Бағыты: Тарихи тұлғалар Дайындаған: Омар Гүлзира Мазмұны: Кіріспе бөлім Негізгі бөлім



бет8/8
Дата06.01.2022
өлшемі39,13 Kb.
#13135
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Әбіш Кекілбаев

Қорытынды бөлім

Қорыта айтқанда, жазушы шығамашылығына негіз болған құбылыстардың басты арнасы – халық тарихы, туған ел. Қаламгер Әбіш Кекілбайдың халықтың өткен тарихы, туған ел туралы шығармаларын жарыққа әкелуі жазушы мәртебесін көтереді. Жазушының туған жер, ел тарихы жайлы жазған шығармаларын оқи отырып, бойымызда елге, туған жерге деген патриоттық сезім оянады. Жазушының ұлы тұлға ретінде қалтырған мұраларын көзіміздің қарашығындай сақтау бүгінгі жас ұрпақтың міндеті деп білеміз. Сол кездегі жазушының шығармаларына арқау болған халықтар достығы, тәуелсіздік, туған ел тақырыптары бүгінде орындалып қолымыз жетіп отыр. Әбіш Кекілбаевтың проза, әдеби сын, көркем аударма саласында жемісті еңбегі бүгінде өз жемісін беріп, оқырмандар көзайымына айналуда. Тарихи оқиғалардың түп негізінде жатқан көкейкесті ой мұраттардың ерекшелігін, жеке адам мен тарих арасындағы қатынастың саяси- әлеуметтік және психологиялық алғышарттары мен нәтижелерінің сырларын танытады. Соған орай, туған ел, тарихи оқиғалармен өзектес, тамырлас алуан сипаттағы саяси әлеуметтік құбылыстар өзекті мәселеге айналған жазушының шығармалары туған ел туралы терең мазмұнымен ерекшеленіп, оқырманын баурап алады.



Саналы ғұмырын елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекетімізді нығайтуға арнаған, қазақ руханиятының өсіп-өркендеуіне үлес қосқан қазақ жұртының ардақтысы Әбіш Кекілбаевтың жарқын бейнесі халқымыздың жадында мәңгі сақталып қалады. 

Жазушының дана ойлары бүгінгі күні маңызын жоймай, одан әрі мән-мағынасы тереңдеуде.

Менің ойымша міндетті түрде мектептерде «Әбіштану» факультативтік сабақтарды енгізу. Бұл сабақтардың мақсаттары: туған ел, тарихи тұлғалар жайлы оқушыларға танытып білдірту. Біздің мақсатымыз әр түрлі ғылыми жобаларға қатысып өз еліміздің өткен тарихын, мәдениетін, туған елге деген ыстық сезімін өз бойымызға сіңіріп, тәуелсіз еліміздің өркениетіне өз үлесімізді қосу, ел үмітін ақтау. Көк туымызды желбіретіп, туған елінің патриоты атану.

«Адамзаттың ең ұлы жаңа­лығы – жазу» дейді Әбіш Кекілбаев. Осы жазу болмаса, біз онымен мәңгі «әңгімелеспей» кетер едік... Заңғар қаламгер Әбіш Кекілбаевқа арналған атаулы сайыстар мен әдеби кештер көптеп ұйымдастырылып, нәтижелі жобалардың негізі қаланса деген ұсыныс білдіремін.



Пайдаланған әдебиеттер тізімі

  1. Дүйсенбаева, Ж. Әбіш Кекілбаев шығармаларындағы тарих тағылымы 3-бет / Ж. Дүйсенбаева.- Алматы: Арыс, 2007.

  2. Ана тілі газеті / 6-бет - Алматы, 1999ж.

  3. Дүйсенбаева, Ж. Әбіш Кекілбаев шығармаларындағы тарих тағылымы 237-бет / Ж. Дүйсенбаева.- Алматы: Арыс, 2007.

  4. Кекілбаев Ә. Абылай хан // Егемен Қазақстан. – 1997. – №102. – Б. 3-7.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет