Белгісіз сандарды табуға берілген есептер:
1. Марат ойлаған саннан 3-ті алып, нәтижеге ең үлкен екі таңбалы санды қосқанда 103 шықты. Марат ойлаған санды тап.
Шешуі: (х-3)+99 =103
х-3 =4
х =7
Жауабы: 7 саны
Балымнан «Сыныпта қанша ұл бала бар?»- деп сұрағанда, ол , ұлдардың санынан ең үлкен бір таңбалы санды алып нәтижеге 2 мен 3 цифрлары арқылы жазылған санды қосса, 75-тің 3-ке бөліндісі шығады. Сыныпта неше ұл бала бар?
Шешуі: (х-9)+ 23=75:3
(х-9)+ 23=25
х-9=2
х=11
Жауабы: 11 ұл бала
Дымбілмес бірінші рет сыныптағы қыздардың мұрындарын және ұлдардың құлақтарын санағанда барлығы 41 болды. Дымбілмес екінші рет сыныптағы қыздардың құлақтарын және ұлдардың мұрындарын санағанда барлығы 43 болды. Сыныпта неше қыз, неше ұл бар?
1. 41 (өзін есептеген жоқ)
2. 43 (өзін есептеді)
36 құлақ 18 ұл , 38 құлақ 19 ұл
5 мұрын 5 қыз 5 мұрын 5 қыз
Жауабы: 24
Айгүл мен Айым алма ағашынан 40 алма жұлып алды. Егер олар бірдей алма жесе, онда Айгүлде 15, ал Айымда 9 алма қалады. Айгүл қанша алма жұлып алған?
Шешуі:
х+(х-15)+9=40
х+(х-15) =40-9
х+х=31+15
2 х=46
х=23 Жауабы: 23
Ханшайым аспазына таңғы асқа құймақ жегісі келетінін, өзінің сағат 800 -де тұратын, әрі тұра салысымен бірден тамақ ішетінін және де 20 құймақ керек екендігін айтты. Аспаз бір минутта бір құймаққа уақыт өткізеді. Ал Ханшайым оны 30 сек жейді. Егер аспаз тұра салысымен құймақ пісіретін болса, онда ол қай кезде тұруы керек?
Жауабы: 7 сағ 40 мин
Ұлу биіктігі 10 метр бағанаға шықпақшы болды. Күндіз ол 4 метр, ал
4 түнде 3 метр төмен сырғанайды. Ұлу баған төбесіне неше күнде жетеді?
Жауабы: 7 күн
Әлихан дүкеннен 9 қарбыз әкелуі тиіс. Ол бір барғанда, екі қарбыз әкеледі. Ол дүкенге неше рет барды?
Жауабы: 5 рет
Гүлназ бен Дана неше жаста болса, Нүргүл де сонша жаста. Дананың
жасы Гүлназдың жасынан 3 есе артық, бірақ Нүргүлдің жасынан 4 жас
кем. Кім неше жаста?
4+12=16 Гүлназ -4 12 :3 =4
4*3=12 Дана-12 16-4 = 12
12+4=16 Нүргүл-16 12+4=16
Столдың басында 2 әке және 2 бала отыр. Оларға 3 алманы қалай тең бөліп беруге болады? (атасы, әкесі, баласы)
корзинадағы 7 алманы 7 қызға тең бөліп беру керек және бір алма корзинада қалу керек. Бұл қалай? ( соңғы қызға корзинамен бірге беру керек)
Үш тауық үш күнде үш жұмыртқа туды.12 тауық 12 күнде қанша жұмыртқа туады? (әдетте ойлау инерциясы бойынша) 12 деп жауап береді.Бұл дұрыс емес.
Кенжетай 1968ж 29 ақпанда дүниеге келген. Қазір 41 жаста болса, осы кезге дейін неше рет туған күн жасайды? (кебісі жыл) жауабы: 10 рет
САНДАР ТІЗБЕГІ
Бұл түрдегі есептерде сандар тізбегі белгілі бір ережеге сәйкес қойылады. Сол ереже бойынша сұрақ белгісінің орынына қай сан сәйкес келетінін анықтау керек. Мысалдар: 1) 2, 3, 5, 8, 12, 17, ?
A) 22 B) 24 C) 23 D) 25
Шешуі: +1 +2 +3 +4 +5 +6
1) 2, 3, 5, 8, 12, 17, ? 23
2) 1, 1, 2, 6, 24, 19, 13, 6, 48, 39, 29, ?, ?, ?, 64, 49, 33, …
A)18,6,78 B)18,6,76 C)19,6,76 D)19,5,78
Шешімі: *1 *2 *3 *4 -5 -6 -7 *8 -9 -10
2) 1, 1, 2, 6, 24, 19, 13, 6, 48, 39, 29,
-11 -12 *13 -14 -15 -16
?, ?, ?, 64, 49, 33, …
Достарыңызбен бөлісу: |