибиотик-грамицидин-Ресейде   1942ж.   синтезделген.

Қазіргі кезде антибиотиктерді өндірістік жолмен алады, жаңа түрлері ашылуда. Бірақ емдеу мақсатымен препараттардың

аз мөлшері қолданылады. Біріншіден, бұл қоздырғыштардың оларға тез үйреніп, оларды субстрат ретінде қолдануымен

байланысты.   Екіншіден,   қолданған   антибиотиктің   жоғары   концентрациясы   бауырды,   бүйрек   және   т.б.   мүшелерді

зақымдайды.   бұзады. Үшіншіден, дәріге деген аллергия тууы  мүмкін. Антибиотиктерді көп мерзім қабылдау ағзаның

функцияларының   ауытқуларына   әкелу   мүмкін.   Сондықтан,   оларды   қабылдау   маманның   тексерісімен   өту   керек.

Аскомицеттер басқа саңырауқұлақтар тәрізді, органикалық қалдықтарды ыдыратушылар. Бірақ олардың ішінде зиянды

түрлері   де   бар.   Олар   өсімдіктердің   сабақтарын,   жапырақтарын,   гүлдері   мен   жемістерін   зақымдайды.   Мысалы,   дәнді

дақылдардың, әсіресе қарабидайда парзиттік тіршілік ететін, спорынья. Саңырауқұлақ мицелийі аналық түйініне еніп, оны

бұзады. Жаздың соңында, қарабидай піскен кезде, дәнектердің орнында қошқыл-күлгін спорыньяның бидайшықтарын

көруге болады. Олардың құрамында улы алкалоидтар бар, олар адам ағзасына еніп, бас ауруы тартылуды туғызады. Қатты

уланғанда, адам өліп кетеуі де мүмкін. Осы алкалоидтардың көбі медицинада қолданылады.

Базидиомицеттер


Базидиомицеттер-барлық   қалпақшалы   саңырауқұлақтар   біріктірілген   үлкен   топ   (30   мың   түр   шамасында).   Олардың

вегетативті денесі буынды гифтерден тұратын, тарамдалған мицелий. Арнайы жыныс мүшелері жоқ. Өсіп келе жатқан

гаплоидті базидиядан алғашқы клеткадан тыс мицелий түзіледі, кейін ол буынды мицелийге айналады. Әр буынында бір

гаплоидті ядро бар, бірақ базидиалдыларда ол эфемерлі. Кейін гифтердің буындарының қосылуы өтеді, бірақ ядролары

қосылмайды,   кейін   синхронды   бөлінетін   дикариондар   түзіледі.   Нәтижесінде   екіншілік   дикарионды   мицелий   дамиды.

Базидиомицеттердің даму циклінде дикарион –диплоидті фаза басым болады, ал гаплоидтісі өте қысқа. Жыныс процесі

дикароиндардың ядроларының қосылуымен (кариогамия), олрадың кейін бөлініп, 4 базидиоспора түзілуімен аяқталады.

Базидиоспоралар   базидияларда-бір   клеткалы,   жынысты   көбею   мүшесінде   пайда   болады.   Базидиоспоралар   жеміс

денелерінде   түзіледі,   олардың   формалары   мен   көлемдері   әр   түрлі   (көбінесе   олар   қалпақшаның   төменгі   бөлігінде

орналасады). Жеміс денесі ет жемді, аяқшасына (немес түбіртек) және қалпақшасына дифференциаланған. Қалпақшалы

саңырауқұлақтардың  көбі-сапрофиттер, бірақ паразит түрлері  де кездеседі, мысалы,  опенок. Олар орманды жерлердің

топырағында, кейде үй маңында және т.б. кездеседі, кейбіреулері  құрылысты   ағаштарды мекендеп, оны зақымдайды.

Маңызды   практикалық   маңызы   бар   түрлері   жақсы   белгілі,   олар   тамаққа   қолданатындары   мен   улы   түрлері.   Тамақ

рационында олардың маңызы құрамындағы ақуыздардың, майлардың, көмірсулар мен дәрумендердің, бағалы тұздар мен

ароматты   заттардың   бар   болуымен   анықталады.   Шампиньондар   мен   басқа   да   саңырауқұлақтар   өндірістік   масштабта

культивирленеді.   200-ден   астам   тамаққа   жарамды   және   25-тен   астам   улы   саңырауқұлақтар   белгілі.   Өсімдіктердің

зақмдайтындары   ауыл   шаруашылығына   үлкен   зиян   тигізеді.   Қаракүйе   және   тат   саңырауқұлақтарынан   дақылдарын

зақымдайды, ие-өсімідіктің белгілі бір мүшесіне әсер етеді. Қаракүйе саңырауқұлағы дәнді дақылдардың репродуктивті

мүшелерін зақымдап, олрады бұзады, өсімдік жанып кеткедей көрінеді. Вегетативті мүшелерде дақтар, ісінулер, галлдар

пайда болады. Тат  саңырауқұлағы, сабақтар мен жапырақтарды зақымдайды. ОЛардың даму циклі өте күрделі  ол бір

немесе бірнеше өсімдікте өтеді. Мысалы, нан таты өзінің толық циклін екі иесінің үстінде өткізеді: бөріқарақат пен бидай.

Көктемді бөріқарақат жапырақтарындасаңырауқұлақ мицелийімен түзілген сары дақтар пайда болады, олардың үстінде

сары түске боялған колбатәріздес қуыстар-пикнидалар түзіледі. Олардың ішінде екі жынысты споралар пайда болады.

Мүмкін   олар   екі-екіден   бірігіп,   жаңа   диплоидті   мицелийге   бастама   береді,   ол   жапыраққа   еніп   зақымдап,   осының

нәтижесінде   жазғы   споралар   түзіледі.   Солып   қалған   бидай   жапырақтары   мен   сабақтарында,   қысқы   қалың   қабықты

споралар түзіледі. Көктемде олар бизидияларға өсіп, олрадың ішінде базидиоспоралар түзіледі. Соңғылары бөріқарақат

жапырақтарына түсіп, цикл қайталанады. Тат саңырауқұлақтарымен күресу үшін олардың аралық иелерін (бөріқарақат,

итшомыр, лещина, арамшөптер) алып тастау қажет. Трутовиктер тірі және құрылысқа арналған аағштарды бұзып, зиян

келтіреді. Бұлардың  жылдағы зиянын, орманның жанып кетуімен  салыстыруға  болады.Жетілмеген  саңырауқұлақтарға,

жыныс   процесі   белгісз   саңырауқұлақтарды   жатқызады.   Олардың   25   мыңнан   астам   түрі   бар.   ОЛАр   паразиттер   мен

сапрофиттер. Олар ауыл шаруашылық өсімдіктерінің ауруларымен жойылып кетеіне әкеліп соғады. Жынысты процесі бар

болса,   олардың   споратасымалауның   формасына   қарап,   қалталы   немес   базидиомицеттерге   жатқызады.   Мәдени

өсімдіктерде  паразиттік тіршілік  ететін, улы  тамаққа түсіп  жануар  мен  адамды уландыру мүмкін, мысалы,  фузариум,

қысқы бидайдың паразиті. 



Тақырып 6.  Қыналар (Lichenophyta Lichenes)

Қыналар балдыр мен саңырауқұлақтың симбиозы нәтижесәнде түзіліп, басқа ағзалардан сапалы ерекшеленетін, эволюция

процесінің барысында бір-біріне пайда тигізіп тіршілік ететін ерекше ағзалар. Балдыр мен саңырауқұлақтың симбиозы

емес, саңырпауқұлақты автотрофта бақыланатын паразитті тіршілігіне ұқсас. Қына құрамына кіретін саңырауқұлақтар

көбінесе, аскомицеттер, сирек базидиомицеттер, ал балдырлар-көк-жасыл (цианобактериялар) немесе жасыл балдырлар.

Қыналардың әр түрінің құрамында белгілі бір балдыр мен саңырауқұлақ түрі енеді. Қыналардың екілікті табиғаты 1867ж.

орыс   ғалымдары   А.С.Фаминицин   мен     С.А.Баранецкий   анықтаған.   Балдырлар   органикалық   заттарды   құрайды,   ал

саңырауқұлақтарбалдырды қорғап, оны сумен және минералды тұздармен қамтамасыз етеді. Олар қолайсыз ортаға жақсы

бейімделген, температура мен ылғалдылық, тіршілік бар жердің барлығнда өседі. Олар Арктика өсімдіктерінің ең шетк

шектерінен солтүстікке қарай өседі, сол кезде олар ылғалдылығы жоғары тропиктерде де өсе алады.  Олар тіршілік жоқ

жерлерді алғашқы болып мекендейді (тау,  ағаштарда), тундрада көп орын алады. Қыналар топырақ түзілу процесінде

маңызды рөл атқарады, өздері бекіген тастарды бұзады. Оның денесі мүшелерге дифференциаланған қабатша. Олардың

денесі гифтер шоғырынан түзілген.    

  Қабатшаның геомерді типті құрылысы бар, балдыр клеткалары ретсіз орналасқанда және гетеромерлі қабатша бірнеше

қабаттардан   тұрғанда.   Балдырлар   бір   қабат   болып   орналасқан,   гонидиальді   қабат   түзеді.   Қыналардың   келесі   түрлері

болады:  жіптәріздес, денесі жіпке ұқсас;  қабыршақты тау-тастарда, топырақта, ағаштарда қабыршақ түзіп орналасады

(леконора); жапырақ тәріздес-денесі жапырақты пластикалардан тұрады, ризиналар көмегімен –ризод аналогі, топырақ пен

ағаштарға бекиді, шоқты гифтерден тұрады (пармелия); бұталы-тармдалған бұта тәрізді, биіктігі 12-15см (исландық қына,

бұтақына, мысалы, бұғы қынасы-кладония). Қыналар көбінесе вегетативті көбейеді: қабықшасының бөліктерімен немесе

арнйы   мүше-соредиялар   мен   изидиялар.   Соредиялар   гонодиальді   қабат   ішінде   түзіліп,   біраз   балдыр   клеткалары   мен

оларды   қоршап   жататын   гифтерден   тұрады.   Қабықшаның   тесігі   арқылы   сыртқа   шығып,   желмен   таралады.   Қолайлы

жағдайда соредиялар жаңа таллом түзеді. Изидиялар да балдырлар мен оларды қоршап жатқан гифтерден тұрады, бірақ

олар талломның бетіндегі өсінді ретінде шығады. Қынаның қабықшасы балдыр мен саңырауқұлақтың бөлінуі арқасында,

олардың әр қайсысы бөлек бөлінгендіктен баяу өседі. САңырауқұлақ гифтері белгілі бір балдырды кездестіргенде ғана,

қына түзіледі. Еш тіршілік жоқ өнімсіз жерлерді  алғашқы болып мекенеп, кейін мәдени өсімдіктермен  ығыстырылуы

мүмкін. Оларға жарып пен таза ауа қажет. Олар қоршаған ортаның ластануының индикаторлары. Фотосинтез бен қоректік

заттарды қорға жинау процесі баяу өтеді. Жылдық өсуі сәл ғана байқалады: қабыршақтыларда-1-8 мм, бұталыларда-1-35

мм. Кейбір қыналар мата өндірісінде бая ретінде, медицинада, парфюмерияда, глюко за мен химиялық индикатор-лакмус

өндірісінде  қолданылады.   Бұғы  мүгі  қынасы   бұғылардың  қорек   ретінде,   кйебіреулері  тамаққа  пайдаланылады  (манна

небесная).     



Тақырып 7. 

Жоғары сатыдағы өсімдіктер. Мүктәрізділер бөлімі.

Жоғары   сатыдағы   өсімдіктер.   (Ұрықтылар-   Embryobionta).   Алғашқы   жер   беті   өсімідіктері   палеозой   дәуірінің   силур

кезеңінде пайда болған. Ботаниктердің көбі оларды, жойылып кеткен жасыл балдырлармен байланыстырады. Жер бетінде,

яғни екі ортада (ауа мен топырақта) тіршілік ету, сумен қамтаамасыз ететін, жыныс мүшелерін құрғап кетуден қорғайтын,

жыныс процесін қорғау механизмдерінің түзілеуімен қатар жүреді. Топырақта беку үшін тамыр, фотосинтезді іске асыру

үшін сабақ пен жапырақ пайда болды. Осылардың дамуымен қатар ұлпалардың дифференцициясы жүріп отырды: өткізгі,

механикалық   ұлпалар   жүйесі   дамып,   эпидерма   мен   лептесік   түзілді,   жынысты   көбеюдің   көп   клеткалы   мүшелері-

гаметангийлер пайда болды. Аталық  гаметангийлер антеридиялар, бұнда аталық  жыныс клеткалары түзіледі  (гамета)-

сперматозоидтар   немесе   спермиялар.   Аналық   гаметангийлер-архегониялар,   оларды   аналық   жыныс   клеткасы   түзіледі.

Барлық  бейімделулерін гаметофит пен спорофиттің айырмашылықтарының көбеюінен көруге  болады. Жоғары сатылы

өсімдіктердің тіршілік циклінде, балдырлардікіндей жынысты және жыныссыз көбею фазаларының ауысуы байқалады.

Гаметофитте   жынысы   көбею   мүшелері,   ал   спорофитте,   ішінде   редукциялық   (мейоз)   бөліну   нәтижесінде   гаплоидті

хромосомалар жиынтығы бар спорангийлер түзіледі. Гаметофит екі жынысты, архегониялар   мен   антеридиялар бірге

дамығанда, және бір жынысты, не антеридий не архегоний ғана болғанда. Аталық пен аналық гаметалары қосылғанда

(екеуі де гаплоидті), диплоидті зигота түзіледі. Зиготадан (ол митоз арқылы бөлінеді), диплоидті спорофит дамиды. Егер,

спорофитте түзілген споралар бірдей болса, олардан екі жынысты гаметофит дамиды. Бірақ жоғары өсімдіктердің көбінің

спорангийлерінде екі түрлі спора түзіледі (әр түрлі спорангийде): макроспорангияларда-макроспоралар (мегаспора), ал

микроспорангийлерде-микроспоралар.   Әр   микроспорадан   бір   аталық   гаметофит   дамиды,   ал   мегаспорадан-бір   аналық

дамиды.   Сондықтан   микроспора-аталық,   мегаспора-аналық   деп   аталады.   Жоғары   сатыдағы   өсімдіктің   толық   тіршілік

циклі (зиготадан зиготаға дейін), гаметофиттен (спорадан зиготаға дейін) және спорофиттен (зиготадан спораға дейін)

тұрады. Барлық жоғары өсімдіктердің, мүшелер ұлпаларынан басқа, ұрықтары бар.... Төмегі сатыл өсімдіктерде ол жоқ.

Жоғары   сатыдағы  өсімідктердің   зиготасынан   әрдайым   ұрық   (эмбрион)  –спорофиттің  (2n)   жаңа  дарасының   бастамасы

дамиды. Тек қана гүлділерде ұрық спорофаза- триплиодті болып келетін, екіншілік эндоспермнің қор заттары арқасында

дамиды. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің эволюциясы екі бағытта өтті: мүктәрізділерде-гаметофиттің дербестігінің, оның

морфологиялық бөлінуімен  өсіп, дербес спорофиттің жойылып оңайлауында (гаметофитте тітршілік ететін спорогонға

дейін), ал барлық жоғары сатыдағы өсімідіктердің негізгі фазасы спорофит, ал гаметофит қысқарып, оңайланған. Плаун,

қырықбуын   және   папоротниктәрізділерде   бұл   фазалар   жеке,   физиологиялық   жағынан   әр   түрлі   ағзаларға   айналады;

тұқымды өсімдіктердің гаметофиті өзінің дербестігін жоғалтқан, спорофитте дамиды. Тұқымдылар жер бетінде тіршілік

етуге жақсы бейімделген, оларға ұрықтану үшін су қажет емес. Ал мүк, плаун, қырықбуын және папоротниктәрізділердің

жыныс процесі бос судың бар болуын талап етеді, себебі сперматозоидтар тек қана суда қозғалады. Осылайша жоғары

өсімдіктердің   эволюциясы   мүктәрізділердікінен   басқа,   гаметофит   редуцкциясы   мен   спорофиттің   дамуымен   жүрген.

Жоғары   сатылы   өсімдіктерге   келесі   бөлімдерді   жатқызады:   псилофиттер,   мүктер,   плаундар,   қырықбуындар,

папоротниктер және түұқымды өсімдіктер. 

   Псилофиттер

   Мүктер (Моховидные) 

   Плаунтәрізділер 

   Қырықбуындар

   Папоротниктәрізділер        

   Тұқымды өсімдіктер

Псилофиттер (Psilophyta, Psilotophyta)

Псилофиттер   –   алғашқы   жер   беті   өсімдіктері,   түтіктілердің   арғы   тегі,   400   мың   жыл   бұрын   тіршілік   еткен;   таскөмір

дәуірінің басында жойылып кеткен, қалдықтары төменгідевон шөгінділерінде табылған. Олардың дихотомды бұталанған

осьтік   мүшелері-биіктігі-50см,   теломдары,   суды   сіңіретін   ризоидтар   тарамдалатын,   көлденең   тамыр   сабақты   мүшесі-

ризомоиді болады. Жапырақтары жоқ. Нашар дамыған ксилема трахеидалардан тұрады. Осьтердің ұшында спорангийлер

орналасқан. Қазіргі кезге дейін екі туысы жеткен: псилот және тмезиптерис, тропиктер мен субтропиктерді мекендейді.

Мүктер (Моховидные, Bryophyta)



Мүктер – барлық жоғары өсімідіктердің ішіндегі ең қарапайым ұйымдасқан. Көбінесе  шағын көп жылдық, сирек бір

жылдық қабатты немесе жапырақсабақты өсімдік. Нағыз тамыры жоқ (сондықтан олар аласа), кейбіреулерінде  тамыр

қызметін атқаратын ризоидтары бар. Ризоидтар тамырдан құрылысы менпайда болуымен ерекшеленеді. Суды сабақтың

төменгі бөлігі де сіңіре алады. Мүктәрізділердің ең негізгі, басқа жер беті өсімідіктерінен   ерекшелігі, даму циклінде

гаметофазаның басым болуы. Гаметофит өркенді еліктендіретін, жасыл өсімдік (мысалы, көкек зығыры), «сабақ» пен оған

жақсы   бекіген   «жапырақтар»   (филлоидтер).   «Сабақ»   көбінесе   тарамдалмаған,   биіктігі   15   см,   кейде   одан   да   жоғары.

Өткізгіш қызметін атқаратын  ксилема мен флоэмаға  сәфкес  клеткалар пайда болады. Жасыл мүктердің толық  дамыға

өткізгіш   шоқтары   жоқ.   «Жапырақтары»   клеткаларлың   біренеше   қабатынан   тұрады:   ұзын   өткізгіш   және   қалың

механикалық.   Жапырақтың   ортаңғы   жүйесіне   ұқсас   құрылым   түзіледі,   оның   жоғары   бетінде   қысқа   хлорофиллі   бар

клеткалар-фотосинтездейтін ұлпа орналасқан. Сабақ негізінде ризоидтар дамиды. Көкек зығырының биіктігі 40 см жетеді.

Көбею   мүшелері   әр   түрлі   дараларда   орналасқан-антеридиялар   мен   архегониялар   дамитын,   аналық   пен   аталық

гаметофиттерде. Судың қатысуымен архегоний аналық жыныс клеткасымен қосылып, диплоидті зигота түзеді. Зиготадан

гаметофитте орналасқан  диплоидті спорофит дамиды. Спорофит гаусториялардан  (олардың  көмегімен  ол гаметофитке

бекініп, одан қоректік заттарды алады, паразиттік тіршілік етуге көмектеседі), аяғы мен мүкқорапша қуысы деп аталатын

жоғары   кеңейген   жері   бар   қорапшадан   тұрады,   соңғысы   жәндіктерді   қызықтыру   үшін   ашық   түске   боялған.

Мүкқорапшаның  қуысының  ұшында споралар  пісіп  жетілгенге  дейін қалпақша болады.  Кейде қорапшада  спораларды

шашуға арналған (перистом) құралы болады-мүкқорапшаның қуысының шетінде оның жамбыр кезінде жабатын тісшелер

қатары болады. Құрғақ ауа райында қалпақша ашылып споралар шашылады. Қолайлы жағдайда спора протонемаға-жасыл

тармдалған   жіпшеге   айналады.   Протонемада   кейін   спорофит   дамитын   ерекше   бүршіктер   түзіледі.   Мүктің   басқа   түрі

белгілі- сфагнум (немесе ақ мүк). Олар көбінесе солтүстік енінің сазды жерлерін мекендейді, онда тұтас жабын құрайды.

Олардың сабақтары тарамдалған, ұсақ жапырақтары бар. Негізгі осьтің ұшында бүйір бұталар бүршіктәріздес шоқпарбас

түзеді. Жоғарылап өседі, ризоидтары жоқ, су мен минералды заттарды сабақтың төменгі бөлігімен сіңіреді, төменгі бөлік

жойылып, тереңге түсіп, шіриді. Сфагнум жапырақтары екі клеткалар түрінен тұрады: тірі-ұзын әрі жіңішке, хлорофиллі

бар; гиалинді-өлі, протопласты жоқ, суды көп мөлшерде, мүктің өзінің массасынан 30-40 есе артық, жинап, сақтай алады.

Қалың   шым   болып   өсіп,   топырақты   саздандырады.   Олар   жаңбыр   суын   жақсы   сіңіріп,   сақтайды,   осылайша   суы   аз

минералданған беткері саздарды түзеді. Сфагнумның даму циклі көкек зығырының цикліне ұқсас. Гаплоидті споралардан

алдын-ала   жасыл   тақталы   платонема,   кейін   даму   циклінде   басым   болатын   гаметофит   дамиды.   Ризоидтар   алғашқыда

протонемада пайда болады, кейін сабақтың даму барысында жойылады. Споралары бар қорапшасы қарапайым-перистомы

мен қалпақшасы жоқ. Мүктәрізідлер барлық континенттерде біркелкі орналаспаған. Олар солтүстік жартышарда, суық

климатты жерлерде көбірек кездеседі, ал құрғақ жерлерде аздау болады. Мүктер өрт және тасты емес жол болған жерлерде

өседі. Орманда мүк қабаты топыраққа жарықты өткізбейді, температураның, ылғалдылықтың, жарықтың тәуіліктік қалпін

төмендетеді. Жасыл мүктер жамылғысы орманды жаңартуға мүмкіндік береді. Бірақ мүктердің болуы, саздануға, ағаштар

мен   бұталардың   өнашар   өсуіне,   тұқымдар   мен   өркендердің   өсуіне   кедергі   жасайды.   Шалғындарда   мүктер   топырақ

аэрациясын төмендетіп, шөптердің өсуіне кедергі жасап, шалғындардың өнімділігін төмендетеді. Мүктер сады жерлерде

шымтезектің түзілуін қамтамасыз етеді, оның халық шаруашылығында кең қолданады. Сфагнумдардың шымтезегі аса

бағалы, себебі оның құрамында минералды тұздар аз, ол оны отын ретінде қолданғанда маңызды.    

Торфтан   этил,   метил   спирттерін,   сірке   қышқылын,   нафталин,   балауыз,   деготь,   нитраттар   мен   т.б.   жасайды.   Сфагнум

шымтезегінен емді балшық жасайды. Оны термоизоляциялы құрылыс материалы ретінде қолданады, одан қағаз, картон

жасайды. Ойпат саздардың шымтезегінен шымтезек-шірінді   құмыралар жасайды. Жемістер мен тұқымдарды сақтауға

қолданылады. Бірақ сазды жерлерде өзіне тән флора мен фауна түзіледі. Бұл сфагнумды мүктердің ьактериоцидті заттады

бөлумен байланысты. Осыдан шіру кезінде заттар толық ыдырамайды, жартылай ыдыраған –гумин қышқылдары түзіледі.

Жартылай   ыдыраған   заттар   шымтезек   түзеді.   Гумин   қышқылдары   саз   суын   қошқыл-қоңыр   түске   бояйды,   су   нашар

жылынатындықтан әрдайым салқын болады. Қышқыл орта түзіліп, онда тек қана соған бейімделген өсімдіктер тіршілік

ете алады. Оттегі аз. Бірақ су алмасуын реттейді, сондықтан, оларды құрғату әрдайым тиімді болмайды. Көптеген беткейлі

саздар үлкен өзендердің көзі бола алады, мысалы Волга өзені өзінің бастауын Валадай үстіртінен алады.   



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет