АБСТРАКТ Жұмыстың мақсаты: Мені Қаңға баба жеріндегі орасан көп мөлшердегі мемориалдық архитектуралық кешендер құрылысы күмбездер мен кесенелер тарих қойнауына тарта білді. Туған өлке тарихына үңіле отырып, оның ашылмай жатқан құпия шежіресін ашып, кейінгі ұрпаққа жеткізу білуді, тарихи сананы жаңаша зерделеуді мақсат еттім.
Жұмыстың міндеті: Қаңға баба атауының шығуына жер-су аттарына қарап талдау арқылы сараптама жасау.
Қаңға туралы тарихи деректерді жинақтап, жүйелеу арқылы Византия, Қытай, Парсы жазба деректерінің негізінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу.
Қаңға баба туралы жергілікті көне көз қариялардан ауызша жеткен аңыздардың мән-мағынасын ашуға ұмтылу.
Қаңға өңіріндегі жәдігерлердің тарихына үңіле отырып, отырықшылық қоныстың болғандығы-на тірі куә екеніне сараптама жасау.
Қаңға қаласының болғандығына ғылыми болжам жасау арқылы оқушылардың жергілікті өлке тарихына деген қызығушылығын, туған жерге, атамекенге деген сүйіспеншілігін оятуға күш салу.
Зерттеудегі негізгі мақсатымыз-туған өлке тарихына үңіле отырып, оның ашылмай жатқан құпия шежіресін ашып, кейінгі ұрпаққа жеткізе білу және тарихи сананы жаңаша зерделеу.Сол мақсатты негізге ала отырып, қасиетті Қаңға қорымына зерттеу жұмыстарын жүргіздік.
Зерттеу кезеңдері екі бөлімнен тұрады.Теориялық бөлім және зерттеу бөлімі. Зерттеудің алғашқы кезеңі теориялық бөлім.Ол бөлімде қолда бар кітап, журнал, газеттерден, саяхатшылар қолжазбаларыннан біршама мәлімет жинасақ, ауылымыздың көпті көрген көнекөз ақсақалдарымыздың әңгімелерін , аңыздарын тыңдап біршама қаңға жеріне байланысты мәліметтер алдық.
Екінші бөлім зерттеу бөлімі.«Мың рет естігенше, бір рет көргенің артық »-демекші ол бөлімде біз Қаңға қалашығына саяхат жасадық. Саяхатымызда сол жердегі кесенелер,мешіттер,үйіктер,обаларды көріп баға беріп,өмір сүрген уақытын, не үшін салынғанын анықтадық.
Зерттей келе осы жердегі кесенелер, мешіттер,обаларға,қираған үгінділерге байланысты, осы жерде ертеректе елді мекен болған деген болжамға келдік.