Бағдарламасының титулдық парағы (syllabus) Нысан ф со пгу 18. 4/19 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министр



Pdf көрінісі
бет4/6
Дата20.01.2017
өлшемі386,15 Kb.
#2288
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6

Қуық  -   жамбас   шоңқимасының   (малый   таз)   қуысындағы   тік   ішектің   алдыңғы

жағында орналасқан бұлшықетті мүше. Қуықта зәр уақытша жиналады. Ол ересек адамда

кабырғасы қалың бұлшықеттен түзілген. Несепағардың да, қуықтың да кабырғасындағы

бұлшықет   талшықтары  бірыңғай   салалы   бұлшықет   ұлпасынан   тұрады.   Қуықтың

бұлшықеті   жиырылғанда   жиналған  зәр  зәр-шығару   өзегі   арқылы   сыртқа   шығарылады.

Ересек   адамда   қуықтың   сыйымдылығы   шамамен   500   мл.  Қуық  бос   тұрғанда   ішкі

сілемейлі   кабығы   қатпарлы   болады.   Зәрге   (несепке)   толғанда   қатпарлары   жазылып

тегістеледі.   Қуықтың   қабырғасындағы  бұлшықет  талшықтары   үш   түрлі   бағытта

орналаскан.

Зәршығару  өзегінің   құрылысы   ер   адамдар   мен   әйел   адамдарда   бірдей   емес.

Әйелдердің зәршығару өзегінің ұзындығы 3-3,5 см. Зәршығару өзегінің сыртқа ашылатын

тесігі   қынаптың   алдыңғы   тұсында   қатарласа   орналасады.   Зәршығару   өзегінің   ішкі

сілемейлі қабығы ұзын қатпарлы болады. Үрпі жолы зәршығару тесігімен аяқталады.

Ер адамның зәршығару өзегінің пішіні түтікше тәрізді, ұзындығы шамамен 18 см.

Ол қуықтан басталып,  жыныс  мүшесінің ұшына дейін созылып жатады. Ер адамдардың

зәршығару  өзегі   2   түрлі   қызмет   атқарады:  зәр  және  жыныс   жасушалары  (спермалар)

сыртқа шығарылады.

Әдебиет: [1-9]

Мультимедиялық құралдар тізімі:

1. Функции выделения. Органы выделения.

2. Мочевыделительная система

3. Половая система. 



Тақырып 6. Эндокриндік жүйе.

1. Гипоталамус. Гипофиз. Эпифиз. 

2. Тимус. Қалқанша, қалқанша серік бездері. 

3. Қарын асты безінің аралшық аппараты. 

4. Бүйрек үсті. 

 Ішкі   секреция   бездері   немесе   эндокриндік   аппарат  (грекше

«endon» – ішкі, «crіno» – бөлемін) биологиялық белсенді (активті) заттар



бөлетін   мүшелерге   жатады.   Ішкі   секреция   бездерінің   жасушаларын

ұсақ қантамырлар мен лимфа капиллярлары торлайды. Бұл бездерде

бөлінетін   сұйықтықты   шығаратын   өзек   болмағандықтан   сұйықтық

бірден   қанға   өтеді.   Сондықтан   мұндай   бездерді  ішкі   секреция



бездері деп атайды (8-сурет). 

Ішкі   секреция   бездеріне   жататындар:  гипофиз,   қалқанша   без,



қалқанша  маңы  безі, айырша без  (тимус), эпифиз, бүйрекүсті бездері

және т.б. Ұйқы безі мен жыныс бездері  аралас бездер. Олар әрі ішкі,

әрі   сыртқы   секрециялық   қызмет   атқарады.  Бұл   бездерден   бөлінетін

заттар   қанға   да   және   басқа   мүшелерге   де   өтеді.   Ішкі   секреция

бездерінен бөлінетін сұйықтықты гормондар дейді.

 Гормондар (грекше «hormae» – қоздырамын, қозғалысқа келтіремін) –

ішкі секреция бездерінен бөлінетін және ұлпалар мен мүшелерге әсер

ететін   биологиялық   белсенді   заттар.   Гормондардың   барлығы

органикалық   заттар,   себебі,   олардың   біреуі   нәруыздан,   екіншісі

аминқышқылдарынан,   үшіншісі   майтектес   заттардан   құралған.

Гормондар   ішкі   секреция   бездерінен   бөлініп,   қан,   лимфа,   ұлпа

сұйықтығы   арқылы   басқа   мүшелерге   жеткізіледі.   Ішкі   секреция

бездерінің қызметін реттейтін орталық – аралық мидағы  гипоталамус

(грекше   «hyро»   –   асты,   төменгі   жағы,   «talamos»   –   бөлме).   Оны   көру

төмпешік   асты   бөлімі   деп   те   атайды.   Гипоталамус   пен   гипофиздің

қызметі бір-бірімен тығыз байланысып, гипоталамус-гипофиздік жүйені

құрайды. Олардан бөлінетін гормондар  нейрогормондар  деп аталады.

Олар   қан   құрамының   тұрақтылығын   және   зат   алмасудың   қажетті

деңгейін қамтамасыз етеді. Осы арқылы қызметінің әрі рефлекстік, әрі

гуморальдық реттелуі жүзеге асады (қосымша 210-бет).

Қызметі: 1. Гормондар денедегі зат алмасу қарқындылығын өзгертеді;

2. Ағзаның тіршілік ету ортасына бейімделушілігін  арттырады; 3. Өсу

мен көбеюді реттейді; 4. Ағзадағы физиологиялық процестерді үдетеді

(күшейтеді) немесе бәсеңдетеді.



Гипофиз (грекше «hypophysіs» – өсінді) аралық мидың астыңғы жағына

жіңішке   өсінді   арқылы   бекінеді.   Пішіні   үрмебұршақ   тәрізді,   ересек

адамдарда   салмағы   0,5–0,6   г   жетеді.   Гипофиз   –   безді   және   жүйке

ұлпаларынан   тұрады.   Гипофиз   алдыңғы,   ортаңғы   және   артқы

бөліктерден   тұрады.   Бұл   безден   бөлінетін   25   түрлі   гормонның   7-еуі

жеке бөлініп алынып, толық зерттелген.



Қызметі:   1)   гипофиздің  алдыңғы   бөлігі  құрамы   нәруыздан   тұратын

өсу  гормонын   (соматотропин)   бөледі.   Өсу   гормоны   дененің,   әсіресе

ұзын сүйектерінің өсуіне әсер етеді; 2) нәруыздың, майдың, көмірсудың

алмасуын реттейді; 3) жыныс бездерінің жұмысын қалпына келтіреді; 4)

сүт   безінен   сүттің   бөлінуін   қамтамасыз   етеді;    5)   бүйрекүсті   безі

қыртысының   өсуіне,   одан   бірнеше   гормондар   бөлінуіне,   қалқанша

бездің   дамуына   әсер   етеді;   6)   қандағы   темірдің   тұрақтылығын

сақтайды. 

Гипофиздің  ортаңғы  бөлігі  пигментті   жасушалардың   мөлшері   мен

санын ұлғайтады. Тері пигменті – меланиннің түзілуін күшейтеді. 

Гипофиздің  артқы   бөлігінен  2   түрлі   гормон   бөлінеді.   Бұл

гормондардың   біреуі   жатыр   бұлшықетінің   жиырылуын   күшейтеді.

Екіншісі   ұсақ   артерия   қантамырларының   жиырылуын   арттырып,

артерия қысымын жоғарылатады. Ағзадан зәрдің бөлінуін азайтады. 

Гипофиз   безінің   қызметі   бұзылуынан   болатын   ауытқулар.

Гипофизден   бөлінетін   гормондар   химиялық   құрылысы   жағынан   тек



нәруыздан тұрады. Шамадан тыс көп бөлінген гормон жасушалардың

қарқынды   көбеюін   тездетеді   (9-сурет).   Нәтижесінде   нәруыз   түзілуі

күшейіп,   азоттың   денеден   шығарылуы   азаяды.  Өсу   гормоны  артық

бөлінсе, адамның сүйегі ұзынынан өсіп, бойы 2 м-ден асады. 



Алыптылық  әсіресе   жас   кезде   сүйектің   ұзынынан   қарқынды   өсуі

кезінде   байқалады.   Аяқ-қол   сүйектері   ұзарып,   маңдайы   мен   бет

сүйектері   алға   шығыңқы   болып,   тілі   аузына   сыймайтын   ауруға

ұшырайды.   Мұндай   ауруды  акромегалия  (грекше   «akros»   –   аяқ-қол

сүйектері,   «mega»   –   үлкен)   деп   атайды   (10-сурет).   Дыбыс   сіңірлері

жуандап,   даусы   «гүжілдеп»   жағымсыз   шығады.   Бұл   ауруды   тек

рентген сәулесімен емдейді. 

Гипофиздің   гормондары   аз   бөлінсе,   адамның   бойы   өспей   қалады.   Ер

адамның бойының биіктігі 130 см, әйелдерде 100–120 см-ден аспайды.

Терінің дәнекер ұлпасының нәруыз синтезі бұзылып, тері құрғап, бетке

көп әжім түседі.

Ергежейлілік  (грекше   «nanos»   –   тым   аласа   бойлылық)   –   гипофиз,

бүйрекүсті бездері, қалқанша бездердің зақымдануынан пайда болады.

Себебі   бұл   бездердің   жұмысын   орталық   жүйке   жүйесі   реттейді.

Ергежейліліктің   2   түрі   бар:  біріншісі  –   дене   бітімінің   сәйкестілігі

(пропорционалды),  екіншісінің  дене бітімінің сәйкессіздігі (мүшелерінің

пропорциясының сақталмауы).

Дене   бітімінің   сәйкестілігіне   қарамай   ергежейлі   болуын   –  гипофизді

ергежейлілік  дейді.   Гипофиздің   алдыңғы   бөлігінің   қызметінің

бұзылуынан – алдыңғы бөлігі зақымданады. Мұндай адамдардың дене

бітімі,   мінез-құлығы   дұрыс   дамығанымен   денесі   бала   сияқты   өспей

қалады.   Жыныс   бездері   толық   жетіліп-дамымайды.   Семіріп,   беттерін

әжім басады.

Дене   бітімінің   сәйкессіздігі   қалқанша   бездің   зақымдануынан   болады.

Бұдан   басқа   қаңқасының   сүйектенуі,   терісінің   тым   құрғақ   болуы,   зат

алмасуының   бәсеңдеуі,   психикасының   толық   дамымауына   да   себеп

болады. 

Гипофиздің   жұмысын   реттеу   үшін   (бойы   нашар   өсетін   балалар)   өсу

гормонын жасанды түрде ағзаға жіберсе, 6 айда 5–6 см өседі. Аласа

бойлы   адамдардың   бойлары   38   см-ден   1   метрге   дейін   өскені

анықталған.

Гипофиздің   артқы   бөлігі   зақымданса,   бүйректің   жұмысы   бұзылады.

Денеден тәулігіне өте көп мөлшерде зәр бөлінеді.

Ескерту:  спортпен шұғылданып, денесі әбден шыныққан, бойлары 2 м

жететін   адамдар   бар.   Бұларда   гипофиз   гормоны   қалыпты   мөлшерде

бөлінген. Тек шынығудың арқасында сүйектері жақсы дамыған.

Аралас бездер. Ұйқы безі. Жыныс бездері.

Гуморальдық және жүйкелік-гуморальдық реттелу

 Аралас   бездер   сөл   де,   гормон   да   бөледі.   Сөлді   арнайы   өзектері

арқылы басқа жерде орналасқан мүшелерге, ал гормондарды тікелей

қанға   бөледі.   Сондықтан   бұл   бездер   әрі   сыртқы,   әрі   ішкі   секреция

бездеріне жатады. Аралас бездерге ұйқы безі мен жыныс бездері кіреді.

Ұйқы   безінің   құрылысы:  ұйқы   безі   бозғылдау   қызғылт   түсті,

ұзындығы   15–22   см,   құрсақ   қуысының   оң   жағында   қарынның   астына

таман   орналасады.   Ұйқы   безінің  сыртқы   секрециялық   (экзокриндік)

қызметі:  өзінен   бөлінетін   ұйқы   безінің   сөлі   өзекшесі   арқылы   тікелей


ұлтабарға   құйылады.  Ішкі   секрециялық   (эндокриндік)   қызметі:  ұйқы

безінің   әр   жерінде   топтанып   орналасқан   ерекше   жасушалар

жиынтығына   байланысты.   Мұндай   топтанып   орналасқан   жасушалар

ұйқы безінің жалпы салмағының 2–10%-ын құрайды. Жасушалар тобы

әсіресе ұйқы безінің төменгі ұшында көбірек орналасқан. Адамның ұйқы

безінде   мұндай   жасушалар   тобының   саны   1   800   000-ға   жетеді,

ешқандай өзегі болмайды. Жасушалар тобының диаметрі 100 мкм-ден

500 мкм-ге дейін, пішіндері домалақ, сопақша және т.б. Сәби және жас

кезде  ағзаның өсуіне  әсер ететін  инсулин  гормоны көбірек  бөлінеді.

Қартайғанда   глюкагон   гормоны   көбірек   бөлінеді.   Ұйқы   безінің

экзокриндік   қызметі   асқорыту   ферментін   бөлу   болса,   эндокриндік

қызметі инсулин, глюкагон гормондарын бөлумен байланысты.



Қызметі:  инсулин   (латынша   «іnsula»   –   аралша,   топ)   –   қарапайым

нәруыз,   қандағы   глюкозаны   реттейтін   гормон.   Инсулин   гормонын

Канада ғалымдары 1921 жылы жасанды жолмен бөліп алған. Инсулин

жасушалардың жарғақшасы арқылы глюкозаның өтуін жылдамдатады

және оның біраз бөлігін гликогенге  айналдырады.  Гликоген бауырда,

бұлшықеттерде   қор   ретінде   жиналады.   Дені   сау   адамның   қанында

глюкозаның   мөлшері   4,6–6,7   миллимоль/л.   Глюкоза   –   ағза   үшін

энергетикалық   және   пластикалық   материал.   Май   мен   нәруыз

алмасуына   да   әсер   етеді.   Нәруыз   түзілу   кезінде   жасуша

жарғақшасынан   аминқышқылдарының   тасымалдануын   күшейтеді.

Инсулин зат алмасудың көптеген реакциясына қатысады.

Инсулин   гормоны   жетіспегенде   (аз   бөлінгенде)   ағзада   болатын

ауытқулар:  денеде   инсулин   гормоны   жетіспесе,   адам  қант   ауруына

(сусамыр)  шалдығады.   Қант   ауруы   (сахарный   диабет)   көмірсу

алмасуының   бұзылуынан   болады.   Қанда   глюкозаның   концентрациясы

10   миллимоль/л   дейін   жоғарылайды.   Бұл   аурумен   ауырған   адамның

бауырында  гликоген  қоры   азайып,   қанда   глюкоза   мен   май   қышқылы

көбейеді.   Жасушада   аминқышқылы   реакциясы   бұзылып,   нәруыздың

түзілуі   нашарлайды.   Қанда   глюкозаның   мөлшері   0,1%-дан   –   0,4%   -ға

дейін көбейеді, зәрдің құрамында глюкоза пайда болады.

Қанда   глюкоза   мөлшері   артқандықтан,   ол   зәрмен   бірге   сыртқа

шығарылады. Қантты бөліп шығару үшін қосымша су мөлшері қажет.

Аурудың белгісі: адам шөлдей береді; тамақты да жиі қабылдайды; тез

арықтайды.   Бұл   ауру   суды   көп   қажет   ететіндіктен   «сусамыр»   дейді.

Қант   диабеті   ауруын   емдеу   үшін   құрамында   көмірсулары   бар

тағамдарды өте аз пайдалану; диета сақтау; денеге инсулин гормонын

жіберу; «толбутамид», «надизан» және т.б. дәрілерді ішу қажет. Ұйқы

безінен   бөлінетін   екінші   гормон   –  глюкагон.  Бұл   гормонның   қызметі

инсулин гормонына керісінше. Егер қанда глюкоза жетіспесе, глюкагон

гликогеннің   глюкозаға   айналуына   әсер   етеді.   Қанда   глюкозаның

мөлшері көбейеді.



Жыныс бездерінің  сыртқы секрециялық белгісі: ер адамдардың

жыныс бездерінде жыныс жасушалары –  сперматозоидтар, әйелдерде

жұмыртқажасушасы   түзіледі.   Ішкі   секрециялық   белгісі:   жыныс

бездерінде   түзілген   жыныс   гормондары   бірден   қанға   бөлінеді.   Ер

адамдардан   бөлінетін   жыныс   гормондары   –  андрогендер  (грекше

«andros»   –   еркек)   оның   негізгісі   –   тестостерон.   Әйелдердің   жыныс

гормондары экстрогендер деп аталады.

Қызметі:  ер   адамдардың   жыныс   гормоны   еркектерге   тән

белгілердің   дамуына   әсер   етеді   (дауыстың   жуандауы,   сақал-мұрттың



шығуы, бұлшықеттерінің даму ерекшеліктері және т. б.). Андрогендер –

бауыр,   бүйрек,   бұлшықеттегі   нәруыздың   түзілуін   күшейтеді.   Орталық

жүйке жүйесіне әсер етеді. Әйелдердің жыныс гормоны әйелдерге тән

жыныс   белгілерінің   дамуын   реттейді   (   жіңішке   дауыс,   бетке   сақал-

мұрттың   шықпауы;   сүт   бездері   мен   жатырдың   дамуы,   қанқа

сүйектерінің ерекшеліктері және т. б.). Жыныс гормондары жетіспесе,

сүйектің   өсуі   баяулап,   денесі   өспейді,   тек   аяқ-қолдары   тым   ұзарып

кетеді.


Адам   денесінде   ішкі   секрециялық   бездерден   басқа  сыртқы

секрециялық бездер де болады. Оларға жататындар: тер, жас, сілекей,

сүт   бездері   мен   бауыр   және   т.   б.   бездер.   Бұл   бездердің   без

жасушаларында   түзілген   өнімдері   арнайы   өзекшелер   арқылы   сыртқа

шығарылады (тер, сілекей, сүт, өт және т. б.).



Ішкі секреция бездерінің бір-біріне әсері. Гуморальдық және

жүйкелік-гуморальдық  реттелу.  Ішкі  секреция бездері  жұмысының

бір-бірімен   өзара   күрделі   байланысы   негізінен   мына   факторлармен

аңықталады: 1) әрбір мүшенің жұмысына әр түрлі бездерден бөлінетін

бірнеше гормондар бір мезгілде әсер етеді; 2) бір бездің гормоны басқа

бездің   жұмысына   әсерін   тигізеді.   Мысалы,   гипофиздің   алдыңғы

бөлігінің   гормоны   бүйрекүсті   бездерінің   қыртыс   қабатының   дамуына

әсер етеді. Инсулиннің бөлінуіне, қалқанша без бен жыныс бездерінің

қызметіне   әсерін   тигізеді.   Ішкі   секреция   бездерінен   гормондардың

бөлінуін   орталық   жүйке   жүйесі   реттейді.   Өйткені,   орталық   жүйке

жүйесінде бездердің жұмысымен байланысты орталықтар аралық мида

бар. Жүйке арқылы реттелу өте тез жүреді және ол жүйке жүйесінің

тікелей   бақылауында   болады.   Гормондар   арқылы   реттелу   жүйке

арқылы   реттелуден   баяуырақ   жүреді.   Ағзада   мүшелер   қызметінің

гормондар   арқылы   реттелуін

 гуморальдық   реттелу 

дейді.


Гуморальдық  (латынша   «humor»   –   сұйықтық)   реттелу   ағзаның   ішкі

ортасы (қан, лимфа, ұлпа сұйықтығы) мен жасушалардан, ұлпалардан

бөлінетін   биологиялық   белсенді   заттар   арқылы   жүзеге   асады.

Гуморальдық   реттелуде   гормондар   негізгі   рөл   атқарады.   Жүйкелік-

гуморальдық   реттелуде   гуморальдық   реттелу   жүйкелік   реттелуге

бағынышты.   Жүйкелер   мен   гипофиздің   байланысының   арқасында,

жүйкелік-гуморальдық   реттеу   жүзеге   асады.   Екінші   жағынан

гормондар да жүйке жүйесінің жұмысына әсер етеді. Бұл екі жүйенің

өзара   бірлесуі   бұзылса,   барлық   мүшелер   жұмысы   да   бұзылады.

Жүйкелік реттелу мен гуморальдық реттелу арқылы ағза үнемі өзгеріп

тұратын орта жағдайларына бейімделеді.

Әдебиет: [1-9]

Мультимедиялық құралдар тізімі:

1. Ішкі секреция бездері

2. ІСБ бұзылуынан пайда болатын аурулар.

Тақырып 7. Қан және лимфа жүйелері.

1. Қан құрамы. Қан тамырлары. 

2. Кіші және үлкен қан айналымдары. 

3. Жүрек құрылысы (бөлімдері, қабаттары, клапандары). 



Қанайналым   мүшелері.  Қан   адам   ағзасында   ұдайы   қозғалыста

болады. Қанның қозғалуы – ағза мен сыртқы ортаның арасында газ бен



зат   алмасуды   қамтамасыз   етеді.   Дененің   барлық   мүшелері   мен

ұлпалары   қоректік   заттар   мен   оттекті   қабылдап,   зиянды   заттардан

тазартылады. Ағзада қанның үздіксіз қантамырлардың бойымен ағуын

(қозғалысын)  қанайналым  дейді.  Қанайналым жүйесіне  – жүрек және

қантамырлар жатады. Қанның қантамырлардың бойымен тұйық түрде,

яғни қанайналым шеңберімен ағатынын XVІІ ғасырда ағылшын ғалымы

У. Гарвей ашты.

      Жүректің   құрылысы.  Жүрек   –   қанайналым   жүйесінің   орталық

мүшесі.   Оның   жиырылуы   мен   босаңсуының   нәтижесінде   қан

қантамырлардың бойымен үздіксіз ағады. Ересек адамдарда жүрегінің

салмағы 250–300 г. Жүрек – кеуде қуысында, екі өкпенің аралығында

орналасқан   іші   қуыс   бұлшықетті   мүше   (60-сурет).   Жүрек   көлденең

жолақты бұлшықет ұлпасынан тұрады, адам еркінен тыс жиырылады.

Жүректің   жалпақ   бөлігі   –  негізі,   сүйірлеу   бөлігі   –  ұшы  деп   аталады.

Жүректің   сыртын   дәнекер   ұлпадан   тұратын   жұқа  үлпершек  (жүрек

қабы) – перикард қаптап тұрады. Жүрек пен үлпершектің арасындағы

кеңістікте аздаған сұйықтық болады. Ол жүректің еркін жиырылуына

жағдай   жасап,   үйкелісті   азайтады   (61-сурет).   Жүрек   4   қуысты:  2

жүрекшеден  (предсердие)   және  2   қарыншадан  (желудочек)   тұрады.

Жүрекшелердің   сыртында   қосымша   құлақшалар   (ушко)   болады.

Жүректің   сыртындағы

 көлденең   сайша 

жүрекшелер   мен

қарыншаларды бөліп тұратын шекара болып саналады.

Жүректің қабырғасы 3 қабаттан тұрады. Сыртқы қабаты –  эпикард

(грекше   «epі»   –   сыртқы,   «cor»   –   жүрек),   өте   жұқа,   жүректі   қоршап

тұрады. Ортаңғы қалың бұлшықетті қабаты – миокард (грекше «mіos» –

бұлшықет).   Ішкі   қабаты   жұқа   –  эндокард  (грекше   «endo»   –   ішкі)

жүректің ішкі қуыстары мен қақпақшаларын астарлап жатады.

Жүректің миокард қабаты қарыншаларға қарағанда жүрекшелерде

жұқа.   Ондағы   бұлшықет   талшықтары   екі   түрлі   бағытта   орналасқан.

Қарыншалардағы миокард қабаты (әсіресе, сол жақ қарыншада) қалың.

Жүрек   негізінен   ұшына   қарай   созылып   жатқан   қалың   бұлшықет

қабаты   арқылы   2   бөлікке   бөлінген.   Жүректің   әрбір   бөлігінде   бір

жүрекше,   бір   қарынша   болады.   Әр   бөліктегі   жүрекше   мен   қарынша

өзара   тесіктер   арқылы   байланысады.   Сол   тесіктерде   жүрекшелерден

қарыншаларға   қарай   ашылып-жабылып   тұратын

 жақтаулы



қақпақшалар  (створчатые клапаны) болады.  Оң  жақ жүрекше  мен оң

жақ қарыншаның арасында  үш жақтаулы, сол жағында  қос жақтаулы



қақпақшалар орналасқан (62-сурет).

Қарыншалар   мен   олардан   басталатын   артерия   қантамырларының

арасында  жарты   ай   тәрізді   қақпақшалар  (полулунные   клапаны)   бар.

Бұл қақпақшалар қантамырлардың ішіне қарай ашылады.

Жүректегі   қақпақшалар   қанды   тек   бір   бағытқа   қарай   өткізеді.

Жақтаулы   қақпақшалар   арқылы   қан   жүрекшелерден   қарыншаларға

қарай   өтеді.   Жарты   ай   тәрізді   қақпақшалардан   қан   артерия

қантамырларына  қарай  ағады. Қақпақшалар тығыз жабылып, қанның

кері   бағытқа   қарай   өтуіне   кедергі   жасайды.   Жүректегі   қақпақшалар

эндокард қабатынан түзілген.

Жүрек қуыстарымен қанның ағу бағыты:

Қан жүрекшеден  қарыншаға  қарыншадан  артерия қантамырларына қарай

ағады. 

Жүректің   жұмысы  –   бірін-бірі   ырғақты   түрде   алмастырып

отыратын   жүрек   циклынан   тұрады.   Әр   соғуы   3   кезеңнен   тұрады:  1)



жүрекшенің жиырылуы (0,1 сек); 2) қарыншаның жиырылуы (0,3 сек); 3)

жүректің босаңсуы  (жүрекше мен қарыншаның бір мезгілде тынығуы)

(0,4   сек).   Жүректің   бір   рет   соғуына   барлығы   0,8   сек   уақыт   кетеді.

Ересек адамда жүрек қалыпты жағдайда минутына 70–75 рет соғады.

Жүрекке   күш   түскенде   соғуы   жиілейді.   Қарыншалар   әрбір

жиырылғанда қантамырларға 70–80 мл, яғни бір минутта 5–5,5 л қан

өтеді. Жүректің өмір бойы тынбай жұмыс істесе де, шаршамауы тынығу



кезеңінің 

болуына   байланысты.   Жүрек   қабырғасындағы

бұлшықеттердің   қаңқа   бұлшықеттерінен   айырмашылығы:   а)   ет

талшықтары   шоқтанып   орналаспай,   бір-бірімен   тор   тәрізді   жалғасып

жатады;   ә)   жүрек   бұлшықеттерінің   жиырылуы   бірыңғай   салалы

бұлшықеттердікі   сияқты   сыртқы   тітіркендіргіштерге   тәуелді   емес

(өздігінен еріксіз жиырылады); б) жүрек бұлшықеттерінің жасушалары

2   түрлі:   1)   жиырылатын   жасушалар;   2)   жүректің   өткізгіш   жүйесін

құрайтын жасушалар:

1)   жиырылатын   жасушаларда   көлденең   жолақты   бұлшықет

талшықтарына   қарағанда   митохондрийлері   көп   болады.   Сондықтан

олар   тотығу   деңгейінің   жоғары   болуын   қамтамасыз   етеді.   Керісінше

эндоплазмалық   тор   қаңқа   бұлшықет   талшықтарымен   салыстырғанда

нашар   дамыған.   Жүрек   бұлшықеті   жасушаларында   ядросы   дәл

ортасында, миофибриллалары шет жағында қатарласа орналасады.

2)   жүректің   өткізгіш   жүйесін   құрайтын   жасушалар  импульстерді

жүректің   өз   ішіне   өткізеді.   Бұл   жасушалар   өте   ірі,   түйіршікті

эндоплазмалық   торлары   өте   көп.   Миофибриллалары   мен

митохондриялары аздау әрі ядролары ірі.

Жүректің ішкі бетіндегі ерекше  жалпақ  жасушалар  қантамырлары

мен лимфа тамырларының ішкі бетін астарлап жатады. Бұл жасушалар

қанның   қантамырлардың   ішінде   ұюына   кедергі   жасайды.   Жүрек

бұлшықетінің   тағы   бір   қасиеті   сыртқы   тітіркендіруге   тәуелді   емес.

Жүректе   болатын   импульстерге   жауап   ретінде   ырғақты   жиырылуға

қабілетті.   Бұл   құбылысты   жүрек  автоматиясы  (жүректің   өздігінен

жиырылуы)   дейді.   Жүректің   өздігінен   жиырылуын   жүректің

бұлшықетінде   болатын   ерекше   бұлшықет   жасушалары   реттейді.

Осының   нәтижесінде   ағзадан   бөлініп   алынған   жүректе   қозу   ырғағы

пайда   болады.   Электрокардиограмманың   көрсеткіші   жүрек

бұлшықеттерінің   жұмысын   аңғартады.   Мұның   жүрек   ауруларын

анықтауда маңызы зор.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет