Бағдарламасының титулдық парағы (syllabus) Нысан ф со пгу 18. 4/19 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министр



Pdf көрінісі
бет1/6
Дата20.01.2017
өлшемі386,15 Kb.
#2288
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6

Пәні бойынша оқыту

бағдарламасының  

титулдық парағы (SYLLABUS)

Нысан


Ф СО ПГУ 7.18.4/19

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министр-

лігі

С.Торайғыров атындағы  Павлодар мемлекеттік



университеті

Биология және экология кафедрасы

 ACH 3205    Адам анатомиясы  

ПӘНІ БОЙЫНША ОҚЫТУ

БАҒДАРЛАМАСЫ

(Syllabus)


Павлодар, 2013

Пәні бойынша оқыту бағдарлама-

сын (SYLLABUS) 

бекіту парағы

Нысан

Ф СО ПГУ 7.18.4/19



БЕКІТЕМІН

Химиялық технологиялар және 

жаратылыстану факультетінің 

деканы                          

___________  К.К.Ахметов      

                                                             2013 ж. «___»___________

Құрастырушы: аға оқытушы    _____________    Шарипова А.К.

Пән бағдарламасы  (Syllabus)

Адам анатомиясы  ACH 3205    

Күндізгі   оқу   түрінің   5В060700   Биология     мамандығы   бойынша   оқитын

студенттерге арналған

Бағдарлама      2013   ж.   «____»   ____    бекітілген   жұмыс   оқу

бағдарламасы негізінде құрастырылған.

2013   ж.   «__»   ____     кафедра   отырысында   ұсынылған,   №   __

хаттама


Кафедра меңгерушісі  ____________  Ш.М.Жумадина  «___» ___ 2013 г.

Химиялық   технологиялар   және   жаратылыстану   факультетінің     оқу-

әдістемелік кеңесімен құпталған «____» ____ 2013 ж., № __ хаттама

ОӘК төрайымы             __________  Ю.М.Каниболоцкая     «___»____ 2013 г.



1. Оқу пәнінің паспорты

Пән атауы  А

   дам анатомиясы

 

  



Пән     таңдау бойынша компонент

Кредиттер саны және оқу мерзімі 

Барлығы – 3 кредит

Курс: 3

Семестр: 5

Барлық аудиториялық сабақтар – 45 сағат       

Дәрістер  - 22,5  сағат   

Тәжірибелік сабақтар - 15 сағат                                    

Зертханалық сабақтар – 7,5 сағат 

                СӨЖ – 90 сағат

Соның ішінде СӨЖМ – 22,5 сағат

Жалпы еңбексыйымдылығы - 135 сағат

Бақылау түрі

Емтихан – 5 семестр



Пререквизиттер 

Осы   пәнді   меңгеру   үшін   төмендегі   пәндерді   меңгеру   кезінде   алынған   білім,

икемділік   және   машықтар   қажет:   биология,   жасуша   биологиясы,   химия,   биохимия,

жануарлар систематикасы және зоологиялық номенклатура.



Постреквизиты 

Пәнді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және машықтар келесі пәндерді

меңгеру үшін қажет: адам анатомиясының жасқа сай ерекшеліктеріа, ЖЖӘ физиологиясы

және  эволюциясы,  биологияны оқыту әдістемесі, эволюциялық  биология палеонтология

негіздерімен, иммунология, жеке даму биологиясы.

2. Оқытушы туралы мәліметтер және байланысу ақпараттар

Шарипова Айнагуль Каировна

Аға оқытушы

Биология және экология кафедрасы, Ломов к.64, А-корпус, А-417 аудитория

Байланысу телефоны; 8(7182) 67-36-85 (ішкі 12-57), сот. 87076053008

Е-mail: 


scharipova_5@mail.ru

3. Пәні, мақсаттары мен міндеттері

Пәннің объектісі ретінде адам ағзасының пішіні мен құрылысы, пайда болуы мен

дамуы қарастырылады.



Адам анатомиясы  пәнінің  оқыту  мақсаты 

адам организмінің құрылысы,

пішіні мен дамуын   және жас ерекшеліктері мен өзгерістерін зерттеу

болып табылады.



Пән оқытудың негізгі міндеттері 

-  студенттерде  диалектика-  материалистік  көзқарасты  қалыптастыруға  мүмкіндік

жасайды;


- жалпы биологиялық , теориялық және әдістемелік дайындықты

кеңейту;


адам организмінің құрылысы, оның барлық деңгейде ұйымдасуы

туралы терең білім алу;

студенттерді медико-биологиялық пәндерді оқуға дайындау.



4. Білімге, икемділікке және машықтарға қойылатын талаптар

Пәнді игеру нәтижесінде студенттер міндетті:

-

адамның негізгі тіршілік қажеттіліктері;



-

ағза мүшелерінің және мүшелер жуйелерінің топографиясы;

-

физиологиялық  қызметтердің реттеу негіздері, кері байланыстың принциптері,



жоғары жүйке жүйесіндегі кодтау механизмі;

-

ағзада жүретін биоэлектрлік, биомеханикалық және биохимиялық процесстер;



-

адам ағзасының құрылымдық және функционалды ұйымдасу принциптері;

-

қызметіне байланысты мүшелер құрылымының өзгеруі, жасқа сай ерешеліктері,



мүшелер жүйелерінің жалпы сипаттамалары, морфологиялық зерттеу әдістері

туралы түсініктер болу

-

анатомия дамуының негізгі кезеңдерін, ең көрнекті ғалымдардың рөлін;



-

анатомиялық зерттеу әдістері мен анатомиялық терминдерді;

-

мүшелер,   жүйелер   және   аппараттар  анатомиясын,  құрылыстырының



ерекшеліктерін, негізгі қызметтерін;

-

мүшелердің өзара байланысын, дене бетіне проекциясын;



-

ағзаның негізгі даму және өмір сүру зандылықтарын;

-

антропогенез кезеңдерін;



-

қалыпты   жағдайда   жасушалар,   ұлпалар,   мүшелер   және   ағза   жүйелерінің

қызметімен байланысты құрылысын;

-

ағзаның   бейімделу   процестерінің  морфо-функционалды   заңдылықтары   мен



психикалық  іс-әрекетін білу.

-

анатомиялық   номенклатураны,   сондай-ақ   ұғымдар   мен   түсініктерді



пайдалануды;

-

әртүрлі   анатомиялық   препараттарда,   муляждарда,   таблицалар   мен   атластарда



адам ағзасының  негізгі  құрылымдарын танып,  тірі адамда  олардың орналасу

арақатыстығын белгілеуді;

-

әртүрлі   мүшелер   мен   ұлпалардың  микропрепараттарын   жасап   микроскоп



арқылы қарастыруды істей білу.

-

алыңған   білімді   тәжірибелік   іс-әрекетінде,   келешекте   басқа   биологиялық



пәндерді игеруде, сондай-ақ мамандық бойынша қызметінде пайдалануға;

-

өткен   материалды   талдау   мен   синтездеуге,   адам   ағзасының   қалыптасуының



себеп-салдарын ашу мен бөліп шығаруға дағдылана білу.

-

алатын мәліметтерді түсінуге,  баяндауға және сын көзімен қарауға, сондай-ақ

зерттханалық зерттеулердің нәтижелерін ұсынуға (ПК-15);

-

адам   биологиясының   негіздері,   денсаулықты   қорғау   және   алдын   алу   туралы



базалық көзқарастарды демонстрациялау және оларды тәжірибеде қолдануға, тиісті

дәрежедегі физиқалық дайындылықтың өзіндік жету құралдарын басқаруға (ПК 10)



білікті болу; 

5 Пәнді оқытудағы тақырыптық жоспар

Сабақтар бойынша академиялық сағаттардың тарлуы

п/п



Наименование тем 

Количество контактных часов по видам

занятий

лекции


практи-

ческие


(сем)

лабора-


торные

СРС


1

Анатомия пәні, міндеттері 

және зерттеу әдістері.

2

1



-

10

2



Тірек-қимыл аппараты

4

2



6

10

3



Ас қорыту жүйесі

2

2



1

10

4



Тыныс алу жүйесі

2

1



-

10

5



Несеп-жыныс жүйесі

2

2



-

10

6



Эндокриналық жүйесі

2,5


1

-

10



7

Қан-тамыр және лимфа жүйелері

3

2

2



10

8

Жүйке жүйесіне жалпы сипаттама



3

2

6



10

9

Анализоторлар



2

2

-



10

ИТОГО:


22,5

15

15



90

6. Дәріс сабақтарының мазмұны

1. Тақырып Анатомия пәні, міндеттері және зерттеу әдістері.

1. Адам анатомиясының пәні, басқа пәндер арасындағы орны. 

2. Зерттеу әдістері: өлгеннен кейін, тірісінде, қазіргі кездегі.

3. Жалпы пәннің мақсаты мен міндеттері. 

4. Осьтар мен жазықтықтар.

Анатомия  —   тірі   организмдердің   үлкейткіш   аспаптардың   көмегінсіз   көзге

көрінетін  құрылысын  зерттейтін   іргелі   (фундаментальды)  биологиялық  морфологиялық

ғылым.   Анатомия   —   зерттеу   нысандарына   байланысты   жануарлар   және   өсімдіктер

анатомиясы   болып   екіге   бөлінеді.   Жануарлар   анатомиясынан   адам   анатомиясы   жеке

ғылым саласы ретінде бөлінді. Зерттеу бағыттарына сәйкес анатомия өз кезегінде бірнеше

салаларға бөлінеді:



жүйелі анатомия — адам мен жануарлар дене мүшелерінің құрылысын, олардың

атқаратын   қызметтерімен   байланыстырып,   мүшелер   жүйелері   ретінде   (тері

жабыны,   сүйектер   ,   бұлшық   еттер,   ас   қорыту,   тыныс   алу,   зәр   бөлу,   көбею,

тамырлар, эндокринді бездер, жүйке жүйелері) зерттейді;



мүсіндік   (пластикалық)   анатомия  —   адам   мен   жануарлар   организмдерінің

сыртқы дене бітімі мен дене бөліктерінің тұрақты жағдайдағы немесе қозғалыстағы



пропорциялық   арақатынасын   зерттейді.   Мүсіндік   анатомияның   негізін   қалаған

италиян ғалымы Леонардо да Винчи;



топографиялық   анатомия  —   адам   мен   жануарлар   организмдерінің   белгілі

аумақтары   мен   бөліктеріндегі   әртүрлі   жүйелер   мүшелерінің   орналасу   орындары

мен сол аймақтағы олардың арақатынастарын зерттейді;



салыстырмалы   анатомия  —   әртүрлі   типтер   мен   кластарға   жататын

жануарлардың белгілі бір мүшелерінің немесе мүшелер жүйелерінің құрылыстарын

салыстырып зерттейді;



түр   анатомиясы  —   жануарлардың   түрлеріне   байланысты,   олардың   дене

құрылысындағы ерекшеліктерді анықтайды;



түқым анатомиясы  — мал түқымдарына сәйкес, олардың дене құрылысындағы

салыстырмалы айырмашылықтарды зерттейді;



жас анатомиясы  — жануарлардың жасына байланысты, олардың дене мүшелері

құрылысындағы құрылымдық өзгерістерді анықтайды;



қалыпты   анатомия  —   ересек   адам   мен   жануарлар   организмдерінің   дертсіз

қалыпты жағдайдағы құрылысын анықтап зертгейді;



сырқаттық   (патологиялық)   анатомия  —   ауырған   организм   дене   мүшелерінің

құрылысын қалыпты анатомия мөліметтерімен салыстыра отырып зерттейді;



микроскопиялық анатомия  — жануарлар организмі мүшелерінің микроскоппен

ғана көрінетін құрылысын зерттейді.

Адам мен жануарлардың қалыпты анатомиясы көптеген ғылыми салалардан тұрады:

остеология — сүйектер жүйесі туралы ілім;

синдесмология — сүйектер байланыстары туралы ілім;

миология - бұлшықеттер туралы ілім;

дермотология тері жабыны және онын туындылары туралы ілім;

спланхнология — ішкі ағзалар туралы ілім;

эндокринология — ішкі секреция бездері туралы ілім;

ангиология  —   тамырлар   жүйесі   (қанайналым,   лимфаайналым,   қантүзу   мүшелері)

туралы ілім;



неврология — жүйке жүйесі туралы ілім;

эстезиология — сезім мүшелері туралы ілім.

Қазіргі кездегі анатомияда адам денесі құрылысын зерттеудің  түрлі әдістері бар.

Зерттеу әдісін таңдап алу зерттеу мақсатына байланысты.

   


 Ең ескі, бірақ әлі де маңызын жоғалтпаған, ғылымға ат берген (грекше anatemno –

кесу,боршалау),  препараттау.   Бұл   әдіс   ірі   түзілістердің   сыртқы   құрылысы   мен

топографиясын   зерттеуде   қолданылады.   20-30   есе   үлкейткенде   көрінетін   объектілерді

макро және микропрепараттанғаннан кейін сипаттап жазуға болады. Бұл әдістің бірнеше

түрлері бар: түсіп келе жатқан тамшы астында, су қабаты астында препараттау. Оны түрлі

қышқылдармен   дәнекер   тканьді   қопсытумен,   зерттелетін   құрылымдамдың   (нервтердің,

бездердің)   таңдап   боялуымен,   түтікті   жүйелерді   (қан   тамырларды,   өзектерді)   боялған

массалармен толтырумен (инъекциялаумен) толықтыруға болады. 

   

Инъекция   әдісі,   егер   инъекциялық   масса   рентген   сәулелерін   тұтатын   болса,

рентгенографиямен, егер арнайы өңдеуден кейін объект мөлдірленіп, ал инъекцияланған

тамырлар мен өзектер контрастанып, лайланатын болса, жарықтандыру мен ұштастыра

қолданылады. Кейіннен тканьдерді қышқылдарда еріте отырып тамыр, өзек, қуыстарды

инъекциялау   (коррозиялық   әдіс)   кеңінен   қолданылады.   Бұның   нәтижесінде   мүшенің

(тамыр,   нерв   және   т.б.)   басқа   анатомиялық   түзілістерге   қатысты   орналасуын   тоңазтып

қатырылған дененің арамен кесілген жерін зерттейді. Осы аралап кесу әдісіе бірінші рет

қолданған Н.И.Пирогов. Егер қалыңдығы микрометрлермен өлшенетіндей кесінді даярлап,

оны гистологиялық бояулармен өңдесек, онда мұндай кесінділерден алынған деректерді


тканьдік   арақатынастар   туралы   мағлұматтармен   толықтыруға   болады.   Бұл   әдіс

гистотопография деп аталады.  

Гистологиялық   кесінділер   мен   гистотопрограммалар   бойынша   зерттелетін

түзілістің суретін немесе көлемін алуға болады. Бұл амал графикалық немесе пластикалық

реконструкция   болып   табылады.   Бәрқатар   анатомиялық   міндеттерді   шешу   үшін

гистологиялық   және   гистохимиялық   әдістер   қолданылады.   Жұқалығы   соншалық,

жарықтық   микроскоптан   көрінбейтін   құрылымдарды   көруге   мүмкіндік   беретін

электрондық   микроскопия   анатомияға   кеңінен   енгізілуде.   Аз   және   көп   үлкейткенде   де

зерттеу объектісінің көлемдік кескінін беретіндей сканирлеуші электрондық микроскопия

әдісінің болашағы зор. 

Бұл   аталған   әдістердің   барлығы   өлген   адамның   денесін   тексергенде

қолданылады.   П.   Ф.   Лесшафт   айтуынша   «анатомияны   зерттегенде   негізгі   объект   әр

уақытта тірі организм болуы тиіс, ал өлі препарат тірі организмді тексергендегі деректерге

қосымша болуы керек».



Әдебиет: [1,2,4,5]

2. Тақырып Тірек-қимыл аппараты.

1  Сүйектің   құрылысы,   өсуі   және   дамуы.  Сүйектің   химиялық   құрамы.   Сүйектің

жіктемесі. Қаңқаның қызметтері. 

2.   Дене   қаңқасының   құрылымдары.   Омыртқа   жотасы,   бөлімдері,   иілімдері.   Әр

бөлімдегі омыртқалардың ерешеліктері. 

3. Бас қаңқасының бөлімдері, құраушы сүйектер. Бас сүйектердің байланысуы. Бас

қаңқасының жыныстық ерекшеліктері. 

Тірек-қимыл   жүйесінің   маңызы: 

тірек-қимыл   жүйесіне

(аппаратына)   қаңқа   мен   бұлшықеттер   жатады.   Бір-бірімен   дәнекер

ұлпалар   (шеміршек   пен   сүйек)   арқылы   байланысқан   сүйектер   қаңқа

түзеді.   Қаңқа   (скелет)   ағзаның   тірегі,   ал   оның   бұлшықеттері   қимыл-

қозғалысты   қамтамасыз   етеді.   Тірек-қимыл   жүйесі   адамның   тік   жүру

қалпын (пішінін) сақтайды (омыртқа жотасы мен жамбас белдеулері).

Қаңқа   мидан   бастап,   барлық   ішкі   мүшелерге   қорғаныш   қызметін

атқарады.   Мысалы,   ми   бір-бірімен   берік   байланысқан   ми   сауытын

құрайтын сүйектердің ішінде жатады. Жүрек пен өкпені кеуде қуысы

сүйектері қорғаса, құрсақ қуысындағы мүшелерді – жамбас белдеулері

сүйектері қорғайды. Қаңқаға бұлшықеттер бекінеді. Ағзаның қоршаған

орта жағдайларына бейімделуінің бір белгісі – қимыл (қозғалу). Денені

қозғалысқа   келтіретін   сүйектер   мен   бұлшықеттер.   Кез   келген

қозғалыста (жүгіру, секіру) ағзаның барлық мүшелері сүйекті таяныш

(тірек)   етеді.   Сүйек   кемігінде   қан   жасушалары   түзіледі.   Сүйектің

құрамында   минералды   тұздар   мен   микроэлементтер   болатындықтан

минералды алмасуға қатысады. 

Сүйектер   тығыз   және   борпылдақ   дәнекер   ұлпаларынан   түзіледі.

Сүйектің   сырты   –   тығыз   ұлпа,   ішкі   бөлімі   –   борпылдақ   ұлпадан

құралады.   Сүйектің   сыртында   сүйек   затымен   тұтасып   кеткен  сүйек

қабы  болады.   Сүйек   қабының   астыңғы   бетінің   жасушалары   бөлініп

сүйек затын түзеді. Сондықтан сүйек қабы арқылы сүйектер  жуандап



өседі.   Сүйек   сынғанда   біртіндеп   бітіп,   қайта   қалпына   келуі   де   сүйек

қабына   тікелей   байланысты.   Сүйек   қабында   қантамырлары   мен

жүйкелер  болатындықтан  сүйекке  ұдайы  қоректік  заттар  жеткізіледі.

Сүйектің екі шетіндегі шеміршекті қабаттағы жасушалардың бөлінуінен

сүйек   ұзарып   өседі.   Қаңқаның   толық   сүйектенуі   20–25   жасқа   дейін

жалғасады.   Адам   25   жасқа   дейін   өседі.   Ересек   адамның   сүйегінің



үштен   екі   бөлігін   бейорганикалық,   ал   қалғанын   органикалық   заттар

құрайды. Органикалық заттар иілгіштік, серпінділік, ал бейорганикалық

заттар мықтылық қасиет береді. 

Сүйектің   құрамы.  Сүйектің   құрамында   50%   су,   12,5%   нәруыз

тектес   органикалық   зат  оссеин  (жұмсақ,   серпінді   органикалық   зат)

21,8%   минералды   заттар   (кальций   фосфаты),   15,7%   май   болады.

Оссеин заты сүйекке серпінді, иілгіштік қасиет береді. Жас балалардың

сүйегінде   органикалық   заттардың   мөлшері   көбірек.   Сүйектері   иілгіш

болатындықтан   спортқа,   циркке,   балетке   жастайынан   қабылдайды.

Адамның жасы ұлғайған сайын сүйегінде органикалық заттар азайып,

минералды заттар көбейеді. Құрамында минералды заты көп сүйектер

иілгіштік қасиетінен айырылып морт сынғыш келеді.



Сүйектердің   байланысы.  Сүйектердің   сыртында   бұлшықеттер,

сіңірлер   бекінетін   әр   түрлі   сайшалар   (борозда),   төмпешіктер,

қантамырлары   мен   жүйкелер   өтетін   тесіктер   болады.   Қанқаны

құрайтын сүйектер әр түрлі байланыстар түзеді. Атқаратын қызметіне

қарай   байланыстар:  қозғалмайтын,   жартылай   қозғалмалы  және

қозғалмалы деп бөлінеді.

Қозғалмайтын   байланысқа  ми   сауыты   сүйектері   мен   сегізкөз

жатады.   Бұлар   бір-бірімен   тұтасып   қозғалмайтындай   болып

байланысқан.

Жартылай   қозғалмалы  –   шеміршектер   арқылы   омыртқалар   бір-

бірімен байланысқан.



Қозғалмалы   немесе   буындық   байланыстарға 

аяқ-қол


сүйектерінің байланысы жатады.

Буындар.  Адам   денесінде   230-дан   астам   буындар   бар.   Буын   деп

сүйектердің  қозғалмалы  байланысатын  жерін  айтады.  Әрбір  буынның

сырты тығыз дәнекер ұлпадан түзілген қабықпен қапталған. Оны буын

қапшығы  дейді.   Буын   қапшығында   қабырғаларынан   бөлінетін   буын

сұйықтығы   болады.   Сұйықтық   үйкелісті   кемітіп,   сүйектердің   буын

ойығында   еркін   қозғалуына   мүмкіндік   береді.   Сонымен   буында   буын

беті, буын қуысы, буын сұйықтығы және буын қапшығы болады. 

Сүйектің бір-бірімен байланысатын шеті жылтыр, тегіс шеміршекпен

қапталған. Қозғалу кезінде шеміршек үйкелісті азайтып, оқыс соққыны

(толчок) әлсіретеді.

 

Адам   қаңқасының   бөлімдері.  Адам   қаңқасы   бір-бірімен   өзара

буын   қалталары   арқылы   байланысқан   жеке   сүйектерден   тұрады.

Қаңқада 200-ден астам сүйектер бар. Ағзада болатын барлық сүйектер

пішіні,   мөлшері   жағынан  ұзын   сүйектер,   қысқа   сүйектер,   жалпақ

сүйектер деп бөлінеді.

Ұзын   сүйектерге   қол-аяқты   құрайтын   жіліктер   жатады.   Ұзын

сүйектердің   жілік   майы   толтырып   тұратын   ортаңғы   бөлігі   қуыс

болғандықтан түтікті сүйектер деп те атайды.

Қысқа   сүйектерге   –   омыртқа,   алақан,   табан,   саусақ   сүйектері

жатады.


Жалпақ   сүйектердің   ұзындығы   мен   ені   әр   түрлі.   Жауырын,   бас

сүйектері, қабырға, төс, жамбас сүйектері – жалпақ сүйектер.



Қаңқа  – тұлға, бас сүйегі, иық белдеулері мен қол сүйектері және

жамбас белдеулері мен аяқ сүйектері деп бөлінеді.



Тұлға   қаңқасы  –   омыртқа   жотасы   мен   қабырғалар   және   төс

сүйегінен тұрады.



Омыртқа жотасы тұлғаның негізгі тірегі. Адамда омыртқалардың саны

33–34,   олар:  7   мойын   омыртқа;  12   арқа   омыртқа;   5   бел   омыртқа;   5



сегізкөз омыртқа; 4–5 құйымшақ омыртқалар.

 

Омыртқаның   құрылысы  –   әр   омыртқаның   денесі   мен   доғасы

болады. Омыртқа доғасында  көптеген қанаттары (бір арқа, екі бүйір,

екі   үстіңгі   және   екі   астыңғы   буындық)   бар.   Омыртқа   доғасы   иіліп,

денемен тұтасқан. Омыртқалардың дәл ортасындағы кең қуыста жұлын

орналасады.  Мойын   омыртқалардың  (7)   пішіні   жағынан   басқа

омыртқалардан   біршама   айырмашылықтары   бар:   омыртқа   денесі

кішілеу, бірінші мойын омыртқасының (ауыз омыртқа) денесі болмайды,

ортасындағы қуысы үшбұрышты. Мойын омыртқаларының біріншісі бас

сүйегімен   байланысып,   басты   бұруға   қатысады.   Денеге   күш   түсуіне

байланысты 3-мойын омыртқадан бастап 7-омыртқаға дейін пішіндері

сәл   өзгереді.   Омыртқа   денесі   ұлғайып,   арқа   өсіндісінің   ұшы   (7-

омыртқадан басқасы) екіге ажырап ашаланады.

Арқа   омыртқалары  (12)   мойын   омыртқаларынан   ірілеу,   арқа   өсіндісі

көлбеу   орналасқан.   Бүйір   өсінділерінде   және   омыртқа   денесінде

қабырғалар   бекінетін   шеміршекті   буын   ойықтары   болады.   Арқа

омыртқалар   қабырғалармен   байланысады.Бел   омыртқалары  (5)   басқа

бөлімнің   омыртқаларымен   салыстырғанда   денесі   жалпақ   әрі   үлкен.

Арқа   қанаттары   да   жуан,   бұл   бел   бөлімінің   көбірек   қозғалуына   әсер

етеді. Бел омыртқаларына дене салмағының күші көбірек түседі. 

 

Сегізкөз   омыртқалары  (5)   бір-бірімен   қозғалмастай   тұтасып

кеткен.   Пішіні   үшбұрышты,   ішке   қараған   беті   сәл   иіліңкіреп   ойықтау

болып келеді. Ойыс жағынан сегізкөз омыртқаларының тұтасып кеткен

іздері   4   көлденең   бұдыр   сызық   болып   анық   көрініп   тұрады.   Сегізкөз

омыртқаларында 4 жұп тесіктерінен жұлын жүйкелерінің тарамдалған

ұштары шығады.

Құйымшақ   омыртқалар  (4–5)   қалдық   ретінде   тұтасып   кеткен.   Тек

бірінші   омыртқада   омыртқаның   кейбір   белгілері   ғана   сақталған.

Қалғандары біртіндеп кішірейген.

Барлық омыртқалар бір-бірімен шеміршектер, бұлшықеттер, сіңірлер

арқылы   байланысып,   омыртқа   жотасын   құрайды.   Омыртқа   жотасы   –

тұлғаны алға, артқа, бүйіріне қарай иіп-қозғалту арқылы түрлі қимылға

келтіреді.

      Омыртқа жотасы төрт жерінен алға және артқа қарай иіледі. Мойын

мен бел омыртқалардың тұсында екі иілім алға қарай иілген. Арқа мен

сегізкөз омыртқаларының тұсында екі иілім артқа қарай иілген. Жаңа

туған нәрестенің омыртқа жотасы түзу, иілімдері болмайды. Нәрестенің

мойны   қатқанда   мойын,   отыра   бастағанда   арқа   иілімі   білінеді.   Қаз

тұрып жүре бастағанда бел мен сегізкөз омыртқаларының тұсындағы

иілімдер   байқалады.   Иілімдер   18–20   жаста   толық   қалыптасады.

Омыртқа   жотасының   иілімдері   кеуде,   жамбас   қуыстарының   мөлшерін

кеңейтеді.   Бұл   иілімдер   дененің   тепе-теңдігін   жеңілдетіп,   жүгіріп,

секіргенде   серпімділікті   күшейтеді.   Бұл   омыртқалардың   бір-бірімен

жалғасқан   жеріндегі   шеміршектердің   созылғыштық   қасиетіне   де

байланысты.   Омыртқа   жотасының   алға   және   артқа   қарай   иілімдері

адамның тік жүруіне байланысты қалыптасқан. Бұл қалыпты құбылыс.

Ал   омыртқа   жотасының   бір   бүйіріне   қарай   иілуі   (қисаюы)   –  сколиоз

ауруына әкеп соқтырады.

 Омыртқа жотасының бір бүйіріне қарай қисаюының негізгі себептері:

а) орындықта түзу отырмау;



ә) жазу столы мен орындықтың биіктігінің сәйкессіздігі;

б) көбіне бір қолымен ауыр жүк көтеру;

в) сүйектер мен бұлшықеттердің нашар дамуы және т. б.

Сондықтан   да   жүргенде,   тұрғанда,   отырғанда   омыртқа   жотасын

түзу ұстауға тырысу керек. Ауыр жүк көтермеу, жүйелі түрде спортпен

шұғылдану керек.



Кеуде қуысының  қанқасын 12 арқа омыртқа, 12 жұп қабырғалар,

алдыңғы жағын жалғыз төссүйек құрайды. Қабырғаның алдыңғы шеті

шеміршекті   болады.   Жоғарғы   7   жұп   қабырғалар   шеміршек   арқылы

төссүйекпен   байланысқан.   Келесі   шеміршек   шеттері   қабырғалардың

жұптарымен   өзара   қосылып   доға   түзеді.   Қабырғалар   омыртқалармен

буын   арқылы  қозғалмалы,   төссүйекпен   шеміршек   арқылы  жартылай



қозғалмалы 

байланысады.   Қабырғалардың   11,   12-жұптарында

шеміршек болмағандықтан алдыңғы шеттері бұлшықеттердің арасында

бос   жатады.   Қабырғалар   тыныс   алу   мен   тыныс   шығарғанда   кеуде

қуысы   көлемінің   ұлғайып,   кішіреюіне   әсер   етеді.   Кеуде   қуысында

орналасқан   мүшелер:   жүрек,   өкпе,   ірі   қантамырлар,   кеңірдек,

бронхылар,   өңеш   және   жүйкелер.   Кеуде   қуысының   пішіні   жынысына,

жас   ерекшеліктеріне,   дене   бітіміне,   дамуына   байланысты.   Кеуде

қуысының жоғарғы және төменгі тесігі болады. Жоғарғы тесігі артқы

жағынан   бірінші   арқа   омыртқасының   денесімен   шектеледі.   Бүйірі

бірінші жұп қабырғалармен, алдыңғы жағы төссүйектің жалпақ бетімен

бітеді.   Жоғарғы   тесік   арқылы   өңеш,   кеңірдек   ірі   қантамырлар   мен

жүйкелер  өтеді.   Жануарлармен   салыстырғанда  денесін  тік  ұстап,  тік

жүруіне   байланысты   адамның   кеуде   қуысы   екі   жағына   керіліп,

кеңейген.

Бассүйек қаңқасы – ми сауыты мен бет бөлімдерінен құралған. Ми

сауыты бөлімі бір-бірімен берік (қозғалмай) байланысқан  маңдай,  төбе

(2),  самай  (2),  шүйде  және   т.   б.   сүйектерден   құралған.   Жаңа   туған

нәрестенің маңдай бөлімінде бүлкілдеп тұратын жұмсақ жері – еңбегі

(родничок)   болатынын   байқаған   шығарсыңдар.   Пішіні   ромбы   тәрізді,

тынысалу  қозғалысының  әсерінен   бүлкілдейді.   Ми   сауыты  бөліміндегі

сүйектер   бірден   қатаймай   бірнеше   даму   сатысынан   өтеді.   Алдымен

жұқа  жарғақты,  содан соң  шеміршекті, ең соңында сүйекке айналады.

Нәрестенің маңдай тұсы жарғақты, мұндай жерлер самайдың тұсында

да   болады.   Бала   2   жасқа   келгенде   сүйектері   қатая   бастайды.   Ми

сауытының   шүйде   сүйегінде   жұлын   мен   миды   жалғастырып   тұратын

үлкен   шүйде   тесігі   болады.   Адамның   бассүйегінің   ми   сауыты   бөлімі

жануарлармен   салыстырғанда   үлкен.  Бет   бөліміне  –   үстіңгі   және

астыңғы   жақ   сүйектері,   бет,   мұрын,   таңдай   және   т.   б.   сүйектері

жатады. Астыңғы жақ сүйегі самай сүйегімен  шықшыт буыны  арқылы

байланысқан.

 

Кейбір бассүйек бөлімдерінде (маңдай, үстіңгі жақ және т. б.) ауа



болатын қуыстар бар. Ол сүйектердің жеңіл болуын қамтамасыз етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет