Бағыттары ІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного образования


Балаңыздың қуана балабақшаға баруы үшін не істеуге болады?



Pdf көрінісі
бет45/96
Дата08.01.2017
өлшемі14,44 Mb.
#1410
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   96

 

Балаңыздың қуана балабақшаға баруы үшін не істеуге болады? 

         (Ата-аналарға кеңес беру жұмыстары) 

 

Оның уақытылы ұйықтауға жатуын қадағалаңыз. 



 

Балабақша  туралы  жаман  айтпаңыз,  Баланың  көзінше  тәрбиешілерді  сөз 



қылмаңыз. 

 



Балаңыз  балабақшадан  берген    тапсырмаларға,  сіздің  қызығушылық  танытып, 

қадағалайтыныңызды көрсін. 



 

477 


 

 



Өзіңіз оқыңыз, бала ата-аналарының бос уақытын тек теледидар мен компьютер 

алдында өткізбейтінін білсін, көрсін. 

 

Компьютерлік ойында ойнауды бала күнінде 20 минуттан асырмауы тиіс.  



 

Егер бала сізбен  қатты әсер алған оқиғасыме нбөліссе – сол оқиға жайлы әңгіме 



құрастыруын өтініңіз, ал кешкісін оны  барлық отбасы мүшелеріне оқып беріңіз. 

 



Балабақша өміріне үнемі белсенділік танытыңыз. 

 



Балабақшада  сіздің  балаңыз  өзіне  деген  өте  жағымсыз  қатынасқа  қақтығысып 

қалуы мүмкін. Және де барлығы әрқашан іске аса бермейді. Осы сәтте балаға өзіне деген 

сенімін жоғалтпауға көмектесіңіз. 

 

 



Жыл бойы жүргізілетін жұмыс жоспарын ата-аналармен бірлесе отырып жасаған 

тиімді.  Себебі,  ата-аналар  заман  талабына  сай  өзекті  мәселерді,  отбасы  тәрбиесіне 

байланысты тақырыптарды өздері ұсына алады. Сонымен қатар ата-аналардың ұсыныс 

–тілектерімен санаса отырып ата-аналарға арналған әңгімелер мен лекциялар, кеңестер 

мен  сұрақ-жауап  кештері,  тәрбие  жұмысын  алмасу  жөніндегі  конференциялар,  ата-

аналарды педагогикалық әдебиеттермен таныстыру әдіс-тәсілдері қарастырылады. 

 

Ата-аналармен жұмыс. 

Ата-аналармен байланысқа тікелей мектеп директоры және аға тәрбиеші жауапты. 

Жатақханада ата-аналар кеңесі құрылып, бекітілген жоспар бойынша жұмыстануда. 

-              жатақхананың  оқу  тәрбие  процесі,  санитарлық-гигиеналық  талаптарын 

орындау, баласын медициналық тексеруден өткізу

-              оқушының  іскерлігін,  шығармашылық  қабілеттерін  және  білім  сапасын 

арттыруға  жаңа  оқу  жылындағы  жатақхананың  мақсаты  мен  міндеттерімен  танысу, 

ұсыныстар енгізу; 

-       жатақхананың басқару және ұйымдастыру жұмыстарының өтуіне ата-ананың 

ұсыныстары; 

-         тәрбиеленушілерді демалысқа үйлеріне уақытында алып, уақытылы  әкелу 

процесіндегі жауапкершілік; 

-       әр тоқсанның соңғы күндері «Ата-аналар» күні болып белгіленген. 


 

478 


 

 

Жұмыс түрлері : 

Топішілік  ата —  аналар  жиналысы 

Балабақшаішілік  ата – аналар   жиналысы 

Ата – аналармен  жеке  кездесу 

Ата – аналар  үшін  ашық  есік күн 

Мерекелік  кештерге  шақыру 

Ата – аналарды тренинг  ойындарға  қатыстыру 

Отбасылық  жарыстарға  қатыстыру 

  

Негізгі   міндеттері  : 

* Тәрбиешінің топ ата —  аналармен құрамын зерттеуі 

* Ата – аналармен   тұрақты  байланыс   орнату 

* Ата – аналар ұжымын құру  

* Ата – аналардың педагогикалық білім дәрежесі мен мәдениетін үнемі арттырып 

отыру 

* Үздік одақ (бала, ата – ана, тәрбиеші) жұмысын жандандыру  



 

Атқаратын қызмет:  

 



Ата  –  аналарды  топтағы  оқу  тәрбие  процесінің  мазмұны  және  әдістемесімен 

таныстыру. 

 

Ата  –  аналар  белсенділерімен  жұмыс  жүргізу  және  әр  түрлі  қоғамдық 



ұйымдармен, жұртшылықмен өзара әркеттесуін қауымдастыру. 

  

Тәрбиешінің  жүргізген  жұмысынан  хабарлы  болу  үшін  ата  –  аналарға  топта 



«Сіздер үшін ата - ана» бұрышын жасадым. Онда ата – аналар «Бізбен бірге оқыңыз» 

айдарынан  күнделікті  жүргізілген  тәрбие  жұмыстары  бойынша  толық  мағлұматтар 

алады. Сонымен қатар балабақша күн тәртібімен танысады. Сонымен бірге әр тоқсан 

сайын  «Ашық  есік  күндері  »  ұйымдастырылады.  Мұнда  ата  –  ана  баласының 

жетістіктерін  немесе  қиындықтарын  көреді,  жәнеде  балада  қиындық  тудыратын 

мәселелерді,  үйде  ұйымдастыру  бойынша  тәрбиешіден  әдістемелік  нұсқаулар, 

дидактикалық ойындар пайдаланатын әдебиеттер секілді кепілдемелер алады. 

Сонымен  қатар  топта  «Ата  –  аналармен  байланыс  почтасы»  ұйымдастырылған, 

онда  ата  –  аналар  өзіне  маңызды  сұрақтардың  жауабын  тәрбиешіден  жазбаша  түрде 

алады. «Ғажайып алаң», «КВН», «Жүлдегер отбасы» топтар арасындағы отбасылық 

жарыстар ұйымдастырылады. Қазіргі кезде мектеп жасына дейінгі балаларға тәрбие ісін 

ары  қарай  жетілдіру  отбасымен  балабақшаның  бірлескен  жұмысын  дамыта  және 

нығайта түсу арқылы жүзеге асады. Келесі ата – аналармен ұйымдастырылған «Шебер 

қолдар  үйірмесі»  жұмыс  жасайды.  Бұл  үйірмеде  ата  –  аналар  оқыту  тәрбиелеу 

жұмыстарына декорация жасауға атрибуттар дайындауға, сюжеттік ролдік ойындарға 

бутафориялар, ертегілерді сахналауға бетперді жасауға ат салысады. Мұндағы көздеген 

мақсатымыз: балабақшаның оқу – тәрбие іс – әрекеті мәселесіне ата – аналар көңілін 

аудару.  Педагогикалық  үрдісті  жабдықтауға,  қазақ  халқының  мәдениетін,  дәстүрін 

танып білуге белсенді қатысуын дамыту. Дегенмен, отбасымен жүргізілген жұмыстар 



 

479 


 

үздіксіз өзгерістерді қажет етеді. Себебі, бүгінгі күннің ата – аналары жаңа заманның 

озық техналогиялардың адамдары. Сол себепті ата – аналармен Кітапхана – медиохана 

жұмыс  түрі  ұйымдастырылды.  Ата  –  аналармен  ұйымдастырылған  бұл  жұмыста 

ақпараттық технологияларды қолдану әдісі арқылы ұйымдастырылған. Бұл жұмыс түрі 

тіл  дамыту,  сауат  ашу,  айналамен  таныстыруды  меңгеру  бойынша  ойындар  және 

жаттығулары  бар  кітаптар  жиынтығы.  Балалар  көркем  әдебиеттері  (өлең,  тақпақ, 

ертегілер).  Дыбыстарды  дұрыс  дыбыстауға  байланысты  дыбыстық  кітаптар  топтың 

бейнетаспа  тұсаукесері.  Тақырыптық  слайд  -  шоу.  Ертегілер,  тақпақтар,  өлеңдерді 

электрондық түрде ала алады. Ата – аналармен бұл жұмыс тіл мәдениетін, сауат ашу, 

айналамен  таныстыруды  жетілдіруге  көмегін  тигізуде.  Мереке  ойын  –  сауықтарда 

«Сүйінші», «Шашу», «Бесікке салу», «Тұсау кесер» салт – дәстүрлерді сахналандырып 

көрсетілді. Бұл ұйымдастырылған шаралар әр отбасында қазақтың салт – дәстүрін, әдет 

ғұрыпынрухани  қуат  мемлекетіміздің  келешегі  ретінде  бағалай  білуіне 



жұмылдырылған.  Жоғарыда  аталған  жұмыстардың  барлығы  бүгінгі  күні  біздің 

мекемемізде кеңінен қолданылды. Әрине бүгінгі таңда бұл жұмыстар өз нәтижелерін 

беруде.  Осыдан  бірнеше  жыл  бұрынғы  ата  –  аналар  үшін  балалардың  уақытылы 

тамақтануы, қаралуы ғана маңызды болса, бүгінгі ата – аналар үшін аталған шарттармен 

қатар баланың сапалы білім мен саналы тәрбиемен қамтамасыз етілуі де аса маңызды. 

Сондықтан ата – аналар қауымын мекеме жұмысымен таныстырудың бірден – бір жолы 

оларды  мекеме  жұмысына  ,  яғни  бала  тәрбиесіне  белсендіре  араластыру  болып 

табылады.  Ал  ол  үшін  ата  –  аналарды  мекемеде  жасалып  жатқан  жұмыстарға 

қызықтыра білуі қажет. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға бірдей білім 

беру стандартына сүйене отырып, мектеп жасына дейінгі балаларға жан – жақты тәрбие 

беру мен дамыту мәселесін балабақша жоспарлы түде шешеді, отбасына педагогикалық 

көмек бере отырып белгілі бір жетістіктерге жетеді. Олай болса бүгінде ата – анамен 

балабақша  бірлесе  отырып,  балаларды  оқу  мен  тәрбиеге  баулуда  жаңа  заманның 

тұлғасы  етіп  тәрбиелеп  шығару  үшін  отбасымен  балабақша  бірлесе  отырып  ат 

салысудамыз. 

 

Ата-аналарға педагогикалық сауаттылықтарын жетілдіру мақсатында 



«Білгім келеді» сабағын өткізуге болады. 

«Бала тілі - бал» тақырыбында арнайы топ газетін шығарып балалардың қызықты 

сәттері мен өз қиялдарынан шыққан тәтті сөздерін жазып іліп қою. 



«Жылжымалы папка» ана-аналармен байланыс дәптеріне ата-аналар өз пікірлерін 

жазып, кеңестерімен таныстыруға болады. 



«Бала  өсіп  келеді...»  тақырыбында  эссе  байқауын  өткізіп  пікр  сайыч 

ұйымдастырып, талқылауға болады. 

 


 

480 


 

 

Ата-анамен  балабақша  арасындағы  тығыз  қарым-қатынас,  бірлік,  ынтымақ 



жарасым тапқан жағдайда оның бала тәрбиесіне тигізетін ықпалы да нәтижелі болмақ. 

Біздің мақсатымыз ХХІ ғасыр талабына сай жаңашыл, шығармашыл, мәдениетті, жан-

жақты сауатты жеке тұлға тәрбиелеу. 

 

Әдебиеттер тізімі: 



М.М.Мұқанов, «Жас және педагогикалық психология» ( Алматы 1982ж) 

Ү.Тұрғынтаева,  «Халық  даналығы-адамгерішілік  тәрбие  құралы.  Отбасы  және 

балабақша» (2001ж) 



Ә.Табылдиев, «Халық педагогикасы және тәрбие» (1990ж) 

М.Т.Баймұқанова,  «Отбасымен  әлеуметтік  педагогикалық  жұмыс»    (Астана 

2005ж) 


 

 

ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА ДАМУ МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ 



ОҚУШЫЛАРДЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ- ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ 

 

Жексенова Б.О. 



Қарағанды «Болашақ» маңызды білім беру колледжінің оқытушысы 

 

Қазіргі  таңда  барлық  әлем  жұртшылығының  назарын  аударып  отырған  мәселе 



балалардың  жеке  сұраныстары  мен  ерекшеліктеріне  ортаның,  отбасының  қатысуымен 

білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын инклюзивті білім беру. Инклюзив сөзі − 

латын  тілінен  аударғанда  «өзімді  қосқанда»,  ал,  ағылшын  тілінен  аударғанда 

«араластырамын»  деген  мағынаны  білдіреді.  Инклюзивті  білім  берудің  мақсаты:  даму 

мүмкіндігі  шектеулі  балаларды  қалыпты  балалармен  бірге  білім  беру.  Яғни  адамның 

жынысына,  дініне, шығу  тегіне қарамастан  тең  құқылы жеке  тұлға  ретінде білім  беру 

жүйесі  болып  табылады.  Инклюзивті  білім  беру  –  мүмкіндігі  шектеулі  балаларды 


 

481 


 

оқытып-үйретудің бір формасы. Инклюзивті оқыту негізінде балалар құқығын кемсітпеу, 

барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге ерекше оқыту 

қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр. Тәжірибе 

көрсеткендей, қатаң білім беру жүйесінен балалардың бір бөлігі шығып қалады, өйткені 

қалыптасқан  жүйе мұндай  балалардың  даралық қажеттілігін  қанағаттандыра  алмайды. 

Инклюзивті бағыт мұндай балаларды оқуда жетістікке  жетуге ықпал етіп, жақсы өмір 

сүру  мүмкіншілігін  қалыптастырады. Инклюзивті  оқыту  –  барлық балаларға  мектепке 

дейінгі оқу ұйымдарында, ұйым өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді. Инклюзивті 

оқыту  –  балалардың  тең  құқығын  анықтайды  және  ұжым  іс-  әрекетіне  қатысуға 

мүмкіндік  береді.  Инклюзивті  оқыту  –  адамдармен  қарым-қатынасына  қажетті 

қабілеттілікті  дамытуға  мүмкіндік  береді.  Инклюзивті  оқытудың  негізгі  принциптері: 

Адам  құндылығы  оның  мүмкіндігіне  қарай  қабілеттілігімен,  жеткен  жетістіктерімен 

анықталады.  Әрбір  адам  сезуге  және  ойлауға  қабілетті.  Әрбір  адам  қарым-қатынасқа 

құқылы. Барлық адам бір-біріне қажет. Білім шынайы қарым-қатынас шеңберінде жүзеге 

асады. Барлық адамдар құрбы- құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді. Әрбір 

бала  үшін  жетістікке  жету  –  өзінің  мүмкіндігіне  қарай  орындай  алатын  әрекетін  жүзе 

асыру. Жан-жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді. Инклюзивті оқыту – барлық 

балалардың  мұқтаждықтарын  ескеретін,  ерекше  қажеттіліктері  бар  балалардың  білім 

алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісінің дамуы. Инклюзивті оқыту балаларды оқу 

үрдісіндегі  қажеттіліктерін  қанағаттандырып,  оқыту  мен  сабақ  берудің  жаңа  бағытын 

өңдеуге  талпынады.  Егер  инклюзивті  оқытудың  оқыту  мен  сабақ  беруге  енгізілген 

өзгерістері  тиімді  болса,  онда  ерекше  қажеттіліктері  бар  балалардың  жағдайлары  да 

өзгереді.  Онда  ППҚ  қызметінің  барлық  бағыттарына  жетекшілік  ететін  қызмет 

координаторы,  мұғалім-дефектолог,  логопед,  психолог,  әлеуметтік  педагог,  медицина 

қызметкерлері  жұмыс  атқарады.  Яғни,  психикалық  дамуы  тежелген  баланы 

психологиялық-педагогикалық  қолдау  ППҚ  қызметінің  тиісті  мамандарымен  жүзеге 

асырылады.  Психологиялық-  педагогикалық  қолдау  (ППҚ)  көрсету  қызметінің  әр 

маманы  өз  бағыттары  бойынша  жұмыс  істейді.  Бұл  біріккен  ППҚ  қызметінің  басты 

мақсаты  –  мүмкіндігі  шектеулі  балаға  психологиялық-педагогикалық  қолдау  көрсету. 

Соның  ішінен  мұғалім-дефектологтың  психикалық  дамуы  тежелген  балаға 

психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуі мынадай бағыттарда іске асырылады: 

I. Диагностикалық бағыт:  

- баланы алғашқы дефектологиялық тексеру 

-баланың  психикалық  дамуының  динамикасын  жүйелі  түрде  кезең  бойына 

бақылау  

-баланың  даму  деңгейіне  әсер  еткен  әдіс-тәсілдер  мен  таңдалған  бағдарламаның 

тиімділігін анықтау  

-оқушының  жеке  ерекшіліктерін,  танымдық  қызметін,  ерік-жігер  саласын, 

отбасындағы тәрбиелік жағдайдың даму ерекшеліктерін зерттеу  

-  жалпы  білім  беретін  мектептің  бағдарламасын  меңгерудің  деңгейін  анықтау  

-компенсаторлық мүмкіндіктерді іздеп табу  

-баламен  жұмыстың  бағыттарын  айқындау  мен  бала  дамуындағы  ауытқулардың 

алдын алу. 



 

482 


 

        Сонымен  диагностика  мынадай  міндеттерді  шешуге  бағытталады:  Баланы 

алғашқы  тексеру.  Оның  мақсаты:  баланың  жақын  даму  аймағы  мен  актуалды  даму 

аймағын,  оқу  барысындағы  қиыншылықтардың  себептері  мен  механизмдерін 

анықтау.Диагностикалық  зерттеу  жұмысы  қыркүйек  айы  бойы  жүргізілді.  Бұл 

диагностиканың  қорытындысы  дефектологиялық  тексеру  хаттамасында,  балаға 

дефектологиялық анықтама бергенде тіркеледі. 

      Мүмкіндігі  шектеулі  балалармен  жүргізілетін  психологиялық  жұмыс  түрлері. 

Білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасында 

«Балалардың  мектепке  дейінгі  сапалы  тәрбие  және  оқыту  мен  толық  қамтылуын, 

олардың  мектепке  дейінгі  тәрбие  және  оқыту  бағдарламаларына  теңдей  қол  жеткізуін 

және  «инклюзивті  білім  беру  жүйесін  жетілдіруін»  қамтамасыз  ету  көзделген.  Қазіргі 

уақытта дамуында ақаулары бар балалар саны артып отыр.Оларды оқыту кеңейіп,түзетіп 

қолдау технологиялары жетілдірілуде. Білім беру жүйесінде даму мүмкіндігі шектеулі 

балаларға  айырықша  орын  бөлінген.  Бұл  балаларға  қатысты  біздің  алдымызда  тұрған 

негізгі  міндет-олардың  әлеуметтік  ақталуы  мен  биімделуіне,  қоғамдағы  толыққанды 

өмірге дайындалуына жағдай жасау және көмек көрсету. Қ.Р Президентінің 07.12.2010 

жылғы  №1118  Жарлығымен  бекітілген  білім  беруді  дамытудың  Мемлекеттік 

бағдарламасы  инклюзивті  білім  беру  жүйесін  жетілдіруді  қарастырады.  Мүмкіндігі 

шектеулі балаларды жалпыға білім беру ортасына қарай бейімдеу 2002жылдан басталды. 

Сол  жылы  Қазақстан  ТМД  елдерінің  арасында  алғаш  рет  «Мүмкіндігі  шектеулі 

балаларды  әлеуметтік  және  медика-педагогикалық  тұрғыдан  қолдау»туралы  заңы 

қабылдады.Осы заң аясында жарымжан балаларға ерте бастан білім беру мәселесіне мән 

берілген.  Оларды  білім  беру  ,әлеуметтік,  медициналық  тұрғыда  қамтамасыз  ету 

қарастырылған. Инклюзивті  білім беру  –мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы білім 

беретін  мектептерде  тең  жағдайда  бірдей  білім  алуына  қолжетімділігін  ұйымдастыру. 

Мәселен  арбамен  қозғалатын  балалар  үшін  мектептерде  арнайы  панустар  өзге  де 

мүмкіндіктер  қарастырылуы  керек.Бұл  индикаторлар  2011-2015жылдарға  арналған 

стратегиялық 

жоспарда 

да 

талап 


етілген.  

Инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару 

,барлық  адамдарға  деген  теңдік  қатынасты  қамтамасыз  ету,сонымен  бірге  оқытудың 

ерекше қажеттігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру.Тәжірибе көрсеткеніндей 

қатаң білім беру жүйесінен балалардың бір бөлігі шығып қалады,өйткені қалыптасқан 

жүйе  мұндай  балалардың  даралық  қажеттілігін  қанағаттандыра  алмайды.  Инклюзивті 

бағыт  мұндай  балаларды  оқуда  жетістікке  жетуге  ықпал  етіп  ,жақсы  өмір  сүру 

мүмкіншілігін қалыптастырады. 

Инклюзивті  білім  беруді  ұйымдастыру  үшін  қандай  арнайы  жағдайлар  қажет  

* Ең алдымен ,даму мүмкіндігі шектелген балалармен жұмыс жасай алатын мамандар 

даярлау. 

*Екіншіден архитектуралық кедергілерді жою. 

* Білім мекемелерін арнайы тұтқалармен ,парталармен,үстелдермен және басқа да 

компенсаторлық  құралдармен  жабдықтауды  ,көтергіш  қондырғылар,пандустар,санита 

рлық бөлмелердің арнайы қондырғыларын орнататын іс-шаралар кешенін бастау қажет. 

Қазақстан  Республикасындағы  білім  беруді  дамытудың  2011-2020жылдарға  арналған 

мемлекеттік  бағдарламасында  инклюзивті  білім  беруді  жетілдіру  мақсатында 


 

483 


 

төмендегідей  мәселелерді  қарастрады.  2015  жылға  қарай  аталған  міндетті  шешу  үшін 

қажетті  нормативтік  база  құрылады.  Инклюзивті  білім  беру  шеңберінде  жалпы  және 

арнайы білім берудің өзара әрекетінің тетігі әзірленеді,  мүмкіндігі шектеулі балаларды 

біріктіріп  оқытудың  модульдік  бағдарламалары  әзірленеді,  мүгедек  балаларға 

қашықтықтан  білім  беруді  ұйымдастырудың  тәртібі  әзірленеді.  Осы  жұмыстардың 

барлығы  да  Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»,  «Бала  құқықтары  туралы», 

«Кемтар  балаларды  әлеуметтік  және  медициналық  –педагогикалық  түзету  арқылы 

қолдау туралы» Заңдарын және Ережелерді басшылыққа алады. Инклюзивті білім беру 

ерекше  балаға  білім  беру  саясатының  бір  түрі  болып  табылады.  2015  жылға  дейінгі 

инклюзивтік  білім  берумен  мүмкіндігі  шектеулі  балалардың  25  пайызын  қамту 

көзделсе,инклюзивтік білім беруге жағдай жасаған мектеп үлесі 30%-ға жету керек.Бұл 

мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы білім беретін мектепке дені сау балалармен қатар 

білім 


алуына 

жағдай 


жасайды. 

         Білім берудің бұл түрінде мүмкіндігі шектеулі баланың өз-өзіне сенімі артады, ол 

маңайындағылардың тарапынан өзіне қолдау бар екенін сезінеді,бұл баланың өзін-өзіне 

бағалай  білуіне,қоршаған  ортасына  сүйіспеншілікпен  қарауына,өзін  қоғамның 

толыққанды  мүшесі  сезінуіне  жол  ашады.Оқытудың  бұл  түрі  арқылы  мүмкіндігі 

шектеулі  бала  өз  қабілетіне  сай  ата-анасынан  алшақтамай,яғни  арнайы  мектеп-

интернаттарда  тұрып  оқуға  мәжбүр  болмай,тұрғылықты  жерде  білім  алады.Қоғаммен 

біте  қайнасып,әлеуметтік  жағынан  бейімделеді.Ата-анасы  да  баласының  дамуы  мен 

тәрбиесіне белсене қатысып,жеткіншек алдында жауакершіліктері артады. 

1.Адам 


құндылығы 

оның 


мүмкіндігіне 

қарай 


қабілетілігімен,жеткен 

жетістіктерімен 

анықталады.  

2.Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті. 

3.Әрбір адам қарым-қатынасқа құқылы. 

4.Барлық адам бір-біріне қажет. 

5.Білім 

шынайы 


қарым-қатынас 

шеңберінде 

жүзеге 

асады. 


6.Барлық  адамдар  құрбы-құрдастарының  қолдауы  мен  достығын  қажет  етеді. 

7.Әрбір оқушы үшін жетістікке жету-өзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін 

жүзеге асыру. 

8.Жан-жақтылық адам өмірінің даму аясында кеңейтеді. 

       Инклюзивті оқытуды ашқан мектептерде оқыған балалар адам құқығы туралы 

білім алуға мүмкіншілік алады,өйткені олар бір-бірімен қарым-қатынас жасауға,таным-

білуге,  қабылдауға  үйренеді.  ХХ  ғасырдың  басында  неміс  педагог-дефектологы 

П.Шуманның  «Бала  кемістігнің  даму  деңгейі  неғұрлым  төмен  болса,  соғұрлым 

мұғалімнің білім деңгейі жоғары болу керек» деген асыл сөзінен даму екенін ұғынамыз. 

Дамуында әр түрлі кемшіліктері бар балаларды арнайы оқытуға деген сұраныс, әсіресе 

олардың  танымдық  процестерін  психологиялық  жағынан  зерттеу  қазіргі  таңда  өзекті 

мәселе 


болып 

отыр. 


Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс ерекшелігі  Мақсаты:жеке тұлғаның әлеметтік 

өзіндік  танымға  қабілеттілігі  және  оның  бағытталуы,  қызығушылығының  қалыптасуы 

мен дамуы,оқыту іс-әрекетіндегі негізігі білімділік және біліктілік дағдыларын үйрену 

үшін жағдай жасау. 



 

484 


 

Міндеттері: 

1.Сәйкес  келетін  деңгейіне  психофизилогиялық  мүмкіндігін  дамыту:артикулярлық 

аппаратын,фонематикалық  есту  қабілеті,қолының  ұсақ  бұлшық  еттерінің  дамуы,көру-

моторлық қозғалыс т.б. 

2.Мектеп  жағдайына  тез  бейімделуге  қажет  әлеуметтік-адамгершілік  жағымды 

мінез-құлық қалыптастыру. 

3.Оқуға қызығушылығын дамыту. 

4.Жеке тұлғалық ерекшеліктерін дамыту (оқу белсенділігі,өз бетімен жұмыс істеу 

т.б.) арқылы оқудағы негізгі қиындықтарды жою. 

5.Жалпы  интеллектуалдық  жас  ерекшелігіне  қарай  дамыту  (салыстыру  қарым-

қатынас, практикалық топ, ойлау т.б.) 

6.Жалпы даму деңгейін көтеру және жеке дамуындағы ауыртпашылықты түзету. 

7.Өз жасына сәйкес баланың жалпы дамуына және біліктілік дағдыларын нығайту үшін 

жағымды әлеуметтік орта қалыптастыру. 

Күтілетін нәтиже: 

-психофизиолгиялық мүмкіндігі дамиды. 

-оқудағы негізігі қиындықтары жойылады. 

-Әлеуметтік-адамгершілік қасиеттері дамиды,жағымды мінез-құлық қалыптасады. 

Психологиялық 

диагоностикада 

таным 


процестерін 

зерттеу,қарым-қатынас 

диогностикасы,мінез-құлық 

ерекшеліктерін 

зерттеу 

жұмыстары 

жүргізіледі. 

Психологиялық дамыту және түзету жұмысында таным процестерін дамыту және түзету, 

мотивациялық және эмоциялық аясын дамыту және түзету,қарым-қатынас аясын түзету 

және дамыту бағытындағы жұмыстар жүгізіледі. 

Психологиялық  кеңес  беру  бағытында  баланың  дамуындағы  ата-ананың  көмегі, 

дау-жанжал жағдайындағы мінез-құлқы және оны басу әдісі, баламен жағымды қарым-

қатынасқа  жету  жолы  туралы  ата-аналарға  кеңес,  жадынамалар  беріледі. 

Психологиялық  ағарту  бағытында  мұндай  балаларды  қалай  тәрбиелеу,қалай  қарым-

қатынас 

жасау 


керектігі 

туралы 


әңгіме,дәріс,жадынама,тренинг,тақырыптық 

баяндамалар арқылы ата-аналарға психологиялық білім беріледі. 

Әр бағытқа жеке-жеке тоқталар болсақ,педагог-психгологтің жинақ қоржынында 

баланы  псхологиялық-диогностикалық  тексеруге  арналған  құралдар,логикалық 

ойлауға,зейінгі  және  есте  сақтауға  арналған  әр  түрлі  әдістемелік  құрал-жұмыстары 

сатылы 


жүргізіледі. 

Зерттеу  барысында  психолог  зерттеу  хаттамасын  жүргізіп,тіркеп  отырады: 

 Берілген тапсырманы түсінуі және оны орындау деңгейі; 



 Балаға көрсетілген көмек пен оның білімділік дәрежесі; 

 Өз бетімен қателіктерін түзете алуы; 



 Үлкендермен қарым-қатынас ерекшелігі; 

 Тапсырманы орындауға қарым-қатынасы



 Тапсырманы орындаудағы белсенділігі. 

Мысалы,мүмкіндігі  шектеулі  балалардың  зейін  қасиеттерін  зеттеу  үшін  зейіннің 

көлемін,  ауысуын,шоғырлануын,тұрақтылығын  зерттеу  әдістемелерін  қолдануға 

болады.Бұған  сынып  жеткешісінің  немесе  пән  мұғалімдерінің  көмегін  пайдалануға 


 

485 


 

болады. 


Есте  сақтауын  зерттеу  үшін  «фигура  ларды  есте  сақта  ,»  «10  сөз»,  «  Сан  қатары»  т.б. 

әдістемелерді, ойлау процесін зерттеу үшін «Артығын тап», «Қандай фигура жетіспейді» 

т.б. әдістемелерді қолдануға болады. 

Психологиялық  түзету-бұл  баланың  жеке  тұлғалық  дамуында  ,оқу  барысында 

қандай  да  бір  ауытқушылықтар  ,психологилық  қиыншылықтарды  түзетіп  ,дамытуға 

арналған жұмыс жүйесі болып табылады. 

Психологиялық  түзету-бұл  баланың  жеке  тұлғалық  психикалық  дамуында,  оқу 

барысында  білігі  мен  дағдысында  қандай  да  бір  ауытқушылықтар,  психологиялық 

қиыншылықтарды  түзетіп,  дамытуға  арналған  жұмыс  жүйесі  болып  табылады  Әр 

психолог  үйден  оқитын  балаға  барғанда  біріншіден  баланың  көңіл-күйіне  қарап, 

динамикалық  бақылау  күнделігін  жүргізіп  отырады.  Баланы  мектепшілік  іс-шараға 

қатыстырады  немесе  көрермен  ретінде  көруге  шақырады.  Екіншіден,  баланың  үйіне 

барғанда  ата-анасымен  сөйлеседі,  пікірлеседі,  кеңес  беріп  отырады.  Психологиялық 

кеңес  беру  жұмыстары  ата-аналарға,  пән  мұғалімдеріне,  оқушылардың  өздеріне  жеке 

жүргізіледі. Ата-аналарға жиналыстарда топтық кеңес беру,әр баланың үйіне барғанда, 

мектепке шақырып жеке кеңес беру жүзеге асса,пән мұғалімдеріне кеңес беру жұмысы 

педагогикалық  кеңесте,  әдістемелік  кеңесте,педагогикалық  консилиум  барысында 

жүргізіледі.  Мысалы  сыныптың  мұғалімдеріне  арналған  кеңес-жадынамалар:  -

оқушының  мүмкіндігіне  және  жұмыс  істеу  темпі  мен  жылдамдығына  сәйкес  келетін 

тапсырмалар жинағын беру;  

-баланың жеке және даму мүмкіндіктерін есепке алу; 

-баланың  динамикалық  (шаршау,  қозу  т.б.)  өзгерістерінің  пайда  болуына 

байланысты жұмыс жетекшілігінің тактикасын өзгертіп отыру; 

-сабақта  жетісікке  әкелетін,  жалпы  нәтиже  беретін,топтық  және  жеке  жұмыс 

әдістемесін 

қолдану; 

-сабақ арасында сергітетін жеңіл физикалық жаттығулар немесе босаңсу жаттығуларын 

жасау; 


-оқыту  үрдісіне  ойын,жарыс  элементтерін,  дидактикалық  ойындарды  пайдалану; 

-оқушы  өзінің  мықты  жақтарын  көрсете  алатын  табыстылық  жағдайларын  туғызу; 

-баланың  кез  келген  жетістігі  мен  өз  бетіндік  жұмысын  мадақтап,  көтермелеп  отыру; 

-балаға  қойылатын  талаптардың  біресе  көтеріліп,біресе  төмендеуінен  аулақ  болу; 

-өте  белсенді  (гиперактивті)  балалардың  күшін  пайдалы  жаққа  қолдану  (тақта  сүрту, 

дәптерді жинау т.б.) 

-жақсы тәртібі мен оқудағы жетістігін көтермелеп, балаға мадақтау сөздерін айту; 

-психолог  маман  бірге  отырып,балалардың  сынып,мектеп  өміріне  бейімделуіне,оқу 

дағдыларына,қарым-қатынас  жасау  дағдыларына  тәрбиелеу,  әлеуметтік  орта  туралы 

түсініктерін  қалыптастыру.  Келесі  жұмыс  бағыты  бұл-психологиялық  алдын  алу  мен 

ағарту  жұмыстары.  Әрбір  сынып  бөлмесінде,  мектеп  дәлізінде,    сынып  бөлмелерінде, 

ата-аналарға арналған бұрыштарда ата-аналарға арналған ағартушылық материалдар мен 

кеңестер  үнемі  жаңартылып  отырады.  Мектеп  психологінің  мүмкіндігі  шектеулі 

балалармен  жұмысының  негізгі  педагогикалық  консилиумда  көрінеді.  Жалпы  және 

арнаулы  (түзету)  білім  беру  мекемелерінің  психологиялық-дәрігерлік-педагогикалық 

консилиум  жағдайлары  негізінде  мектепте  мектеп  директорының  бұйрығымен 



 

486 


 

психологиялық-дәрігерлік-педагогикалық  консилиум  құрылады.  Консилиум  құрамына 

мектеп  директоры,оқу  ісі  мегерушісі,  психолог,  әлеуметтік  педагог,  медбике,  сынып 

жетекшісі,  сынып мұғалімі, тәрбиешісі, және оқыту мұғалімі қатысады. Консилиумға әр 

маман 

өз 


зерттеулері 

мен 


ұсыныстарын 

жазып, 


даярлап 

келеді. 


1. Педагогикалық қорытынды (сынып жетекшісі) 

2. Психологиялық қорытынды (педагог-психолог) 

3. Медициналық қорытынды (медбике) 

4. Әлеуметтік педагог қорытындысы  

5. Логопедиялық қорытындысы (логопед). 

Бұған  қосымша  балалардың  жұмыс  дәптерлері,бала  дамуын  бақылау 

күнделігі,сабақ үлгерімін тіркеу журналдары әкелінеді. 

         Қорыта келгенде, ең бастысы кемтар балаларға деген қоғамның көзқарасын, 

пікірін  өзгерту  керек,  олар  үшін  кедергісіз  орта  қалыптастыру  қажет  және  мүмкіндігі 

шектеулі баламен бір сыныпта отырған дені сау бала әлдеқайда мейірімді, қайырымды 

болып өсетінін халықаралық тәжірибе көрсетіп отыр.Енді сол тәжірбиенің біздің елімізде 

де  қанат  жайып,өркендеуіне  педагогтар  қауымы  зор  үлес  қосуы  қажет  деп  ойлаймын. 

Мүмкіндігі  шектеулі  балалардың  сыртқы  ортамен  қарым-қатынасқа  түсіп,  өзін 

әлеуметтік ортада жеке тұлға санап,олардың тағдырын ел болып реттейтін уақыт келді. 

«Бала  тағдыры-ел  тағдыры»  деп  қарап,  ұрпақтың  өмірге  келген  сәтінен  бастап,  тәлім-

тәрбиені бойларына сіңіріп, мүмкіндігі шектеулі баелалардың әлеуметтік өмірге даярлап, 

еліміздің дамуына өз үлесін қоса алатын азамат тәрбиелейтін кез келді. Қорыта айтқанда, 

бала  −  ата-ана  −  педагог,  отбасы  және  білім  беретін  ұйымдар  арасындағы 

сабақтастықтың  ойдағыдай  жүзеге  асуы  тұлғаның  әлеуметтік  бейімделуінің  алғы 

шарттарының бірі болмақ. Біз, балалар үшін бала өз әрекетінің қатысы мен керектігін 

сезінетіндей  жағдай  жасауымыз  керек.  Мемлекетіміздің  әрбір  азаматы  –  ұлттық 

құндылықтарымыз, әр баласы еліміздің ертеңі екенін ескерсек әрбір мүмкіндігі шектеулі 

балалардың  сапалы  білім  алып,  азамат  болып  қалыптасуына  жағдай  жасау  біздің 

міндетіміз.  Инклюзивті  оқыту  –  мүмкіндігі  шектеулі  балалардың  тең  құқығын 

анықтайды  және  ұжым  іс-әрекетіне  қатысуға,  адамдармен  қарым-қатынасына  қажетті 

қабілеттілікті  дамытуға  мүмкіндік  береді.  Осы  бағытты  білім  беру  жүйесіне  енгізу 

арқылы  балаларды  адамгершілікке,  ізгілікке,  қайырымдылыққа  тәрбиелей  аламыз. 

Сонымен  қоса,  инклюзивті  оқыту  үрдісі  балаларды  толеранттылыққа  тәрбиелеудің 

бастауы болмақ.  

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР  



1.  Қазақстан  Республикасындағы  Білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға 

арналған мемлекеттік бағдарламасы. Астана. 2010 ж. 2. «ӨРЛЕУ» БАҰО» АҚ филиалы 

«Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру 

институты»  //  Инклюзивтік  білім  беру  жағдайында  мектеп  жасына  дейінгі  мүмкіндігі 

шектеулі  балаларды  әлеуметтендіру.  3.  Саламанская  декларация  и  рамки  действий  по 

образованию  лиц  с  особыми  потребностями,  принятые  Всемирной  конференцией  по 

образованию лиц с особыми потребностями: доступ и качество, Саламанка, Испания, 7-

10 июня 1994 года. 4. Грозная Н.С. Инклюзивное образование за рубежом. От мечты к 

реальности // Синдром Дауна XXI век. 2011. №1. С.34–41. 5. Қазақстандағы инклюзивті 


 

487 


 

білім // egov.kz мемлекеттік порталы. 6. Р.Б. Каримова «Основные проблемы и задачи 

инклюзивного образования в РК» // Журнал «Открытая школа». 7. Мухина В. С. Детская 

психология.  –  М.,  1985.  8.  Ахмедалиева,  Д.  У.  Мүмкіндіктері  шектеулі  балалармен 

жұмысты ұйымдастыру // Әлеуметтік педагог. - 2010.-№1. - . 15-17б. 9. Алферова Г. В. 

Новые  подходы  к  коррекционно-развивающей  работе  с  детьми  с  ограниченными 

возможностями здоровья. Дефектология – 2008- №3. 10. Г.Б.Алипкалиева «Инклюзивтік 

білім  беру  жағдайында  мектеп  жасына  дейінгі  мүмкіндігі  шектеулі  балаларды 

әлеуметтендіру».  11.  Инклюзивті  білім  беру  жағдайында  даму  мүмкіндігі  шектеулі 

оқушыларды  психологиялық-педагогикалық  қолдау  қызметінің  ұйымдастырылуы  // 

«Открытая школа» журналы. № 7(128) 09. 2013ж 

 

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕДЕ ҮШТІЛДІКТІ ДАМЫТУ 

 

Алмуратова Ақтоты Абуталифовна, Сәкен Қызғалдақ Асхатқызы 



Ғылыми жетекші: Жексенова Бибинур Омарбаевна 

Қарағанды «Болашақ» маңызды білім беру колледжі 

 

Тіл  –  халықтың  ең  негізгі  байлығы.  Қазір  заман  талабына  сай  үш  тұғырлы  тіл 



саясатын бәріміз де қолдаймыз. Жас ұрпақ үш тілді білу керек. 

«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» – деген даналық сөзді.Сонымен қатар 

қазіргі  уақытта  көп    тіл  білу  –  байлық.  Әсіресе,  өркениетті  еліміздің  дамуына  үлес 

қосқымыз келсе, көп тілді игерген азаматтарға қарап  қуанатынымыз да белгілі. 

Үш  тілде  оқыту  –  заман  талабы.  Негізгі  мақсаты:  бірнеше  тілді  меңгерген, 

әлеуметтік  және  кәсіптік  анықтауға  қабілетті  мәдениетті  тұлғаны  дамыту  және 

қалыптастыру. 

Үштілдік 

туралы 


Қазақстан 

Республикасының 

Президенті 

Н.Ә.Назарбаев  білім  және  ғылым  саласы  қызметкерлерінің  III  съезінде  сөйлеген 

сөзінде: «Ағылшын тілінің қажеттілігі әлемге тән қажеттілік, бүгінгі күн талабы. Ал 

орыс тілін жақсы білу – біздің байлығымыз» десе, 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа 

Қазақстан» атты Жолдауында: «Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын 

жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі-мемлекеттік тіл, орыс тілі-

ұлтаралық  қатынас  тілі  және  ағылшын  тілі-жаһандық  экономикаға  ойдағыдай  кірігу 

тілі» деген болатын. 

Қазақ,  орыс,  ағылшын  тілдерін  меңгеру  адамның  жеке  және  кәсіби  қызметінің 

қазіргі  қоғамның  ажырамас  компоненті  болып  отыр.  Осының  өзі  үлкен  көлемде 

адамдардың практикалық және кәсіби тұрғыда көп тілді меңгеру қажеттілігін тудыруда. 

Мектепке дейінгі жастан бастап баланың болашақ тұлға өз елінің азаматы ретінде 

негізі қаланады. Ұстаздардың алдында тұрған басты мақсаттардың бірі – Отанға, туған 

елге, туған жерге, өз халқына деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу. 

 Қазақ тілі - әлеуметтік, рухани адамгершілік, эстетикалық тәрбиенің қайнар көзі 

балалардың мүмкіншіліктерінің даму барысында қазақ тілінің оқыту мен тәлім – тәрбие 

берудегі рөлі күннен күнге арта түсуде.  Басқа ұлт өкілдерінің балаларын қазақ тілінде 

сөздерді, сөйлемдерді, диалог , монолог үлгілерін механикалық қайталай беру жолымен 

емес, жалпы белсенді түрде сөйлеу арқылы үйрету керек. 


 

488 


 

 Біздің  балабақшамызда  балаларға  мемлекеттік  тілді  меңгерту  үшін  барлық 

жағдайлар  жасалынған.  Қазақ  тілі  кабинеті  қажетті  жабдықтармен,  бұрыштар  мен 

көрнекіліктермен безендірілген. 

Мәселе:    Заман  талабы  екі  тілде  сөйлеудегі  одан  әрі  орнықтыру,  қазақ  тілін 

үйренгісі  келетін  басқа  ұлт  өкілдеріне  мемлекеттік  тілді  меңгерту,  сол  сияқты 

балабақшаларда қазақ тілін оқытудың сапасын жақсартудың міндеттері қойылады. 

 Қазіргі таңда мектепке дейінгі орыс тілді балаларының қазақ тілінде сонимдарды, 

толықтауыштарды  және  бейнеленген  суретті  талдауды  қолданылуына  өте  сирек 

кездеседі. Балалардың сөздік қорында  көптеген мәселелер бар. 

Орыс тілді балалардың қазақ тілінде сөздік қоры аз

Сөздің дыбыстық құрамын дұрыс айта алмауы; 

Қойған сұрақты түсінбеу, қазақша дұрыс жауап бере алмауы; 

Үйренген сөздерді пайдаланып сөйлемді дұрыс құрастыра алмауы; 

Жай, жайылма сөйлемдерді құрастырыра алмауы; 

Байланыстырып сөйлеуге, (4-5 сөйлемдік) әңгіме құрастыра алмайды

Қазақ ертегілерін, тақтақтарды, жұмбақтарды, жаңылтпаштарды тыңдап түсінуге 

жаттап алмауы; 

Өз  ойыншықтары,  отбасы,  киімдері  т.б.  туралы  бір-  біріне  сұрақ  қойып,  жауап 

беруге білмеуі.  

Сондықтан, мектепке дейінгі орыс тілді балалардың сөздік қорын дамытуына есер 

етуі - өте қиын іс. Сөйлеу тілін, өз ойын, әңгімелеуді            грамматикалық құрылымда 

дұрыс меңгертіп,ойын – тапсыралар орындау арқылы  жаттықтырып отыру керек. Осы 

уақытта  балалардың  ақпараты  аса  түсуінің  ескере  отырып,  оқу  процессі  олар  үшін 

қызықты, дамытушы және жаттықтырушы болуын қадағалау. 

Өзімнің  жұмысымда  балаларды  қазақ  тілінде  байланыстырып  сөйлеуді  дамыту 

үшін мнемоника немесемнемокестені қолданғанды жөн көрдім. 

Мнемокесте – есте сақтау қабілетін жеңілдететін және қосымша ассоциацияларды 

құраумен есте сақтау көлемін кеңейтетін әр түрлі тәсілдердің жүйесі. 

Әдістеменің  ерекшелігі–  затардың  бейнесін  емес,  ал  олардлы  есте  сақтау  үшін 

таңбаларды  қолдану.  Бұл  балаларға  сөзді  таңдау  мен  оны  есте  сақтауды  біршама 

жеңілдетеді. Таңбалар тілдік материалға максималды жақындатылған.  2- ші сәбилер 

және естияр топтарының балалрына таңбалар түрлі түсті болуы тиіс, өйткені түстерді 

балалар тез қабылдап есте сақтауға мүмкіндік береді. 

Мнемокесте  бойынша жұмыс істеу әдісі 

 Тілдің  жалпы  жетілмеуі  балалардың  байланыстырып  сөйлеу  тілін  дамыту  үшін 

Мнемокестені мына бағыттар үшін қолданамын: 

Сөздік қорларын байыту; 

Сөйлем, әңгіме құрастыру; 

Әңгімені құрастыру; 

Жұмбақтарды жасыру және жауабын табу

Тақпақтарды жаттау. 

Мнемокесте және мнеможолдармен қалай жұмыс істеу керек. 


 

489 


 

 Мнемокестенің  дидактикалық  материалы  белгілі  бір  ақпарат  жасырылған 

сызбалар болып табылады. Мнемокестемен жұмыс істеу тәсілдерін меңгеру оқытудың 

уақытын біршама азайтып, сонымен бірге мынадай міндеттерді шешеді: 

 -Басты психикалық үрдістерді – есте сақтау, зейін, бейнелі ойлауды дамыту; 

 -Ақпаратты қайта кодтау, яғни абстрактылы таңбаларды бейнелерге қайта құру; 

Мнемокесте бойынша жұмыс жүргізу кезеңдері: 

Кестені қарастыру және бейнеленген суреттерді талқылау. 

Жалпы  символдардан  бейнелерді  жаңғырту,  мысалы:  Үй  –  шатыр,  қоян  –  ұзын 

құлақтар т.б. 

Қайта кодтаудан кейін құрастырған символдар бейнелер бойыша әңгімені, ертегіні, 

тақтақтарды мазмұндап беру. 

Сонымен қатар, мнемокестені қолдану арқылы тапсырмаларды балалардың білім 

деңгейіне байланысты құрастыру. 

Педагогтық әдеп және ұстаздық шеберлік 

Семинар тақырыбы: 

Педагогтық әдеп және ұстаздық шеберлік. 

 Мақсаты: оқу – тәрбие жұмыс барысында оқытушылар мен білімгерлер арасында 

адамгершілікпен әдептілікке тәрбиелеу әдіс – тәсілдерін үйрету. 

Өткізу формасы: 

 Интерактивті 

әдіс 


– 

тәсілдер.Талдауға 

ұсынатын 

педагогикалық 

сұрақтар.Педогогикалық жағдаяттар. Іскерлік ойындар. 

 Мұғалім тек өз пәнінен сабақ беріп қана қоймауы керек, сонымен қатар тәрбиеші 

және адал, әділетті,шыншыл адам болуға тиіс. 

К.Д.Ушинский 

Педагогикалық сұрақтар: 

 1.Әдеп дегеніміз не? 

 2.Педагогтық әдеп және оны меңгеру жолдары 

 3.Сіз білімгерлермен әңгімелесесіз бе? 

 4.Әдептен озбайық 

 5.Педагогтық  талантты қалай түсінесіз? 

 6.Педагогтық  шеберлік неден басталады? 

 7.Шәкіртсіз ұстаз тұл. 

 Әдеп – белгілі бір халықтың қалыптасқан этикалық тәртібі. 

 Педагогикалық  әдеп  –  оқытушының  аса  бағалы  педагогтық    қасиеті,  бұл  қасиет 

оған  педагогикалық  әсер  ету  құралдарын  қолданған  кезде  өз  эмоцияларын  білдіру 

шамасын  көрсетеді,  ең  алдымен  білімгерлердің  психологиясын  терең  біліп,  түсінуге 

негізделеді. 

 Мұғалім сахнадағы актёр сияқты әрқашан көз алдында жүреді. 

 Қарым  –  қатынас  тұрғысынан  педагогтық  әдеп  мұғалімнің  жан  –  жақтылығын,  

идеялық  сенімінің,  жүріс  –  тұрыс  мәдениетінің,  арнаулы  білімінің,  мамандығына 

байланысты  ізденіс  жемістерінің  қоры,  яғни  ақыл  –  ойының  көрінісі.  Әр  бір 

оқытушының  дара  ерекшеліктеріне  бағынбастан  педагогты  әдепті  дамытуға  септігін 

тигізетін  жекелеген  психологиялық  және  педагогикалық  бірнеше  жайыттарды  бөліп 

көрсетуге болады. 



 

490 


 

Байқағыштық. Байқағыш мұғалім шәкірттерінің ішкі әлеміне терең үңіліп көңіл 

 жақсы көрем.Ол өзі қалай жақсы түсіндірсе солай тыңдай біледі.” 

Сенім Педагогтық әдеп білімгерлерге сенім арта білу қабілетінде қамтиды. Сенім 

арту  тәлім  -тәрбие  жұмысы  принціптерінің  бірі  болып  есептеледі.Білімгерлерді  өз 

шамалары мен мүмкіншіліктеріне деген сапалы сенімге тәрбиелеу яғни сенімін қолдап 

күшейту отыру керек.Сенім дегеніміз істеген істің көрінісі. 

Әділдік Әділ мұғалімнің – оқушылар кейбір ресімшілдігін тіпті жаман қасиеттерін 

де  кешіре  алады.  Әділ  болғанмен  бірге  әдебі  мол  көңілі  жайдарлы  болса,беделді 

болады.Тек  әділ  қарап  қоймай  сонымен  бірге  өз  ісінің  дұрыстығына  сендіре  білуі 

керекӘділетсіздік болған жағдайда көңілдері қалып, аралары салқындай түседі. 

 Шамалы уақыт ішінде білімгер екірет сабаққа дайындықсыз келді.Ұстаз: сен еш 

нәрсегеде қабілетті емессін т.б. 

 Мұнда  әдеп  мәселесіне  әділетсіздікке жол  берді. Әділдік көбінесе бақылау,  тест 

т.б. жұмыстарында орын алып жатады. Себебі бір – бірінен көшіру жағдайлары болады. 

Сондықтан 

 бағаның дұрыс болғаны қажет кей жағдайда қателік болады. Сол кезде не істеуге 

болады? 


Төзім және сабыр сақтау Қиын жағдайда ұзтазға ықпал ететін жақсы тәсіл сабыр 

мен төзімділік. Ашу үстінде ешқандай шешім қабылдауға болмайды әр – бір баланың 

жас шамасына денсаулық ерекшеліктеріне ерекше мән беру қажет. 

 Педагогтық  әдеп  адаммен  бірге  туатын  нәрсе  емес,  ол  жүре  бара  пайда  болады 

яғни бұл ұзтаздың тұрақты творчествасы. 

 Өзін –өзі ұстай білушілік қасиеттер ұстаздың белсенді  құралы  болуы  керек. Жас 

мұғалімдер  кейде  ыңғайсыз  жағдайда  қалады  .Ондай  жағдайда  асығыс  шешім 

қабылдамау үшін: “мен сенімен жеке әнгімелесем, сабақтан соң қал т.б.” 

Педагогтық  талант  .  “Талант”  деген  сөздің  мағынасы  шексіз  кез  –келген  адамға 

шынайы  көмек  көрсетсе  және  ол  өз  тарапынан  ынта  ықылас  білдіріп  беріле  жұмыс 

істесе нағыз шебер бола алады. 

 күйлерін  қабақтарынан  әр  –  қайсысының  мінез  құлық  ерекшеліктерімен  санаса 

біледі. Мұның бәрі олардың тілін табуға, сезімдері мен ойларына 

 өзіндей қуанып,күйініп қабылдауына мүмкіндік береді. 

Соңғы партада білімгер сізді тыңдамай      терезеге қарап ойланып қалған делік. Сіз 

не істер едіңіз? 

 Ұқыпты сабақты жақсы оқитын қыз бала бірінші рет үй тапсырмасын орындамай 

келді.Сіз … 

Ілтипаттылық Дауыс қөтеру, жазықсыз жазғыру, әділ қойылмаған баға, өтініштер 

жүрдім- бардым тындасада оқушылардың көңіліне келеді Сондықтан өзіне назар аудару 

үшін  әдейі  тәртіп  бұзуы  мүмкін,  қандайда  болмасын  оқытушылар  тарапынан 

білімгерлерге ілтипат болмаса араларында түсінбестік болады. 

 Білімгерлерден  алынған  сауалнамалардан  мынадай  жауаптар  көп  болды 

“Әнгімелескенде сені жан тәнімен тыңдайды, оны сол үшін 

 Мұғалім  шеберлігі  дегеніміз  өз  пәнін,  оқыту  методикасын,    инновацилық  жаңа 

техналогияларды  терең  меңгерген,  саяси  сауатты,  идея    жағынан  сенімді,  мәдениеті  

жоғары, жапсарлас ғылымдарының деректерін, күнделікті ақпараттарды, әдебиет пен 


 

491 


 

өнерді  жақсы  меңгерген,  педагогтық  әдепті  және    педагогтық  техниканы  сақтауын 

айтамыз. 

 Педагогикалық  техникаға  дауысты  ұстай  білу  өнері,  сыңай  білдіру,  көз  тастау 

өнері т.б.Сонымен бірге эстетика жағынан көрікті яғни киімі,тазалығы т.б. 

 Қорыта  келгенде  ұлы  гуманист  Ибн  Синаның  адам  бойынан  мынандай 

қасиеттердің  болуын  оқу  тәрбиеден  іздейді.  Бұл  оның  ағартушылық  көзқарасын 

танытады. 

         Адалдық,ақылдылық,адамшылық, 

        Қайырымдық, мейірімді жанашырлық. 

       Тәрбие, оқу,сана – білімдарлық 

       Үшеуі ұлағатқа жол ашарлық. 

 

Пайдаланған әдебиет 



1.

 

Америка  ғалымының  көзқарасы.  Идея  триединства  языков  в  Казахстане 



правильна  и  будет  способствовать  развитию  страны.  //  Казинформ.  -15  мамыр.  — 

2008жыл. 

2.

 

Кузьмин  С.  С.,  Шадрин  Н.  Л.  Русско-английский  словарь  пословиц  и 



поговорок. – М.: Русский язык, 1989. 

3.

 



Колпакчи М. А. Дружеские встречи с английским языком. — Ленинград, 1978. 

4.

 



Тен Т. Трудности перевода. //«Карав» газеті. 

5.

 



Президенттің  Қазақстан  халқына  жолдауы  «Жаңа  әлемдегі  жаңа  Қазақстан». 

Астана, 28 сәуір. — 2007 жыл. 

6.

 

Қалиев Ж., Мальцев В.С., Очаковская З.Н.. English – Ағылшын тілі. «Мектеп» 



баспасы, 1981. 

 

 

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛРДА ЖҮРГІЗІЛЕТІН КОРРЕКЦИЯЛЫҚ 

ЖҰМЫСТАР 

 

Алмуратова.А. А, Орал.Н. Ә 



Ғылыми жетекші: Жексенова.Б.О, Жамангарина М.А. 

Қарағанды болашақ маңызды білім беру колледжі 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет