Тұңғыш немерем – Дакоға
Атасы – «Қария»,
Апасы – Мария.
Еркешім, асылым,
Аппағым – Дария.
Әкесі – дәрігер,
Анасы – дәрігер.
Ыңғайын таппаққа,
Жүгірген, әбігер.
Туыпсың Құлыным,
Көктемгі шуақ күн.
Бойымдағы Жұлыным,
Әр сөзің – әуез үн.
Қайырлы болғай,
Туған осы күнің.
Арнайы келдік,
Апаңмен бүгін.
Немерелерім басы сен,
«Майлыаяқ» Төлбасым.
Артыңнан ілескен,
Ахмедияр, Дарыным.
Күлсең сен, өмір – күн,
Жыласаң, қапас түн.
Қалауыңды таппасақ,
Болады-ау бізге мін.
Сүйкімдім – бір өзің,
Сүйіктім – тағы өзің.
Балдан да тәтті-ау,
Былдырың, тілің.
Айналдым түріңнен,
Өкпелеп бұртиған.
Аймалап сүйейін,
Бетіңнен монтиған.
Құлшынып ойнайсың,
Адамша ойлайсың.
Жасайсың әрекет,
Жоламасын пәлекет.
Біраз күн көрмесек,
Қаламыз сағынып.
Әмірші өзің тек,
Жүрегіміз бағынып.
Қызғалдақ құлпырған,
Бір шоқ, Гүлім-ау.
Аталық сезімді,
Оятқан, Күнім-ау.
Арайлым, Шуағым,
Сен күлсең қуандым.
Сыйладың сен шаттық,
Аспандап тұр бағым.
Көрмегелі көп болды,
Сағындым өзіңді.
Аталаған балдай
Аңсадым сөзіңді.
Өмірде келіскен,
Өсе бер Періштем.
Туыстар келе берсін,
Қуанышыңды бөліскен.
Сенде бар тілегім,
Сен күлсең күлемін.
Ақ таңды, бар бақты,
Өзіңе тілеймін.
Сүйемін қызығып,
Дәмің бал-шырындай.
Иіскеймін ынтығып,
Иісің әтір-духидай.
Жүрейік бағыңа,
Қасыңда әрдайым.
Өмірдің тағында,
Бола бер, Шырайлым.
Келейік тойыңа
Тойлайық жыл сайын.
Туған жер бағыңда,
Өсе бер күн сайын.
Қиындық кезіксе,
Қолдасын Құдайым.
Бақытты болуыңды,
Алладан сұраймын.
Тебірендім сені ойлап,
Дакошым – Ақботам.
Жебеуші пірің болсын,
Саяқып Қожа – бабам.
Бір көршіме
Арамдықтың айдынында кәсіп қылып ол жүзген,
Малын ұрлап халықтың әдет етіп үйренген.
Айтқанменен мал иесі түсінер діп әдеппен,
Қара беті бүлк етпейді елдің жүзі күйгенмен.
Оның айтқан адалдығы – еріндегі бейне ұшық,
Жымырайған кейпі жаман – ін аңдыған мысық.
Түн жамылып жортады, жемтік іздеп өлермен,
Қолға түссе – мүшәпір, жалынады ел аяғын құшып.
Келіп қалдың талайға, селдіреп түсті шашың,
Пайғамбардың жасына келіп, ағарды басың.
Құдайды, иманды ойлайтын уақытың жетті ғой,
Арамдықтан тиылып болады қашан адалдан асың?
Зар жылаттың талайды, обал-сауап қайда?
Түбі бір сұрауы бар Алланың оны да ойла.
Қорықпас қорқау болсаң жүре бер арамза,
Жемтікке арам мейлінше той да.
Көз жасы, қарғысы жібермес халықтың,
Қоры болсаң қалған бір сасық ескі салттың.
Түбінде татарсың сазайын әшкере боп ісің,
Арам адам әрқашан да жиіркенішті, осыны түсін.
Түздің жыртқыш тағысы – қасқыр екеш қасқыр да,
Заң – ешқашанда шаппайды маңындағы ауылға.
Адал асыңды татып жүріп көршің қастық қылса,
Санасы хайуаннан да төмен бейшара, сорлысы да.
Мерей тойға арнау
О, Аға! Құтты болсын жарық дүниеге келген осы күніңіз!
Асқаралы – 60 жаста жасап жатқан қуанышты тойыңыз.
Өмірде өзіңізді достарың әспеттеп құрметтейді Әз-Аға,
Сырттан көз салғанда хас батырдай көрінеді тұлғаңыз.
Қиындыққа мойымай, қуанышта шаттанасыз осы өмірде,
Көрсеткен азаматтық, адамгершілік қасиеттеріңіз көңілде.
Жақсылықтың жақтаушысы, қамын жеген ұрпақтардың,
Сіз салиқал аға, сыйлы іні, асыл жар, абзал әке.
Бұл өмірде бақыт пен баққа мейлінше кенеліп,
Ақ батаға, ел алғысы мен құрметіне бөленіп.
Әрқашан да өзіңізді жас жігіттей ширақ сезініп,
Жасай беріңіз, ұрпақтарыңызбен тамыр жайып, көгеріп.
Бұл пәниде қуатты болып Алланың берген жасында,
Сыңарыңыз – жеңгемізбен бірге болып әрқашан да қасында.
Жарасқан қос аққудай қалқыңыздар көл бетінде,
Алтын діңгек бола беріңіздер немерелер ортасында.
Достарыңызбен бөлісу: |