Бағдарламасының титулдық парағы Нысан пму ұс н 18. 2/06 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



жүктеу 148.9 Kb.
Pdf просмотр
Дата22.12.2016
өлшемі148.9 Kb.
түріБағдарламасы

    Жұмыс оқу

бағдарламасының титулдық

парағы 

Нысан


ПМУ ҰС Н 7.18.2/06

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті 

Тарих кафедрасы

 

Ортағасырлардағы Қазақстан тарихы пәнінен



5В011400

 Тарих мамандығының студенттеріне арналған

       

ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ 

Павлодар


Мемлекеттік жалпыға міндетті мамандықтың

  Білім стандарты мен тиіптік бағдарлама

        негізінде әзірленген пәннің

           жұмыс бағдарламасын

            бекіту парағы

               Нысан

               ПМУ

ҰС Н 7.18.2/06



БЕКІТЕМІН 

ОІ жөніндегі проректор

___________ Пфейфер Н.Э.

20__ж. «___»___________   

Құрастырушы: _________   доцент Н.Е. Күзембаев

Тарих кафедрасы  



Ортағасырлардағы Қазақстан тарихы

 

пәні бойынша



5В011400 Тарих мамандығының студенттеріне арналған

ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ 

Жұмыс   бағдарламасы   мемлекеттік   жалпыға   міндетті   білім   беру

мамандық   стандарты  

 

050203   «Тарих»



  мамандығының   студенттеріне

арналған және типтік бағдарлама негізінде әзіргенген, РОӘК жоғары және жоғары оқу

орнынан   кейінгі   білім   беру   кеңесі   22   маусым   2006   жылғы   мәжілісінің   №289

хаттамасының шешімімен бекітілді және іске қосылды.

2012 ж. «___»____________кафедра отырысында ұсынылған №_____ хаттама. 

Кафедра меңгерушісі  ______________     Мамытова С.Н.  20__ж. «____» ________

                  (қолы)

Факультет

 

оқу-әдістемелік



 

кеңесімен

құпталған_____________________________   200_ж.   «_____»____________№____

хаттама


ОӘК төрағасы  ________________     ?????????  

200_ж. «_____»___________



КЕЛІСІЛГЕН 

Тарих   жәнет   құқық   факультет   деканы     _____________       Акишев   А.А.    

200_ж.

«_____»________



МАҚҰЛДАНДЫ:

ОҮЖжӘҚБ бастығы  _____________      ??????????  

200_ж. «_____»_______              

 Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған  

20__ж. «___»______________  №____ хаттама 

2


1   Пәннің   мақсаты   -  тиянақты   түрде   және   санқырлы   негізде   қазақ

халқының   шығу   тегі   мәселесін  ашу,   қазақ   мемлекеттігінің   шығуының   және

оның   дамуының,   этникалық   территориясының   қалыптасуының   және   ұлттық

мәдениетінің қайталанбас ерекшеліктерін ашып көрсету.



 

Пәннің міндеттері:

- студенттерді   ауқымды   фактологиялық   материалдармен   қазіргі

Қазақстан   медиевистикасында   қабылданған   хронологиялық   тиянақтылық,

кезеңдеу негіздерінде таныстыру;

- кейінгі   орта   ғасырлар   кезеңіндегі   (XIII   ғ.   басы   -   XVIII   ғ.   алғашқы

ширегі) Қазақстандағы этносаяси дамудың бұрынғы түркілік кезеңмен (VI-XII

ғғ.) бөлінбес байланыстылығын көрсету;

- қазақ халқының қалыптасуының жалпы заңдылықтарын және  өзіндік

ерекшеліктерін ашу;

- Қазақстан   медиевистикасындағы   моңғол   басқыншылығының

салдарлары   мәселелері  бойынша,  Ақ   Орда   және   Көк  Орда   туралы  тарихи

концепциялар, казақ халқының этногенез мәселесі бойынша, көшпелі халықтар

мемлекеттігінің   сипаты   туралы   және   т.   б.   жөніндегі   негізгі   айтыстардан

хабардар ету;

- Қазақтардың

 ұлттық   мәдениетінің   қалыптасуының   өзіндік

ерекшеліктерін   көрсету   және   студенттерді   қазақтардың  бай  материалдық,

рухани мәдениетімен, сондай-ақ ауыз әдебиетімен таныстыру;

Атаулы пәнді игеру нәтижесінде студенттер:

Білулері керек: пәннің  түсінік аппаратын қолдану.  Нақты тақырып бойынша

библиографиялық тізімдер жасау дағдыларын меңгерулері керек.,. 

Курсты   оқып-үйрену  студенттерге  қажетті   білімді,   дағдыны   және

білгірлікті беруі тиіс. Студенттер мынаны білулері керек:

- тарихи деректерді талдаулары тиіс;

- тарихи  карталар  бойынша  жақсы багдарлай алулары және оны  ауызша

жауап беруде пайдалана білулері керек.

Істей алулары керек:

- деректанулық және тарихнамалық талдау дағдыларын игерулері керек.

- ғылыми-анықтаушы аппаратты жасау дағдыларын білулері тиіс;

- әртүрлі   жазбаша   жүмыстарды:   рефераттарды,   баяндамаларды,

аннотацияларды және тұжырымдамаларды жазу дағдыларын игерулері керек.

семинар сабақтары барысында студент ауызша айта білуге дагдылануы

тиіс.

2   Пререквизиттер:

 Ежелгі   дәуірлердегі   Қазақстан   тарихы.

Ортағасырдардағы   Қазақстан   тарихы.   Археология.   Алғашқы   қауымдық

құрылыс тарихы.

3  

Постреквизиттер:  Түркі   халықтарының   тарихы,   Жаңа

замандағы   Қазақстан   тарихы,   Ресейдің   аграрлық   отарлауа   саясаты,   Қазақ

халқының рухани мәдениеті, Қазақстан тарихының тарихнамасы

3


4. Пәннің мазмұны

4.1 Пәннің тақырыптық жоспары (3 семестр)



Тақырыптың атауы

Сабақ түрлері бойынша қарым-

қатынастық сағаттар саны

Дәр Тәж. Зерт.

студ

.

жеке СӨЖ

1

Кіріспе. Курстың негізгі міндеттері 



және мәселелері

2

2



8

2

Моңғол жаулаушылығы қарсаңындағы 



Қазақстан

2

2



8

3

Моңғолдардың Қазақстан мен Орта 



Азияны жаулауы

2

2



8

4

Қазақстан Алтын Орданың құрамында



2

2

8



5

Оңтүстік және Оңтүстік Шығыс 

Қазақстан Шағатай ұлысының 

құрамында

2

2

8



6

ХІІІ-ХV ғғ. Қазақстанның рухани 

мәдениеті

2

2



8

7

Ақ Орда.  Батыс Қазақстан Ноғай 



Ордасының құрамында

2

2



8

8

1428-1468 жж. Шығыс Дешті 



қыпшақтағы мемлекет - Әбілқайыр 

хандығы


2

2

8



9

Қазақ хандығының деректері мен 

тарихнамасының мәселелері

2

2



8

10 Қазақ хандығының құрылуы мен 

нығайуы (ХҮ ғ. екінші жартысы).

2

2



8

11 Қазақ хандығының күшеюі (XVI ғ. 

бірінші ширегі)

2

2



8

12 XVII-XVIII ғ. басындағы Қазақ 

хандығы.

2

2



8

13 XVII-XVIII ғ. бірінші ширегіндегі 

қазақ - жоңғар қатынасы

2

2



8

14 Қазақтардың дәстүрлі шаруашылығы 

мен мәдениеті

2

2



8

15 Қазақ қоғамының әлеуметтік- 

экономикалық қатынастары мен саяси 

құрылымы


2

2

8



Барлығы:

30

30

120

4


4.2 Пәннің тақырыптық мазмұны 

Тақырып 1. Кіріспе. Курстың негізгі міндеттері және мәселелері

Курстың   негізгі  міндеттері   және  мәселелері,  Кейінгі   орта   кезеңіндегі

Қазақстан   тарихы   бойынша   әдебиеттер   мен   деректер   бойынша   жалпы

мағлұматтар.   XVIII   ғ.   орыс   зертгеушілерінің   Қазақстанды   зерттеулері.   XVIII

ғасырдың   екінші   жартысындағы  -  XIX   ғғ.   Ресей   шығыстануында   кейінгі

ортағасырлық   Қазақстан   кезеңі   бойынша   еңбектерді   жариялау.   Ресей

шығыстанушыларының   (В.В.Вельяминов-Зернов,   В.   Тизенгаузен,

Н.Веселовский   және   т.б.)   XV-XVI   ғғ.   Қазақстан   тарихын   зерттеуге   қосқан

үлестері.  Ш. Уәлихановтың еңбектеріндегі қазақтардың этногенезі, жүздердің

құрылуы,   рулық   құрылым,   қазақтардың   орналасуы  мәселелері.   XIII-XIV   ғғ.

Қазақстан   тарихын   моңғол   ұлыстарының   және   мемлекеттерінің   бір   бөлігі

ретінде   XIX   ғ.   зерттеу.   Н.А.Аристов   еңбектерінде   қазақтардың   этникалық

тарихының зерттелуі. В.В.Бартольдтың Жетісу тарихын, кейінгі ортағасырлық

Түркістанды зерттеуге, тарихи деректерді зерттеуге  және ғылыми айналымға

қосуға үлесі. Қазақ тарихының этникалық мәселелері XX ғ. 20-30 жж. ғалым-

қазақтар   еңбектерінде.   XX   ғ.   40-50   жж.   кейінгі   орта   ғасырлар   тарихы

мәселелері   бойынша   зерттеулер   деңгейлерінің   өсуі.   XV-XVIII   ғғ.   Қазақ

қоғамының   формациялық   деңгейі   туралы   айтыстар   қорытындыларының

қазақтар   тарихын   онан   әрі   зерттеуге   ықпалы.   С.К.Ибрагимовтың,   А.

А.Семеновтың   кейінгі   орта   ғасырлардағы   қазақтардың   саяси   тарихы

мәселелерін   зерттеуге   үлесі.   XX   ғ.   60   ж.   Қазақстан   медиевистикасындағы

деректік негіздің кеңеюі. XX ғ. 60-90 жж. жүмыстарда Қазақ хандығы тарихы,

қазақ   мемлекеттілігі   мәселелерінің   дамытылуы.   К.А.Пищулинаның,

Т.И.Сүлтановтың,   М.Х.Әбусейітованың,   О.Ф.Акимушкиннің,   В.Я.   Басиннің

қосқан   үлесі.  Бұл   кезеңнің   тарихын   зерттеудегі   тартысты   тұстар.   Соңғы

онжылдықтардағы   Қазақстан   аумағындағы   мемлекеттіліктің   дамуын   зерттеу.

Қазіргі тарих ғылымында кейінгі орта ғасырлардағы Қазақстан тарихын зерттеу

міндеттері.

Бұл кезең  бойынша  негізгі  деректер.   Оларды  жіктеу,  сұрыптау.  Тарихи

қозғалысты   кезеңдеу   принциптері,   зерттеудің   жаңа   көзқарастарын   іздестіру

мәселелері.

Тақырып 2.  Моңғол жаулаушылығы қарсаңындағы Қазақстан

Моңғолдар. Татарлар. Керейттер. Меркіттер. Орталық Азияның көшпелі

тайпалары.   Саяси   үстемдік   үшін  күрестер.   Тайпалық   одақтар.   Темучиннің

жеңісі және оның Шыңгыс хан деп аталуы. Шыңғыс хан мемлекетінің әскери-

потестарлық құрлымы. 

Тақырып 3. Моңғолдардың Қазақстан мен Орта Азияны жаулауы

Қазақстан моңғол ұлыстарның құрамында. Моңғолдардың Қазақстан мен

Орта   Азия   жорықтарының   себептері,  барысы,   қорытындылары.   Моңғол

ұлыстарының  құрылуы.   Олардың   территориялары.   Қазақ   жерлері   моңғол

ұлыстары   құрамында.   Тарихи   әдебиеттерде   моңғол   жаулаушылығының

салдарлары мәселесі.

5


Тақырып 4 Қазақстан Алтын Орданың құрамында

Қазақстанның 

далалық   бөлігі

 Жошы   Ұлысының   құрамында.

Монғолдардың   батысқа   жетіжылдық   жорығы.   Алтын   Орданың   қалыптасуы.

Алтын Орданың деректері мен тарихнамасы. Территориясы, халқы, шекарасы.

Әкімшілік-саяси құрылымы. Ұлыстық-уделдік жүйенің қалыптасуы. Алты Орда

тарихының   негізгі  кезеңдері.   Алтың   орда   хандарына   сипаттама.   Алтын

Орданың   ыдырауының   себептері   мен   барысы.   Батыстағы   ұлыстарда   жаңа

мемлекеттердің   құрылуы.  Шығыс   Дешті  қыпшақта   жаңа   мемлекеттік

құрлымдардың пайда болуы.

Тақырып   5.  Оңтүстік   және   Оңтүстік   Шығыс   Қазақстан   Шағатай

ұлысының құрамында

Шағатай   ұлысының   құрылуы.   Шағатай   мемлекетіндегі   моңғол

хандарының   жүргізген   саясатындағы   екі   ағым.  Шағатай   мемлекетінің   саяси

тарихы.


Тақырып 6. ХIII-XV ғғ. Қазақстанның рухани мәдениеті

ХІІІ-ХҮ   ғғ.   Қазақстанның  рухани  мәдениеті.   Дешті  кыпшақ

территориясында   түркі,   моңғол   жөне   ислам   мөдениетінің   тыгыз   байланысы.

Фольклор - Дешті қыпшақ түрғындарының рухани мәдениетінің негізгі бөлігі.

"Ер Сайын" эпосы. Тарих-батырлық сипаттағы Ноғайлық жырлар. Едіге туралы

жыр   -   Ногайлық   жырлардың   ең   маңыздысы.  Дешті   қыпшақтың   рухани

өмірінідегі ауыз өдебиеті: Кетбүға ақын (XIII ғ.), Қотан ақының жоқтауы (ХІҮ

ғ.),  Сыпыра   жыраудың   толғаулары   (ХІҮ-ХҮ  ғғ.),  Асан   Қайғының,   Қазтуған

Сүйінішұлының жыр-толғаулары. Жазба әдебиет. Ән мен жыр.

Діни сенімдер. XIY-XY ғғ. Ислам діні. Берке хан (1255-1266 жж.) тұсында

Дешті   қыпшақ  көшпелілерінің  ислам  дінін   қабылдаудағы   дискретті   сипаты.

Өзбек   хан   (1312-1340  жж.)   тұсында  ислам  дінің   қабылдаудағы   жаңа   кезең.

Моғолстанда ислам дінінің таралуы. Көшпелі қоғамда суфизмнің әсері және кең

таралуы.   Исламға   дейінгі  дәстүрлердің  қазақ   қоғамындағы   маңызы   және

олардың   тұрмыстағы   рөлі.  Дүниетаным  мен   діни   синкретизмнің  Қазақстан

территориясындағы  идеологилық  өмірдегі  ерекшелігі.   ХІІІ-ХҮ   ғғ.   Оңтүстік

Қазақстан мен Жетісудың қалалық мәдениетіндегі архитектура мен өнер.

Тақырып   7.  Ақ   Орда,  Батыс  Қазақстан   Ноғай   Ордасының

құрамында

Ақ Орда-  жергілікті  і этникалық  негізде  құрылған  алғашқы  мемлекеттік

құрлым. Ақ Орда мен Көк Орда туралы тарихи коннцепциялар.

Ак  Орда  тарихының   деректері   және   тарихнамасы.   ХІҮ-ХҮ   ғ.   I

ширегіндегі Ақ Орданың саяси тарихы.

"Ноғай"  терминінің   этимологиясы.   Ноғай   Ордасының   құрылуы.   Ноғай

Ордасының   территориясы   және   тұрғындарының   этникалық   құрамы.  Саяси

тарихы. Қазақстан тарихындағы Ноғай Ордасының алатын орны.



Тақырып   8.  1428-1468   жж.   Әбілқайыр   хандығы.   Оңтүстік-Шығыс

Қазақстан Моғолстан құрамында

Әбілқайыр   хандығының   деректері   мен   тарихнамасы.  ХҮ   ғ.   20

жылдарындағы   Шығыс   Дешті  қыпшақтағы   саяси   бытыраңқылық.   Әбілқайыр

ханның   билікке   келуі.  "Көшпелі   өзбектер"  мемлекетінің   этникалық   құрамы.

6


1428-1468 жж. Әбілқайыр ханның ішкі және сыртқы саясаты. 1457 ж. Сығанақ

түбіндегі қалмақтармен шайқас жөне оның салдарлары. Керей мен Жәнібектің

Әбілқайыр ханнан бөлінуі. Әбілқайыр ханның Моғолстанға жорығы. Әбілқайыр

ханның   қайтыс   болуы.  "Көшпелі   өзбектер"  мемлекетінің   күйреуі.   Керей   мен

Жәнібектің Өзбек ұлысына қайтып оралуы. Шығыс Дешті қапшақта билеуші

әулеттің ауысуы.

ХІҮ ғ. ортасында Шағатай мемелекетінің ыдарауы. Шағатай мемлекетіің

шығыс   бөлігінде   Моғолстанның   құрылуы.   Территориясы,   халқы.   Моғолстан

тұсындағы   Жетісу   тұрғындарының  этникалық   сипаттамасы.   Алғашқы   Моғол

хандарының   ішкі   және   сыртқы   саясаты.   ХІҮ   ғ.   соңы   мен   ХҮ   ғ.   басындағы

Жетісуға   Әмір  Темірдің   жорықтары.   ХҮ   ғ.   Қазақстан   территориясына

ойраттардың жорықтары.



Тақырып   9.  Қазақ   хандығының   деректері  мен   тарихнамасының

мәселелері

ХҮғ.-ХҮІІІ   ғ.   алғашқы   үштігіндегі   Қазақ   хандығы   жайлы   жазба

деректердің тілдік және әулеттік тұрғыдан сыныптау. Негізгі жазба деректерге

сипаттама.   Ауыз   әдебиеті   деректері   және   олардың   мәліметтері.   XIX   ғ.

ортасынан   қазіргі   күнге   дейінгі   тарихи   әдебиттерде   Қазақ   хандығының

құрылуы жөніндегі негізгі түжырымдар. В. П. Юдиннің, С. Ибрагимовтың, К.П.

Пищулинаның,  Т.   Сұлтановтың,   М.   Абусейтованың,   И.В.   Ерофееваның,   Б.

Жәрібаевтың Қазақ хандығы тарихын зерттеудегі қосқан үлестері.



Тақырып   10.  Қазақ   хандығының   құрылуы   мен   нығайуы  (ХҮ   ғ.

екінші жартысы)

Қазақ хандығының құрылуының этникалық, саяси, мөдени - тарихи алғы

шарттары.   Керей   мен   Жәнібектің   Өзбек   ұлысынан   бөлінуі   және   Қазақ

хандығының құрылуының басталуы. Тарихи әдебиеттерде Қазақ хандарының

шығу тегі мәселесі. ХҮ ғ. соңғы үштігіндегі Қазақ хандығының нығаюы. Сыр

өңірінің Қазақ хандығы үшін экономикалық, саяси және стратегиялық маңызды.

Жетісуда Қазақ хандары билігінің орнығуы.

Қазақ   халқының   қалыптасуының   аяқталуы.   Тарихи   әдебиеттерде  казақ

халқының   қалыптасуының   мәселесі.   Қазақ   этносының   қалыптасу   процесі

жөніндегі   негізгі   түжырымдар:  "миграциялы   этногенез

1

',  "автахтонды   негіз",



"монғолдарға дейін пайда болған", "этногенездің соңғы кезеңі Өзбек дөуірінде

болған",  "қазақ   халқының   аяқталу   кезеңі   ХҮІ-ХҮІІ  ғғ.   шенінде   болган".

Қазақстан   территориясындағы   этникалық   процестер   қезеңдері   және   оларға

сипаттама.   ХІІІ-ХІҮ   ғасырларда   Қазақстан   аумағында   қазақ   халқын   құраған

түркі тілдес тайпалар мен рулардың орналасқан жерлері, олардағы этникалық

өзгерістер.   Қазақ   хандығының   құрылуы   этногеетикаклық   процестің

аяқталуының көрінісі.  "Қазақ"  сөзінің мәні туралы.  "Қазақ"  -халықтың өзіндік

атауы.  "Қазақ"  этнонимінің этимологиясы, мәні мен мазмұнын тарихнамалық

тұрғыда түсіндіру.

Тақырып 11. Қазақ хандығының күшеюі (XVI ғ. бірінші ширегі)

XVI   ғ.   басындағы   Қазақ   хандығының   ішкі   саяси   жағдайы.   Мұхаммед

Шайбанидің   Темір   әулетінен   билікті   тартып   алуы   және   Мауереннахрда

Шайбани әулеті билігінің орнауы (1600-1698 жж.). XVI ғ. басындағы алғашқы

7


қазақ   билеушілерінің   Шайбани   әулетімен   қарым-қатынасы.   М.   Шайбанидің

қазақ  хандығына  жасаған   жорықтары   (1505-1508  жж.).  Қасым  ханның  Қазақ

хандығына   билікке   келуі   (1510(1511)-1523   (1524   жж.).  Қасым   хан   тұсында

Қазақ хандығы жерлерінің кеңеюі. Оның сол кездегі халықаралық қатынастарға

тартылуы.

Қазақ   хандығының  "уақытша   әлсіруі"  кезеңі   және   XVI   ғ.   екінші

жартысындағы   Қазақ   хандығы.   Қасым   ханның   өлімінен   кейін   (1523-1524)

Мамаш   жөне   Тахир   хандар   тұсында   қазақ   хандығының   бытыранқылығының

күшеюі.

Хақназар ханның қазақ жерлерін біріктіру саясаты. Қазақтардың  өзбек-



шайбанилықтар   және   ноғайлармен   қарым-қатынасы.   Қазақ-орыс

қатынастарының басталуы,  Шығай хан түсындағы Қазақ хандығының сыртқы

саяси жағдайының ерешеліктері. XVI ғ. аяғындағы Тәукел ханның Орта Азияға

жорығы және оның маңызы.



Тақырып 12. XVII-XVIII ғ. басындағы Қазақ хандығы

Қазақ хандығында бір мезгілде екі ханның - Есім және Тұрсынның билік

етуі. Жәңгір ханның жоңғарлармен күресі. Тәуке ханның мемлекетті басқаруда

жүргізген реформалары, "Жеті жарғы"- тарихи талдау. Тәуке ханнан кейін саяси

бытыранқылықтың күшеюі. Үш жүзге бөліну.

Тақырып   13.  XVII-XVIII   ғ.  бірінші  ширегіндегі   қазақ   -   жоңғар

қатынасы

Жоңғар   мемлекетінің   құрылуы   және   XVII   ғ.   екінші   жартысында

Қазақстанға қарсы жоңғар экспансиясының күшеюі. XVIII басындағы қазақ -

жоңғар қақтығыстарының нәтижелері. Қазақ хандығы тарихындағы  "Ақтабан

шұбырынды және Алқакөл сұлама" жылдары. "Қалмақ қырылған" шайқасының

тарихи маңызы. Ордабасыдағы бас қосу. Бірігу идеясының таралуы. Аңырақай

шайқасы және оның тарихи маңызы.

XVI-XVIII  ғғ.   үштігіндегі   қазақ-орыс   қатынастары.   XVI   ғ.   аяғындағы

орыс-қазақ   елшілік   байланыстарының   орнауы.   XVII   ғ.   орыс  -  қазақ

қатынастарындағы   шекаралық   мәселелер.   Қазақстанның   Ресейге   қосыла

бастауы. Абылай хан саясаты.

Тақырып 14. Қазақтардың дәстүрлі шаруашылығы мен мәдениеті

Көшпелі   мал   шаруашылығы   -   қазақ   халқы   тіршілігінің   материалдық

негізі.   Жылдың   барлық   маусымында   малды   жаю.   Төрт   түлік   мал.   Өндіруші

цикл.   Қазақстанның   оңтүстігі   мен   оңтүстік-   шығысындағы   егін

шаруашылығының дамуы.

Қазақ халқының мәдениеті. Қазақтардың заттай мәдениеті. Елді мекендер

мен қыстаулар, тұрақтар. Киім. Тамақ және үй жихазы. Қол өнер. Қолданбалы

өнер.  Қазақ   халқының   рухани   мәдениеті.  Әдет-ғұрыптар   мен   дін.   Күнтізбе.

Аспан   әлемі   туралы   түсінік.   Ауыз   әдебиеті   өнері.   Ақындар,  сал   -серілер,

жыраулар.   Салт-дәстүрлер.   Батырлық   және   эпикалық   жырлар.   Ертегілер,

жаңылтпаштар және т.б.. Тіл және жазба әдебиет. Музыка өнері.

Тақырып   15.   Қазақ  қоғамының   әлеуметтік-   экономикалық

қатынастары мен саяси құрылымы

8


Қазақ  коғамының   әлеуметтік   құрылымы.   Қауымның   екі   әлеуметтік   -

статустық топқа - ак  сүйек және қара сүйек болып бөлінуі. Қазақ қоғамының

территориялық   -  қауымдық   құрылымы.   Жүздер.   Қауымның   екі   типі.   Ру-

тайпалық құрылым-қазақ қоғамының жетекші әлеуметтік құрылымы.

Қазақ   қоғамының   саяси   құрылымы.  Хандық   билік   институты.   Хан

сайлаудағы генеалогиялық дәстүрлер. Хандық билікті мұралану жолдары. Хан

билігінін функциясы.

4.3 Тәжірибелік сабақтардың тізімі мен мазмұны

Тақырып  1.  Қазақстан мен Орта Азияны Моңғолдардың жаулауы.

Қазақ жерлері Моңғол ұлыстарының құрамында

1. Жаулап   алу  жорықтарының   басталуы.   Шыңгыс   ханнның  "Ұлы

жасағы".

2. XIII   ғ.   басындағы   Жетісу   наймандардың   қоластында.   Оңтүстік

Қазақстан Хорезм мемлекетінің құрамында. 

3. Отырар катастрофасы

4. Моңғол   ұлыстарының  құрылуы.   Қазақ   жерлері   моңғол   ұлыстары

құрамында.

5. Тарихи әдебиеттерде моңғол жаулаушылығының салдарлары мәселесі.

Тақырып   2.    Моңғол   империясы   және   Алтын   Орда   тарихына

қатысты жазба деректер

1. Мухамед Хайдар Дулатидың «Тарихи Рашиди» еңбегі. 

2.Қадыр-Али Джалаиридың «Жылнамалар жинағы».

3. Шыңғыс ханның «Ясы» заңдары

4. Әбілғазы «Түрік шежіресі»

Тақырып 3. Алтын Орданың құрылуы мен күшеюі

1. Алтын Орданың қалыптасуы.  Территориясы, халқы, шекарасы. 

2. Әкімшілік-саяси құрылымы. Ұлыстық-уделдік жүйенің қалыптасуы. 

3. Алтың орда хандарына сипаттама. 



Тақырып 4. Алтын Орданың ыдырауы. Қазақстан территориясында

Моңғолдық дәуірден кейін мемлекеттердің пайда болуы.

1. Алтын Орданың ыдырауының себептері мен барысы. 

2. Шағатай мемлекетінің құрылуы

3. Ноғай Ордасының құрылуы

4. Әбілқайыр хандығының құрылуы

5. Моғолстан хандығының құрылуы



Тақырып 5. Ақ Орданың саяси тарихы

1. Ак Орда тарихының деректері және тарихнамасы. 

2. ХІҮ-ХҮ ғ. I ширегіндегі Ақ Орданың саяси тарихы.

3. Орда Ежен, Орыс хандардың жүргізген саясаты

4. Ақ Орда мемлекетінің құлдырау себептері

Тақырып 6. Тарихи әдебиеттердегі Ақ Орда мен Көк Орда жөніндегі

дискуссиялар

1. Ақ Орда немесе Көк Орда аталу себептері

9


2. Территориясы мен халқы

Тақырып   7.  ХIII-XV   ғғ.   Қазақстанның   материалдық   және   рухани

мәдениеті. Дін және өнер.

1.   Кетбұға   ақын   (XIII   ғ.),  Қотан   ақының   жоқтауы   (ХІҮ   ғ.),  Сыпыра

жыраудың толғаулары (ХІҮ-ХҮ ғғ.), 

2.  Асан   Қайғының,   Қазтуған   Сүйінішұлының   жыр-толғаулары.  Жазба

әдебиет. 

3.   Діни   сенімдер.   XIY-XY  ғғ.  Ислам  діні.  Берке   хан   (1255-1266   жж.)

тұсында   Дешті   қыпшақ  көшпелілерінің  ислам  дінін   қабылдаудағы   дискретті

сипаты. 


4.  Көшпелі қоғамда суфизмнің әсері және кең таралуы. Исламға дейінгі

дәстүрлердің қазақ қоғамындағы маңызы және олардың тұрмыстағы рөлі. 

5. ХІІІ-ХҮ ғғ. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудың қалалық мәдениетіндегі

архитектура мен өнер.



Тақырып 8. Қазақ хандығының тарихына қатысты жазба деректер.

1. Ауыз әдебиеті деректері және олардың мәліметтері. 

2. XIX   ғ.   ортасынан   қазіргі   күнге   дейінгі   тарихи   әдебиттерде   Қазақ

хандығының құрылуы жөніндегі негізгі тұжырымдар.

3. Мухамед Хайдар Дулатидың «Тарихи Рашиди» еңбегі. 

4. Әбілғазы «Түрік шежіресі»

5.В. П. Юдиннің, С. Ибрагимовтың, К.П. Пищулинаның, Т. Сұлтановтың

Қазақ хандығы тарихын зерттеудегі қосқан үлестері.



Тақырып   9.   Қазақхррығының   тарихын   зерттеуде   шығыстанушы  -

ғалымдардың косқан үлесі.

1.   Әбілқайыр   ханның   билікке   келуі.  "Көшпелі   өзбектер"  мемлекетінің

этникалық құрамы. 

2.   1457   ж.   Сығанақ   түбіндегі   қалмақтармен   шайқас   жөне   оның

салдарлары. Керей мен Жәнібектің Әбілқайыр ханнан бөлінуі. 

3. Әбілқайыр ханның Моғолстанға жорығы. Әбілқайыр ханның қайтыс

болуы. "Көшпелі өзбектер" мемлекетінің күйреуі. 

4.  Территориясы,  халқы.  Моғолстан  тұсындағы   Жетісу  тұрғындарының

этникалық   сипаттамасы.   Алғашқы   Моғол   хандарының   ішкі   және   сыртқы

саясаты. 

5. ХІҮ ғ. соңы мен ХҮ ғ. басындағы Жетісуға Әмір Темірдің жорықтары.

Тақырып   10.  Қазақ   хандығының   құрылуы   мен   нығайуы  (ХҮ   ғ.

екінші жартысы)

1.   ХҮ   ғ.   соңғы   үштігіндегі   Қазақ   хандығының   нығаюы.   Сыр   өңірінің

Қазақ хандығы үшін экономикалық, саяси және стратегиялық маңызды. 

2. Қазақ халқының қалыптасуының аяқталуы. Тарихи әдебиеттерде казақ

халқының қалыптасуының мәселесі. 

3. ХІІІ-ХІҮ ғасырларда Қазақстан аумағында қазақ халқын құраған түркі

тілдес   тайпалар   мен   рулардың   орналасқан   жерлері,   олардағы   этникалық

өзгерістер. 

10


4. "Қазақ" сөзінің мәні туралы. "Қазақ" -халықтың өзіндік атауы. "Қазақ"

этнонимінің   этимологиясы,   мәні   мен   мазмұнын   тарихнамалық  тұрғыда

түсіндіру.

Тақырып 11. Қазақ хандығының күшеюі (XVI ғ. бірінші ширегі)

1.   Мұхаммед   Шайбанидің   Темір   әулетінен   билікті   тартып   алуы   және

Мауереннахрда Шайбани әулеті билігінің орнауы (1600-1698 жж.). 

2. М. Шайбанидің қазақ хандығына жасаған жорықтары (1505-1508 жж.).

Қасым ханның Қазақ хандығына билікке келуі (1510(1511)-1523 (1524 жж.). 

3. Қасым ханның өлімінен кейін (1523-1524) Мамаш жөне Тахир хандар

тұсында қазақ хандығының бытыранқылығының күшеюі.

4. Хақназар ханның қазақ жерлерін біріктіру саясаты. Қазақтардың өзбек-

шайбанилықтар және ноғайлармен қарым-қатынасы. 

5. Қазақ-орыс қатынастарының басталуы,  Шығай хан тұсындағы Қазақ

хандығының сыртқы саяси жағдайының ерешеліктері. 

6.XVI   ғ.   аяғындағы   Тәукел   ханның   Орта   Азияға   жорығы   және   оның

маңызы.

Тақырып 12. XVII-XVIII ғ. басындағы Қазақ хандығы

1. Қазақ  хандығында  бір мезгілде  екі ханның - Есім және Тұрсынның

билік етуі. Жәңгір ханның жоңғарлармен күресі. 

2. Тәуке   ханның   мемлекетті   басқаруда   жүргізген   реформалары,  "Жеті

жарғы"- тарихи талдау. 

3. Тәуке   ханнан   кейін   саяси   бытыранқылықтың   күшеюі.   Үш   жүзге

бөліну.

Тақырып   13.  XVII-XVIII   ғ.  бірінші  ширегіндегі   қазақ   -   жоңғар

қатынасы

1. Қазақ   хандығы   тарихындағы  "Ақтабан   шұбырынды   және   Алқакөл

сұлама" жылдары. 

2. "Қалмақ қырылған"  шайқасының тарихи маңызы. Ордабасыдағы бас

қосу. 

3. Бірігу   идеясының   таралуы.   Аңырақай   шайқасы   және   оның   тарихи



маңызы.

4. XVI-XVIII  ғғ. үштігіндегі қазақ-орыс қатынастары. XVI ғ. аяғындағы

орыс-қазақ елшілік байланыстарының орнауы.

5. Қазақстанның Ресейге қосыла бастауы. Абылай хан саясаты.



Тақырып 14. Қазақтардың дәстүрлі шаруашылығы мен мәдениеті

1. Жылдың барлық маусымында малды жаю. Төрт түлік мал. 

2.Қазақстанның   оңтүстігі   мен   оңтүстік-   шығысындағы   егін

шаруашылығының дамуы.

3. Қазақтардың заттай мәдениеті. Елді мекендер мен қыстаулар, тұрақтар.

Киім. Тамақ және үй жихазы. Қол өнер. Қолданбалы өнер. 

4.  Қазақ халқының рухани мәдениеті.  Әдет-ғұрыптар мен дін. Күнтізбе.

Аспан   әлемі   туралы   түсінік.   Ауыз   әдебиеті   өнері.   Ақындар,  сал   -серілер,

жыраулар. 

5. Батырлық және эпикалық жырлар. Ертегілер, жаңылтпаштар және т.б..

Тіл және жазба әдебиет. Музыка өнері.

11


Тақырып   15.   Қазақ  қоғамының   әлеуметтік-   экономикалық

қатынастары мен саяси құрылымы

1. Қазақ коғамының әлеуметтік құрылымы. 

2. Қауымның екі әлеуметтік - статустық топқа - ак сүйек және қара сүйек

болып бөлінуі. 

3. Жүздер. Ру-тайпалық құрылым-қазақ қоғамының жетекші әлеуметтік

құрылымы.

4.   Қазақ   қоғамының   саяси   құрылымы.  Хандық   билік   институты.   Хан

сайлаудағы генеалогиялық дәстүрлер. Хандық билікті мұралану жолдары. 



4.4 Студенттердің өздік жұмыстарының мазмұны

 

4.4.1 СӨЖ түрлерінің тізімі (3 семестрге)



СӨЖ түрі 

Есеп беру

формасы 

Бақылау түрі 

Сағат

көлемі 

1 Дәріс сабақтарына дайындық 

Конспект

Сабаққа қатысуы 

20

2 Тәжірибе сабақтарына 



дайындық, үй тапсырмаларын 

орындау 


Жұмыс

дәптері 


Сабаққа қатысуы

50

3 Аудитория сабағының 



мазмұнына кірмеген 

материалды меңгеру 

Конспект 

(және


басқалар)

Коллоквиум 

(және басқалар) 

35

4 Бақылау шараларына дайындық



МБ 1, МБ 2, коллоквиум

(тестілеу және басқалар)

15

       Барлығы:



120

4.4.2 Студенттердің өздігінен оқуына бөлінген тақырыптардың тізімі:

1  тақырып.  Қазақ хандығы тарихы, қазақ мемлекеттілігі мәселелерінің

дамытылуы.   К.А.Пищулинаның,   Т.И.Сұлтановтың,   М.Х.Әбусейітованың,

О.Ф.Акимушкиннің қосқан үлесі. Ұсынылған әдебиеттер: 8,9,13,18.

2  тақырып.  Моңғолдар.   Татарлар.   Керейттер.   Меркіттер.   Темучиннің

жеңісі және оның Шыңгыс хан деп аталуы. Моңғолдардың Қазақстан мен Орта

Азия   жорықтарының   себептері, 

барысы,   қорытындылары.   Моңғол

ұлыстарының құрылуы. Ұсынылған әдебиеттер:  1,10,21.

3  тақырып.  Алтын   Орданың   ыдырауының   себептері   мен   барысы.

Шағатай мемлекетінің саяси тарихы. Ұсынылған әдебиеттер: 1,8,12,15.



4  тақырып.  Қазақстан   территориясындағы  идеологилық  өмірдегі

ерекшелігі.   ХІІІ-ХҮ   ғғ.   Оңтүстік  Қазақстан   мен   Жетісудың   қалалық

мәдениетіндегі архитектура мен өнер. Ұсынылған әдебиеттер: 1,8,10,12.

5  тақырып.  ХІҮ ғ. соңы мен ХҮ ғ. басындағы Жетісуға Әмір  Темірдің

жорықтары.   ХҮ   ғ.   Қазақстан   территориясына   ойраттардың   жорықтары.

Ұсынылған әдебиеттер: 1,8,9,13,20

6 тақырып. Мауереннахрда Шайбани әулеті билігінің орнауы (1600-1698

жж.).  XVI   ғ.   басындағы   алғашқы   қазақ   билеушілерінің   Шайбани   әулетімен

қарым-қатынасы. Ұсынылған әдебиеттер: 1,2,4,15

12


7 тақырып. Тәуке ханның мемлекетті басқаруда жүргізген реформалары,

"Жеті жарғы". Ұсынылған әдебиеттер: 1,2,4,8.



5.

 Ұсынылатын әдебиеттер

Негізгі

1. Қазақстан тарихы. Көне замандардан бүгінге дейін. Көп томдық, 2 том,

Алматы,1998.

2. Қазақстан тарихы. Очерктер. Алматы, 1995.

3. Вельяминов-Зернов   В.В.  Исследования   о   Касимовских   царях   и

царевичах Спб., 1804. 1-2ч.

4. Вяткин М.П. Очерки по истории Казахской ССР. Т.1. С древн. времен

до 1870 г. М., 1941.

5. Иванов   П.П.   Очерки   по   истории   Средней  Азии.  /ХҮ-сер.

Х1Хвв./.М.1958.

6. Тынышпаев М. История казахского народа. А., 1993.

7. Чулошников АЛ. Очерки по истории казак-киргизского народа в связи с

общим историческими судьбами других тюркских племен. Ч.І. Древнее время и

средние века. Оренбург, 1924.

8. Пищулина К.А. Юго-восточный Казахстан в середине ХІҮ-нач. ХҮІвв.

/Вопросы политической и социально-экономической истории/.А.,1977.

9. Султанов  Т.И.   Кочевые   племена   Приаралья   в  ХҮ-ХҮІІ  вв.   Вопросы

этнической и социальной истории. М.,1982.

10.

 Султанов Т.И. Поднятые на белой кошме. Потомки Чингиз-хана. А.,



2001.

Қосымша

11. Кононов   А.Н.   Родословная   туркмен.   Сочинения   Абул-Гази,   хана

хивинского. М.-Л.Д958.

12. Сборник материалов, относящихся к истории Золотой Орды. Т2.М., Л.

1941.

13. Абусеитова   М.Х.   Казахстан   и   Центральная   Азия   в  ХҮ-ХҮІІ  вв.:



история, политика, дипломатия. А., 1998.

14. Левшин А.И. Описание киргиз-кайсацких или киргиз-казачьих орд и

степей. А, 1996.

15. Кляшторный   С.Г.,   Султанов   Т.И.   Казахстан:   летопись   трех

тысячелетий. А., 1992.

16. Құрбанғали Халид. Таурих хамса /Бес тарих/. А., 1992.

17. Материалы по истории Казахских ханств ХҮ-ХҮІП вв. /Извлечение из

персидских   и   тюркских   сочинений/.   Сост.:   С.К.Ибрагимов,   Н.Н.Мингулов,

К.А.Пищулина, В-П.Юдин. А. 1969.

18. Акимушкин   О.Ф.   Комментарии   к   книге:   Шах-Махмуд   ибн   Мирза

Фазил Чурас. Хроника.М.,1976.

19.Казахско-русские отношения в ХҮІ-ХҮШвеках.А., 1961.

20.Мухамед Хайдар Дулати. Тарихи Рашиди. Ташкент, 1996., А.,2003. 

21.Қадыр-Али Джалаири. Сборник летописей.Татарский текст, с рус. Изд,

.  И.Н.  Березина.  / Библиотека восточных  историков, т.2, Казань, 1854.

13


22.Махмуд ибн Вали. Море тайн относительно доблестей благородных, 

вед., пер., прим., указ Б.А.Ахмедова.Ташкент,1977. 

23.Кудайбердиев Ш. Қазақ, қырғыз, түрік һөм хандар шежіресі. А., 1990. 

24.Зайн ад-дин Басифи. Бадай ал-Бакай. Критич. Текст, введ., и указат. 

А.Н.Болдырева.Т. 1 -2.М., 1981.

25.Захир  ад-дин  Бабур.   Бабур-наме.  Записки  Бабура.  /Пер.   М.Салье/.

Ташкент, 1958.

26.Захир ад-дин Мухаммед Бабыр. Бабыр нама. А.,1993. Әбілғазы. Түрік 

шежіресі. А.,1991.

27.Шах Махмуд ибн Мирза Фазил Чурас. Хроника. Критич. Текст, пер., 

комментарии, исслед., О.Ф.Акимушкина.М.,1976.

14


                              Мамандықтың оқу жұмыс      

                                                               

Нысан

                                  жоспарынан көшірме                                                                                                                       



Ф СҰ ПМУ 7.18.3/32

                                                                                                                                                 



5В011400 

Тарих мамандығының жұмыс оқу жоспарынан көшірме 

Ортағасырлардағы Қазақстан тарихы пән бойынша

Сем


естр

Кред


иттар

саны


Аудиториялық сабақ түрлері бойынша қарым-

қатынас сағаттарының саны 

Студенттің өздік

жұмысының сағат

саны 

Бақыла


у

нысаны


барлы-ғы Дәріс

практ


и-ка

Зертха-


налық

студия-


лық

жеке барлығы

СРСП

3

3



60

30

30



-

-

-



120

60

Емт.



Бар-

лығы


4

60

30



30

-

-



-

120


60

Кафедра меңгерушісі __________  Мамытова С.Н. 2012 ж. «___» _____

15

Document Outline


Каталог: arm -> upload -> umk pdf
umk pdf -> Ж. Т. Сарбалаев
umk pdf -> Ж. Т. Сарбалаев
umk pdf -> Нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы Нысан пму ұс н 18. 3/40
umk pdf -> Бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы Нысан пму ұс н 18. 4/19 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk pdf -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk pdf -> Жұмыс оқу бағдарламасының титулдық парағы
umk pdf -> Әдістемелік нұсқаулардың титулдық парағы
umk pdf -> «Тері, мех, бағалы аң шикізатының технологиясы мен тауартануы» Бағалы аң, мех және тері шикізаттың технологиясы мен тауартануы
umk pdf -> Бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы Нысан пму ұс н 18. 3/37 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk pdf -> Бағдарламасының ( Syllabus) титулдық парағы Нысан пму ұс н 18. 3/37 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі


Поделитесь с Вашими друзьями:


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет