Бес күн бойы қарсы алдынан тандырдың деміндей шарпыған қызыл жел ұрған да тұрған. (Әбіш Кекілбаев «Махаббат мұнарасы» 11бет)
ТАНДЫР. (Орал, Орда) Қарынға салып, жерге көміп, үстіне от жағып пісірген ет. (Диалектологиялық сөздік. 621 бет)
2
Ыссыда көшенің екі бетіндегі кең жаймаларда қытайы жібек, күнге шағылысқан әр алуан асыл тас, алтын, күміс, былғары мен шұға, аң терілері, шар тараптың саудагерлері әкелген ірілі-ұсақ бұйымдар ыбырсып жатыр. (Әбіш Кекілбаев «Махаббат мұнарасы» 20 бет)
ЫССЫ.
(Орал, Қост. Аман, Ақт) ыстық.
(Қарақ.) қышыма, қотыр. (Қазақ тілінің диалектологиялық сөздігі 771 бет)
Көрпе-жастық атауларына байланысты диалектизмдер
1
Үш бала орындарынан тұрып, ту түпте, сарайдың алдындағы сая жайда зер төгіп тіккен шаршы бөстекте қос құс жастықты шынтақтап отыр. (Әбіш Кекілбаев «Махаббат мұнарасы» 65 бет)