МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ
ҚАРАҚИЯ АУДАНЫ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН
ҚАШАҒАН АТЫНДАҒЫ ЖББ КММ
Бағыты: Аудандық «МАҢҒЫСТАУНАМА-2022»
Бөлім: «Ей,менің жарық мекенім»
Орындаған:Ұзақбай Нұргул
Сыныбы: 10
Жетекшісі: Қанатова Ақмарал Баймурзақызы
қазақ тілі мен әдебиет пәндерінің мұғалімі
КІРІСПЕ
Шежіреге толы тарихи оқиғаларға зер салсаңыз, сонау көне дәуірлерге жетелейді. Ескіден жеткен қолжазбалардың уақыт өте келе сарғайып кеткен беттерінде олардың көбінің аттары сақталмаған. Кейбір қалалардың атаулары халық аузындағы аңыз әңгімелерде ғана кездеседі. Ал көбінің аты тіпті белгісіз. Тек осы қалалардың қурай болып, бұта жапқан орамдары ғана бағзы заманда еңбек етіп, өмір сүрген, өркендеп, дамып, сарайлар мен шаһарлар тұрғызған, тағдырын жырға қосқан ондаған ғасырлық шежіресі бар ата-абабалар өмірін еске салады.
Тарихымыздың терең қойнауын ақтарып, ежелгі дүниені танып білу аса маңызды мәселе болып табылады. Тарихы қағаз бетіне түспей қалған елдер үшін археология ғылымының маңызы тіпті зор. Бұл жағдай тамыры тереңде жатқан ата-бабаларымыз қалдырған ескерткіштер сыр шертетін Қазақстан тарихына да қатысты. «Маңғыстауды ашық аспан астында орналасқан мұражай» деп атауға болады. Мынау Қарағантүбек әр заманда бабаларымыздың қанымен, терімен суғарылған мына көпті көрген көне топырақ өзінің жаратылысынан бері кімдерге пана, қорған, құтты мекен болмады десеңші. Ықылым замандардан-ақ Шығыс пен Батыстың арасындағы алтын арқаулы көпір болған осынау қасиетті өлкеде әр кезеңде арғы жаужүрек ата-тегіміз ғұндар, сақтар, түріктер, оғыздар, қыпшақтар тұрмыс кешіп, бүкіл дүниежүзілік өркениет пен мәдениетке елеулі ықпал жасап, сыбағалы үлес қосқан қазақ халқының тарихы мен тағдырында біздің Қарағантүбек өңірінің алар орны айрықша зор, оның әр уыс топырағы, әр бұтасы, әр тасы сан алуан ғибратты шежіре-сырға тұнып тұр.
Олардан бізге жеткендері-топырақ астындағы қалған обалар мен төбелер, алыстан сағымданып көрінетін кесенелер мен қорымдар. Яғни Шақпақ ата, Сұлтан епе, Қарағашты әулие, Қаңба баба, Сағындық,Бесінбай қорымдары,БасынАйназар атадан алып, аяғы Шақпақ ата кесенесіне дейінгі аралықты алып жатқан археологиялық-мәдени ескерткіштер қаншама десеңші.
Қаңға жерінде сонау оғыз заманында қалалардың болғандығы жайлы деректемелер, қытай, парсы саяхатшыларының жазбаларында, орта ғасыр тарихшыларының еңбектерінде және сол кезеңдегі тарихи оқиғаларға талдау және қорытынды жасай отырып, қала болғандығын және оның тарихты жойылып кеткендігін дәлелдей түседі. Қаңға бойындағы үйіктер, обалар, зираттар, кесенелер, жартастар, құздар, су асты бұлақтары, үйілген өрім-өрім тастары сыр шертеп тұрғандай көрінеді. Көмбені қашан ашасыңдар деп үн қатады. Ол да алыс емес деп білемін.
Достарыңызбен бөлісу: |